Пуни соғыстары. Себептер және екінші Пуни соғысының басталуы Екі Пуни соғысының қандай ортақтығы бар?



бет14/14
Дата26.11.2022
өлшемі454,08 Kb.
#52785
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Пуни согысы

Рим империясының құлау тарихы. Рим өкімет орындары агонистиктермен күресте дәрменсіз болды, фискаль чиновниктері салықтарды да жинап ала алмады. Африкадағы халық қозғалыстарының діни идеалогиясы халық бұқарасын қоғамды қайта құрумен байланысты міндеттерді шешуден аулаққа алып кетіп, әлеуметтік наразылыққа төтенше бүлдіргіш күш береді.
Галлиядағы багаудтар қозғалысы басқа сипатта болды. Бұл ІІІ ғасырда басталды да, V ғасырға дейін созылды. Бұл кезде тіпті үлкен жолдарға қауіп-қатер төнді. Багаутардың қаруланған отрядтары рим магистраттарын қуып шығады және онша романданбаған аймақтарда қауымдық ұйымды қалпына келтіріп, өзін-өзі басқару органдарын құрады. Қозғалыстың негізгі күші еркін шаруалар болады, бұған құлдар мен колондар жаппай келіп қосылады. Қауымдық тәртіптерді қайта тудыру жолындағы рим езгісіне қарсы бағытталған қозғалыс сепаратизмдік сипатқаие болады. Көтеріліс Испаниядағы ежелгі иберий қауымдарының қалдықтары сақталған ауданға ауысады.
ІV ғасырдың 60-жылдарында Рим империясының шығыс аймақтарында да тап күресі күшейе түседі. 365 жылы Константинопльде жергілікті Киликий шонжарларының өкілі Прокопий өкіметті тартып алады. Бұл оқиға қала плебінің едәуір бөлігі алтын приискілерінде жұмыс істейтін колондар қатысқан Балкан және Кіші Азия провинцияларындағы кең әлеуметтік қозғалысқа сылтау болып табылды. Қозғалыс өте қаталдыпен басылып тасталды.
ІV ғасырдың екінші жартысында Римде, Константинопльде, Антиохияда, Александрияда және империяның басқа да ірі қалаларында төменгі қала адамдарының толқулары жиі болып тұрды. Қала магистраттарының көбі өз істері жолында от жалында құртылған мүлкі мен өмірін салады. Рим өкімет орындары үшін азық-түлік жетімсіздігінен туған бой көрсетулер зор қауіп тудырды. Қала ұсақ меншігінің қысқаруы және егінші-куриалдардың жұтауы жергілікті рынокқа өнімдердің келіп түсуін азайтты, ал ірі жер иелері, қала шонжарлары мен саудагерлері бағаны шексіз арттыра береді.
Кейініректегі Рим империясындағы тап күресінің ерекшелігі егінші халықтың түрлі категорияларының жақындасуымен шарттасып келетін еркіндер мен құлдардың ынтымақтастығы болып табылды, мұнда қозғаушы күш еркін кіріптарланған қауымдастықтар мен колондар болды. ІV-V ғасырлардағы халық қозғалыстары империя езілген бұқараларының варварларымен одағын және Рим мемлекетінен бөлінуге ұмтылуын көрсетеді. Бұдан басқа, Рим империясының соғыс күштерін елеңдете отырып, олар мұны варварлардың жаулап алуын жеңілдете түсті.
ІV ғасырдың екінші жартысындағы саяси дағдарыс және варварлардың басып енуі. ІV ғасырдың 40-жылдарынан бастап империя ауыр саяси дағдарыс дәуіріне қайтадан аяқ басады. Император тағы өкімет билігі үшін кескілескен күрестің объектісіне айналады. Қосалқы әміршіні тағайындау да әскерлер шешіміне тәуелді етіліп қойылды. Императорлар өзіне сенімсіз болды, бәсекелестер мен узупаторлардан қорықты. Кейбіреулері үрейі ұшып билік жүргізуінің бас кезінде-ақ барлық туысқандарын қырып тастады. Император өкіметінің нашарлауы жөнінде провинциядағы сепартизмдік пиғылдардың өсуі кепіл еді. Император тағына үміткерлер Галлияда, Британияда, Иллирияда жиі шығып тұрды.
Басқарудың бюрократтық жүйесінің бар кемшіліктері ашылып қалды. Сарай маңындағы жауыздықтар жоғары қызмет адамдарының мемлекет мүдделеріне қарсы әрекет жасауына әкеп соқты. әскери бастықтар жеке өз басының даңқына ұмтылып, варварлармен соғысты дербес жүргізуге асығып, ауыр жеңілістерге ұшырап отырды.
Жоғары чиновниктер канцелярияларында қазына ұрлаушылық, парақорлық және билікті асыра пайдаланушылық өркен жасайды. Казначейлер жауынгерлерге жалақы төлеуге арналған орасан көп соманы иемденіп кетті, әрі армия үшін азық-түлік сұрап провинцияларды күйзелтті. Армия көбіне басып алған олжаларымен ризашылық етіп рим провинцияларының жергілікті халқын тонаудан да тайынбайды. Рим армиясында әскери тәртіп құлдырады. Құл иеленушілік моральдың дағдарысы Рим әскерінің адамгершілік бейнесіне әсер етті: «Әркім басқалар туралы ұмытып, өзі туралы ойлады. Балағат ұран орнына жауынгер варвар әндерін салып, жауынгерлер өздерінің қылышынан гөрі анағұрлым ауырырақ кубоктарды іздестірді, саз ыдыстардын ішуді ұят көріп, тек мәрмәр сарайларда ғана тұрғысы келді.».
Кейініректегі Рим империясындағы ішкі қайшылықтардың өсе түсуі, оның сыртқы қауіпті тойтару қабілетін нашарлатты. Парсылар шығыс провинцияларын кедергісіз дерлік тонады. Рейн сыртынан франктер мен алемандар, Дунайдан квадтар мен сарматтар, солтүстік Африкадан маврлар тайпасы шабуыл жасады. ІV ғасырдың екінші жартысында варвар тайпалары әскери белсенділігінің күшейе түсуі алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының интенсивті процессі арқылы түсіндіріледі. Соғыс олжалары ретінде байлықтарды қолға түсіру варвар қоғамының аса маңызды функцияларының біріне айналды, ал тайпа одақтары мен бүтін халық топтарының құралуы олардың саяси консолидациясына жол ашты. Варварлардың басып ену қаупі Рим императорларын үнемі үркітіп, шиеленіс үстінде ұстады.
ІV ғасырдың аяғында бүкіл варвар дүниесі қозғалысқа келді. Империяның ең қауіпті жаулары готтар болды. Азия сахарасының түкпірінен келген гунидардың қысымымен б.э. ІІІ ғасырында Скандинавиядан Солтүстік Қара теңіз маңына қоныс аударған гот герман тайпалары Батысқа лап қойды. Остготтар делінетін гот тайпаларының бір бөлігін гунндар бағындырып алды, басқалары – вестготтар рим императоры Валентаның рұқсаты бойынша Мезия мен Фракияны алады. Бұл әдеттегі әскери жорық емес, бүкіл халықтың қоныс аударуы еді. Готтар күндіз-түні бүтін тобырларымен корабльдермен қайықтарға, ағаштан қашалған діндерге мініп Дунайды кешіп өтті. Корабльдер халыққа лық толып, су жағадан асып, көп халық суға кетті.
Вестготтардың негізгі көпшілігін корольдар сайлайтын атақты рулар, еркіндер, сот және діни функциялары бар әскери бастықтар құрайтын. Олардың дружиналарын римдіктер жалдамалы әскери күш ретінде пайдаланады.
Рим үкіметі вестготтардың жайланып қоныстануына, өздері алым төлеп, қосалқы отрядтарды беріп отыру шартымен мемлекеттік жерлерге варварлардың әдеттегідей қоныстануы ретінде алып қарады. Рим әкімшілігі салықты екілене жинай отырып, араларында аштық басталған варварларға уәде етілген азық-түлікті бермеді. өзінің жағдайын пайдалана отырып, рим әскери бастықтары азық-түліктерді ең жоғарғы нарықпен сатты, готтарға бағалы жихаздарға, құлдарға, тіпті балаларға айырбастады. Гот тарихшысы иордан, кез келген құлды бір кесек нанға немесе 10 фунт сиыр етіне сата берді, содан соң бір жұтым сұрқия шарапқа, бір кесек нанға готтар өзін құлдыққа сатуға мәжбүр болды. Готтардың ашу-ызасы Фритигерн мен Алавива бастаған көтеріліске ұласты. Көтеріліс жасаған готтарға құлдыққа сатылған өздерінің тайпаластары, жергілікті колондар, кен орны жұмысшылары бірден келіп қосылды. Олар бейтаныс жерлерде бастаушылар болды. Жасырын астық қоймаларын көрсетті жергілікті байлар мен олардың құпияларын ашып берді.
Ауыспалы табысты болған бірқатар шайқастардан кейін рим армиясының үздік бөлімімен император Валент көтеріліс жасаушыларға қарсы шығады. 378 жылы Адрианопль жанында ұрыс болады, мұнда рим әскерлері талқандалады, жауынгерлердің негізгі кадрлары, көптеген әскери бастықтар, 35 трибун және император Валенттің өзі қаза табады. Фритигерн варвар тайпаларынан үлкен бірлестіктер құрап алады және көшпелі тайпалар гунндар мен аландарды одаққа тартады. Оның армиясы бүкіл Балкан түбегін алады, Константинопльге тақап келеді. Осы уақытқа қарай герман тайпасы алемандар Галлияға басып кіреді. Император әскери бастық деп жариялаған Феодосий зор стратегиялық маңызы бар және Италияға кіру кілті болып табылатын Иллирияға мекендеуге, кеңшілік жасап готтармен бітіске келуге мәжбүр болады. Ал готтар рим армиясына әскери отрядтар беруге міндетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет