Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар



бет30/38
Дата25.09.2024
өлшемі154,73 Kb.
#145635
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38
Байланысты:
Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойыла-emirsaba.org

Медициналық аэрозольдер негізінен ингаляциялық қолдануға арналған бір немесе
бірнеше дәрілік заттардың аэрозолі болып келеді.
Ерітінділер аэрозольдерін өндіру бірнеше сатыдан тұрады: белсенді компонент
(концентрат) ерітіндісін дайындау, оны ерімейтін қоспалардан босату,аэрозоль
баллондарына буып-түю,герметизациялау,баллондарды пропеллентпен толтыру, олардың
беріктігі мен герметикалығын тексеру, стандарттау,кейіннен тасымалдау үшін қаптаманы
ресімдеу.
Қазіргі кезде жаңа аэрозольді қаптамалар шығару мәселесі кең ауқымды болып келеді.
Негізінен 4 бағытты бөлеміз:
- Құрамында фтор жоқ пропеленттермен кәдімгі аэрозольді баллондар шығару;
- Екі камералы баллондар;
- Сорғы типті механикалық шашыратқышы бар қаптамалар;
- Сығылатын полимерлік және басқа баллондар.
Аэрозольді қаптаманың болашақтағы мүмкін альтернативасы микронасосы бар тара
болып табылады. Жалпы, жаңа қаптамалардың барлығына тән ортақ кемшілік – қажетті
ішкі қысымды қамтамасыз ете алмауы. Технологиясын жетілдіре келе, бұндай
қаптамалардың болашағы үлкен болмақ.

20. Дәрілік заттар өндірісінде пайдаланылатын қосалқы заттар. Жіктелуі. Талаптар. 

Қосалқы заттар-дәрілік препараттарды өндіру, дайындау процесі кезінде оларға қажетті
физика-химиялық қасиеттер беру үшін пайдаланылатын Бейорганикалық немесе
органикалық текті заттар.Барлық қосалқы заттар жіктеледі: шығу тегі, химиялық
құрылымы және дәрілік формалардың физика-химиялық сипаттамалары мен
фармакокинетикасына әсеріне байланысты.
Көмекші заттардың жіктелуі: 
Шығу тегі бойынша: 



1) Табиғи.Органикалық (көмірсулар-крахмал, Сағыз, алгинаттар; ақуыздар - желатин,


коллаген; майлар - өсімдік майлары, шошқа майы);
2) Бейорганикалық (бентониттер, тальк, аэросил);
3) Синтетикалық және жартылай синтетикалық (модификацияланған крахмал,
полиакрилаттар, ПВП, ПЭГ).
Химиялық құрылымы бойынша: 
1) Мономерлер;
2) Полимерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет