Пұсырманов Нұрбек Серікұлы



жүктеу 40.39 Kb.

Дата03.03.2017
өлшемі40.39 Kb.

 

 



Пұсырманов Нұрбек Серікұлы 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,  

Саясаттану мамандығының 1 курс магистранты 

 

 



«Мемлекеттік тіл – мемлекеттің негізі» 

 

          Қоғам  дамуы  ілгері  дамыған  сайын  мән  бермей  келе  жатқан  мәселелер 



іріленіп, күрделене түседі. Бұл мемлекеттің дамуына тежеу болып табылады. Осы 

тұрғыда  мемлекеттің  басты  міндеттерін  ескерсек,  Ата  заңымыздың  тиянақты 

орындалуын  қамту  мен  ел  бірлігін,  тыныштығын  қамтамасыз  ету.  Осы  орайда 

елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «біз  барлық  қазақстандықтарды  біріктірудің  негізгі 

факторы  бүкіл  қазақтың  ана тілі  болып табылатын  – мемлекеттік  тілдің  әрі  қарай 

дамуына  бар  күш  жігерімізді  жұмсауымыз  керек»,  -  деген  сөзі  орынды  айтылған 



[1].  Бүгінде  міне,  азаттықты  аңсап,  талай  ел  үшін  жан  берген  тәуелсіздік  үшін 

күрескен ата-бабаларымыз бен батырларымыздың, билеріміз бен даналарымыздың, 

ағартушылар  мен  ұлт  зиялыларының,  қоғам  қайраткерлері  мен  жас  желтоқсан 

жастарының армандары орындалғанына 20 жыл толғалы отыр. Осы жылдар ішінде 

еліміз талай тар жол тайғақ кешуден өтіп, біршама белестерді бағындырып, сыртқы 

саясатта  да  өз  орнын  анықтауда.  Сыртқы  саясаттың  ішкі  саясатқа  белгілі  бір 

ықпалын  тигізетіндігін  ескерсек,  ішкі  саясаттың  да  сыртқы  саясатқа  да  өз  әсерін 

байқатады.  Мәселен,  сыртқы  елдерде  жүрген  Қазақстан  азаматтары  еліміздің 

ұлттық рухы мен мәдениетіміздің айғағы болады. Алайда бұл жердегі ұлттық рух 

пен  мәдениеттің  тілмен  астасып  жатқандығын  ескермеске  болмайды.  Еліміздегі 

«мәдени-мұра»  бағдарламасының  жүзеге  асырылғандығының  өзі  осының  дәлелі. 

Мұның  өзі  тілімізді  сәлде  болса  ілгерілетті.  Бұнымен  тіл  мәселесі  шешімін  таба 

қоймайды. Мемлекеттік тілге байланысты түрлі шаралар ұйымдастырып, жиындар 

жаса да бұның барлығы ұлттық рухты көтеруі. 

           Сонымен,  елімізде  мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілінің  мемлекеттік  деңгейде 

шынайы  қолданылмауы,  тек  белгілі  бір  деңгейде  сақталуы,  сөйлеу 

мәдениеттілігінің  жоғары  деңгейде  болмауы,  ауызекі  сөйлеудің  толық  дерлік 

мемлекеттік тілге көше қоймауы ұлттық намысымызды арттыра түседі.  

       «Ана тіліміз – бізді ғасырдан ғасырға, заманнан заманға аман жеткізген бірден-

бір  барымызда,  нарымызда»  [2,  37б]  ,  -  деген  елбасының  салиқалы  сөзінің  жаны 

бар.  Ұзақ  жылдар  бойы,  тіпті  ғасырлар  бойы  бодандықтың  ащы  дәмін 

араластырғанның  өзінде,      тоталитарлық  жүйенің  қыспағында  қатаң  бақылауда 

ұстап  әліпбиімізді  (алфавит)  бірнеше  мәрте  өзгертсе  де  халқымыз  мұрат  еткен 

жолдан  таймай  тілінен  адасқан  жоқ.  Бұның  барлығы  елім  деп  еңіреген  ерлердің 

ерлік  ұмтылмас  істері.    Бүгінде,  бабалар  ізін  абыроймен  жалғастырған  ұлы 

тұлғаларымыздың бірі ортамызда бар, бірі жоқ. Осы таудау ұлы тұлғаларымыздың 

ұлы істеріне бас ие отырып, Елбасының еліміздің болашағы жастардың қолында!, - 

дегені  ұлылықпен  айтылған  сөзі  жастардың  бойына  күш-қуат  бергендей.  Елдің 

ертеңі  мына  жастар  мен  біздер.  Бүгінде  жастар  саяси  сауаттанып,  қоғамдық 

шараларда  белсенділік  танытуда.  Алайда  елім  деп  тұрған  ерлерді  елейтінде  ел 

керек. Осындан шығатын қорытынды еліміздегі барлық істің бастауын – мемлекет 

жоғарыдан бастауы тиіс.  



 

 



            Қазақстандықтардың  ертеңгісі  мен  бүгінін  айқындайтын,  тамырын 

түбегейлі  жайып  оның  мықты  болуына  ықпал  ететін  тіл  жағдайының  түзелуіне 

баяу  қадам  жасалып  жатыр.  Туған  жерімнің  тілін  білемін,  оны  меңгеремін  деген 

өзге  ұлттар  арасында  да  бауырласымыз  аз  емес.  Қазіргі  уақытта  жаһандану 

заманында  дамуға  бағыт  алған  Қазақстан  халықтарын  біріктіріп  жатқан 

мемлекеттік тіл екендігі белгілі.  Бірақ оның әрі қарай жалғасы болу үшін, барлық 

мекемелерде  іс-қағаздары  мемлекеттік  тілде  толық  жүргізіліп,  бұл  жұмыстың 

тұрақтылығы  мемлекеттік  деңгейде  қатаң  қадағаланып  отыруы  тиіс.    Осы  тіл 

туралы  заңымызда  «мемлекеттік  тіл  –  мемлекеттің  бүкіл  аумағында  қоғамдық 

қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, 

сот ісін жүргізу және іс-қағаздарын жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың 

аса  маңызды  факторы  болып  табылатын  мемлекеттік  тілді  меңгеру  –  Қазақстан 

Республикасы  әрбір  азаматының  парызы.  Үкімет,  өзге  де  мемлекеттік,  жергілікті 

өкілді және атқарушы органдар мемлекеттік тілімізді дамытуға міндетті» [3]

          «ХХ  ғасыр  басында  Ә.Бөкейхановта  «бұл  болып  тұрған  заман  Алаштың 

азаматына  зор  жүк.  Бізде  бірлік  болып,  іс  қыла  білетін  шебер  табылса,  Алаштың 

баласы бақыт-махаббат жолына түсті. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс  бере-бере 

жүретін  алдымызда  зор  шарттар  бар!  Осыны  аңғар  жұртым  қазақ»,  -  деп  ұрпақ 

жауапкершілігі  мәселесін  көтерді  [4,  96б].  Бүгінде  жауапкершілік  мәселесі  халық 

қолдап сайлаған халық қалаулыларына жүктеледі. Осы тұрғыда Парламентті алып 

қарасақ  ел  заңында  ерекшеліп  көрсеткен  қазақ  тілі  –  мемлекеттік  тіл  дей  отыра, 

келесі тармағына орыс тілі қарым-қатынас тілі және тең дәрежеде қолданылады, - 

деп  [5,  7б]  көрсетілгенін  көре  тұра  ешқандай  іс  жасамауы  халықтың  еңсесін 

түсіретіні  белгілі.  Бұл  іс  оң  шешімін  тапса,  Парламенттің  кәсібилігін  арттыруда, 

атына  сай  кәсіби  Парламентің  қалыптасу  жолында  үлкен  бастама  болып 

табылатыны белгілі. 

           Елбасы  2020  жылға  дейінгі  елді  дамыту  стратегиялық  тұжырымдамасында 

көрсетілген  мемлекеттік  тілді  дамыту  және  2020  жылға  қарай  еліміздің  80 

пайызына жуығы қазақ тілінде сөйлеуі керек деуі қуантарлық жағдай болғанымен, 

кәсіби  Парламент  депутаттарының  кейбіреулері  мемлекеттік  тілде  шортақтанып, 

қазақша өтетін шаралардан қалыс қалуы, үлкен сын болып табылады. Міне, бүгінде 

кәсіби  Парламенттің  кәсібилігін  арттыру  үшін,  алдымен  мемлекеттік  тілде  еркін 

сөйлейтін елім дейтін жандарды көбейту керек. Осының 

 негізінде мынадай мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру жөнінде ұсыныстар бар: 

1.

 

Парламент  депутаттарын  қайта  мемлекеттік  тілде  тестілеу  мен  еркін  ашық  түрде 



мемлекеттік тілде сұхбаттасу керек және оған БАҚ қатынастыру арқылы халық пен 

билік арасындағы байланысты да күшейте аламыз. 

2.

