5. Екінші Пуни соғысы, себептері, салдары. Екінші Пуни соғысы (б.э. дейінгі 218—201 жылдары) өзінің көлемі, пәрмені және тарихи маңыз жағынан ежелгі дүниенің ең ірі соғыстарының бірі болды. Мұның сылтауы Иберияда, Ибер өзенінің оңтүстігін ала, теңіз маңына орналасқан Сагунт қаласымен байланысты оқиғалар болды. Сагунт Риммен одақ шарт жасады. Б. э. дейінгі 219 жылы Карфаген Ибериясының жаңа бас командашысы Ганнибал Саунтте қоршап, басып алады да тонайды, ал тұрғындарын құлдыққа сатады. Сагунтты талқандай Римге қозғау салу еді. Рим сенаты Рим халқының одақтастарына зорлық жасағаны үшін Ганнибалды беруді талап етіп Карфагенге елшілік жібереді.
Бас тартқан жағдайда Рим Карфагенге соғыс қаупін төндірмек еді. Ганнибал б. э. дейінгі 218 жылы ерте көктемде армиямен , және көптеген пілдермен Жаңа Қарфагеннен шығып Италияға беттейді. Ол Апеннин түбегінде күтпеген жерден қарфаген әскерлерінің пайда болуымен Рим конфедерацияеын ыдыратуды Ііздеді. Солтүстік Италияның галлдары оған көмек көрсетуге уәде берді.
Ганибал Родан (қазіргі Рона) өзеніне таяп келгенде Римге одақтас Массилияға (қазіргі Марсель) рим қолбасшысы Сциион келеді. Карфагендер ұрысты жалғастыруға ұйғарды. Олар өзен ағысынан жоғары қарай көтерілді де, өздеріне бөгет жасауға ұмтылған галлдарды талқандап, басты күштерін Роданның сол жақ жағасына өткізіп әкетеді. Рим консулы дұшпанның ізіне түсуден бас тартады. Ол эскадраның бір бөлігін Иберияға жіберді, мұнда жеткілікті көп әскерге Ганнибалдың туысы Гасдрубал басшы етіп, өзі Италияға беттейді. Ганнибал Родан арқылы кешіп өткен соң шығысқа қарай бұрылып Альпі арқылы өзінің атақты 33 күндік асуын бастайды. Полибий, Карфаген армиясына жаумен де, қолайсыз жер жайларымен де бір мезетте күресуге тура келді, деп жазды. Әскерлер таулықтардың күтпеген жерден шабуыл жасауына ұшырай отырып, тар тік соқпақ жолдармен жүріп отырды
Дхалиядағы алғашқы ұрыстарда карфагендер рим консулдар армияларын жеңіп шығады. Бұардың ең маңыздылары Солтүстік Италиядағы Требия өзені (Падус құйылысы) жанындағы ұрыс болды, мұнда Сципион мен Семпроний жеңіліске ұшырады.
Б. э. дейінгі 217 жылы консулға плебстің талап етуі бойынша батыл қимылдарды жақтаушы, халықтың сүйіктісі Гай Фламииий сайланады. Рим әскерлері солтүстіктен оңтүстікке қарай Ганнибалдың жолын торып Этруриядағы Арреций қаласы түбіне бекінеді. Алайда Ганнибал әскерлерімен римдіктер-алынбас позицияларын айналып өте бастайды. Оның әскерлері төрт күн бойы Арнус өзенінің тасуынан пайда болған суға бешесінен батып, өлген жануарлардың өлігі үстіне дем ала отырып, өтуге болмайтын батпақтармен жүріп отырады. Ганнибал көзінен айырылады. Ол мініп келе жатқан піл де өлнді. Б.э. дейінгі 216 жылы Ганнибал Римге соқпастан Апулия өтеді. Ол Карфагенмен байланыс жасап, Италияның оңтүстігі халқының қолдауын алуға үміттенеді. Италияның оңтүстігінде Апулияда, Канны жерінің маңында, Ауфид өзенінің жағасын б. э. дейінгі 216 жылы жазда ежелгі дүние тарихындағы ең маңызды ұрыстардың бірі болады. Рим әскерлерінде 80 мың жаяу 6 мың атты әскер бар еді. Карфагендерде галл отрядтарымен бірге 40 мың жаяу әскерден сәл ғана асатын, бірақ оның есесіне 14 мың салт атты өте тамаша әскері болды. Ганнибал дөңес жағын дұшпанға қаратып, өзінің әскерін жарты ай түрінде шеңбеі сапқа тұрғызады. Оның ортасында сенімсіздеу — иберлер мен галл отрядтары, флангілерінде іріктелген карфаген әскерлер жаяу және атты әскер тұрады. Ганнибал әскерінің майдан линиясы, ортасында римдіктер қалып қойған, жарты ай түрінд иілген болып шықты. Римдіктердің Канны түбінде жеңілуі Римнен самниттердің, лукандардың, бруттилердің аулақтануын тудырды. Солтүстікте Галлдардың көтерілісі етек алды. Ганнибал жағына бай Капуя, Сиракузы шығып кетті. Македония патшасы V Филипп те онымен одақ жасады. Ганнибалға карфагендер де көмектесті: Жиырма бес мың адамнан тұратын әскер Сицилияға келіп түсті.
Дегенмен, Ганнибалдың жағдайы өте ауыр еді. Үлкен территорияда ұсақ соғыс жүргізу, коммуникациялардың ұзын-сонарлылығы, әскерлерді, қажетті адам резервтерін көне материалдық қаражаттарды жедел толықтырып отыруды талап етті. Римдіктер Канны түбіндегі ұрыста көп шығынға ұшырағаннан кейін 17 жастан бастап барлық еркектерді түгелдей әскерге жинауды жариялады. Рим сенаты ақырғы шараға бел байлады: иелерінен құлдарды сатып алып, оларды армияға алды. Бір жауда болса да өлтіргендеріне еркіндік беруге уәде етілді. Римдіктер Фабий Максимнің тактикасын қолдана отырып, дұшпанның күштерін ұсақ қақтығыстармен қалжыратып, ірі шайқастардан қашқалақтады.Соғыстың барысы Рим пайдасына бетбұрыс болды. Рим легиондары Сирекузаны қоршаулады. Сицилияның ірі қаласының қорғанысына данышпан математик, әрі инженер Архимед бас шылық етті. Ол жасаған машиналар қоршаушыларға орасан зор снарядтар мен жебелерді лақтырып, корабльдердің тұмсығына қарпып, оларды тік тұрғызып, төңкеріп тастады. Қажытқан қоршаудан кейін б. э. дейінгі 211 жылы римдіктер Сиракузыны басып алады да, қаланы тонайды. Архимед өлтіріледі.