Птл теория Дәрілік қалыптар. Жіктелуі. Дәрілік қалыптарға қойылатын жалпы талаптар


Гетерогенді жақпа майлар мына төмендегідей болып жіктеледі



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,95 Mb.
#85281
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Гетерогенді жақпа майлар мына төмендегідей болып жіктеледі: 

суспензиялық; 

эмульциялық; 

аралас. 
Негіздердің жіктелуі олардың химиялық табиғатына негізделген, ол жіктелулер 
мыналар: 

гидрофобты (липофильді); 

гидрофильді; 

гидрофобты – гидрофильді (дифильді); 
Негіздерге қойылатын талаптар: 

жұмсақ консистенциялылығы (оны теріге және клегейлі қабаттарға жағуға қолайлы 
болуы); 

физикалық-химиялық тұрақтылығы (олардың дәрілік заттармен 
әрекеттеспейтіндігі, сыртқы факторлардың, яғни ауа, жарық, ылғалдылық, 
температура әсерінен өзгермейтіндігі); 

фармакологиялық индифферренттілігі және биологиялық қауіпсіздігі 
(аллергиялық, тітіркендіргіштік және сенсибилизациялық әсерінің жоқтығы ); 

нейтралды болуы (терінің рН мәнінің бастапқы деңгейінде сақталуы); 

сақтау кезіндегі және микроорганизмдерге тұрақтылығы (микроорганизмдердің 
қатысуы, қабынған терінің қайта қабынуына және дәрілік заттардың 
белсенділігінің төмендеуіне немесе консистенциясын өзгертеді, яғни осыған жол 
бермеу ) 

жағылған жерден оңай кетуі (киімнен, теріден, әсіресе шаштың бөліктерінен оңай 
жуылуы); 

қолданылатын мақсатына сәйкестігі (беттік әсер ететін жақпа майлардың негіздері 
дәрілік заттардың терең сіңірілуіне кедергі болуы керек, ал резорбтивті жағар 
майлардың негіздері керісінше терең сіңірілуін қамтамасыз етуі керек); 

арзан және тиімді болуы; 

жақсы тауарлық түрінің болуы. 
Жақпа майларға қойылатын талаптар:
Біркелкі таралуы, фармакологиялық әсерді қамтамасыз ету, жұмсақ консистенция, сақтау 
тұрақтылығы, дәрілік зат пен қосымша заттардың үйлесімділігі, микробтық ластанудың 
болмауы, экономды болуы, тауар түрі тартымды болуы, ұзақ қолданудан кейін 
токсикалық және аллергиялық белгілердің болмауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет