Косметикалық жақпа майлар. Оларды теріні жұмсарту, қоректендіру, пигментті дақты
кетіру, емдеу немесе шаштарды түсіру үшін қолданылады.
3.
Емдік жақпа майлар (немесе медициналық). Бұл жақпа майлардың маңызды тобы.
Терінің зақымдалған жеріне, кілегей қабатқа бағытталған түрде жергілікті, локальды әсер
көрсетеді (күкірт, мырыш, ксероформ жағар майлары). Резорбтивті әсер көрсететін жағар
майлар (резорбция – сіңу) теріге немесе кілегей қабаттың терең қабаттарына өтіп, қан
тамырларға немесе лимфаға жетіп, бүкіл ағзаға немесе жеке мүшелерге әсер көрсетеді.
Құрамында витаминді, гормонды және тағы басқа да препараттар бар, теріні қоректендіру
үшін қолданылатын жағар майларды осы топқа жатқызуға болады.
Қолданылатын жері бойынша емдік жақпа майлардың жіктелуі: 1) Жақпа майлардың өзі (Unguenta dermatologica) дерматологиялық жағар майлар.
2) Мұрынға арналған жақпа майлар – Unguenta nasalis және Unguenta rinalis.
3) Көзге арналған жақпа майлар – Unguenta ophthalmica.
4) Вагиналды – Unguenta vaginalis.
5) Уретралды – Unguenta urethralis.
6) Ректалды – Unguenta rectalis.
Технологиялық жіктелуі. Жақпа майлардағы дәрілік заттардың дисперстік дәрежесі
заттардың негізде таралуын көрсетеді. Осыған байланысты жақпа майлар:
1. Гомогенді жақпа майлар. Гомогенді жақпа майларда дәрілік затпен негіз
арасында фаза аралық бөліну болмайды. Мұндай жақпа майларда дәрілік заттар,
негізде молекулалық немесе мицеллярлық дисперске дейін жеткізілген, ерітінді
түрінде таралады.
Гомегенді жақпа майлар алынуы бойынша:
ерітінді жақпа майлар;
балқыма жақпа майлар;
экстракциялық жақпа майлар болып жіктеледі.
2. Гетерогенді жақпа майлар. Гетерогенді жақпа майларда дәрілік зат пен негіз