 

Мемлекеттік  тілге  құрмет  –  бұл  елге  құрмет!  Осыны  әр  халық  қалаулылары  өз 



ұстанымдары етіп алулары керек. Қай ортада болмасын мемлекеттік тілде сөйлесе 

сол  ортада  оны  қолдайтын  халықта  ашық  және  жанама  түрде  байланысқа  түсіп, 

оған деген сенім де нығая түсері анық.  

           Жаман айтпай жақсы жоқ дейді атам қазақ осы тұрғыны ескеріп, мемлекеттік 

тілді  менгерсе,  еліміздің  алдына  қойған  аса  ұлы  мақсаттар  қиындықсыз 

орындалады деп сенейік.  

            2007  жылы  ата  заңымызға  өзгертулер  мен  толықтырулар  енгізгеннен  кейін 

еліміз Президенттік басқарудан президенттік-парламенттік басқаруға бейімделуде. 

Осы тұрғыда кәсіби Парламентімізге де артылар жүк те көбейе түседі. 


 

 



           Халық  үміт  артқан  халық  қалаулыларының  жүрегі  қашанда  халқым  деп 

соғып  тұруы  керек.  Жылаған  халықты  жанымен,  ұсыныстарын  айтқандарды 

құлағымен,  көрсетуге  ұмтылған  қадамдарын  көзімен  көрсе  кәсіби  Парламентіміз 

тез қалыптасады және кәсібилігін көрсете алады деген ойдамын. 

           Тағы  бір  мәселе,  қазіргі  таңда  өзге  тілдегі  кітаптарды  қазақ  тіліне  аударуда 

түсініксіз  сөйлемдер,  сәтсіз  аудармалар  жиі  кездеседі.  Бүгінде  іс-қағаздарды 

мемлекеттік тілге көшіруін бастағынымен аудармалары да көңілге қонымсыз.  Бұл 

тұрғыда  М.Әуезовтың  «қазақ  тілі  біртұтас,  қазақта  диалект  жоқ.  ...  тіл  жүйесі, 

сөйлем  құрылысы  жаңарады»  [6],-  дегенді  кейбіреулер  дұрыс  түсінбеу  жүр  ме 

екен?  Сонымен  қатар  қала  тұрғындарының  мемлекеттік  тілді  қажет  етпеуі 

күнделікті  көз  алдымызда айқын  байқалады. Ауылдан шығып, ана тілінің  уызына 

жарыған азаматтар орысша оқып жетіліп, қалада тұрақтанғаннан кейін туған тілін 

тұрмыстық қажетті деңгейде ғана қолдануы қынжылта түседі.  

          Қазірде Ресей мемлекетінің орыс тілді халықтарды қолдаймыз деп жар салып 

жатқандығын  ескерсек,  жаһандану  заманында  бабалар  жолынан  таймай, 

тәуелсіздігімізді нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруда мемлекеттік тіл 

– қазақ тілінің, ана тіліміздің алар орны өте зор. Тіліміз – өткен мен бүгінді, бүгінгі 

мен ертеңгіні байланыстыратын ең басты фактор. Осы арқылы біз өзіміздің ұлттық 

рухымыз бен мәдениетімізді келер ұрпаққа абыроймен биік деңгейде жеткізсек, елі 

үшін қызмет ететін ерлеріміз көбейе түсетіні анық.  

           Қорыта  келгенде,  кезінде  С.Садуақасұлының  мына  сөзі  уақыттан  озып  дәл 

айтылған:  «Билік  басына  бірер  төренің  отырғанынан  қазаққа  теңдік  табылмайды. 

Қай мәселені болсын ақылмен жұмыла істеу керек. Қазақ тілін кенсе тілі жасау – 

әлгі  бірер  төренің  қолынан  келетін  іс  емес,  сауатты  алаш  баласының  намысына 

байлаулы іс». Осының негізінде, жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қашанда қай 

мәселеде болмасын  бірлікпен  жұмыла  қимылдасақ,  біз  бағындырмайтын  белестер 

болмас құрметті алаш жұрты! 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған деректер: 

 

1. 


«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі 

бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы». Елбасының 2006 

жылғы Қазақстан халқына жолдауы. 

2. 


Назарбаев Н.Ә. «Туған елім – тірегім», - Алматы:Рауан, 2001, 37б. 

3. 


ҚР  тіл  туралы  заңы Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  11  шiлдедегi  N  151 

заңы. 


4. 

Нұрымбетова Г.Р. «Қазақстан халқының саяси қатынасуы, - Алматы, 2005, 96 бет. 

5. 

Қазақстан Республикасының Конституциясы, - Астана: Елорда, 2009. 



6. 

Тіл саясаты: тағылым мен тәжірибе, - Алматы:Арда, 2006 






©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал