Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет13/107
Дата08.12.2022
өлшемі1,06 Mb.
#55756
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107
Байланысты:
Пунктуациясы

 
36-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен өздеріңізге емлесі таныс емес бірге 
жазылатын он-он бес сөз теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
37-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен о баста идиомалық, фразалық 
тіркестер болғанымен, терминдік, атауыштық мәнге ие болып бірігіп кеткен он-
он бес сөз теріп жазыңыздар, емлесін есте сақтаңыздар. 
 
38-жаттығу. Көркем шығармадан бірге жазылатын күрделі сөздерге мысал 
теріп, кестені толтырыңыздар. 
Бірге жазылатын сөздер 
Мысалы 
Тұлғасы өзгертіліп барып біріккен сөздер 
Еш, әр, кей, бір, қай, әлде сөздерімен біріккен есімдік, үстеу сөздер 
Терминдік мәнге ие болған атаулар 
Екі-үш түбірден құралған аң-құс, жан-жануар, өсімдік т.б. атаулар 
Екінші сыңары аралық, тану, сымақ деген сөздер 
Бірінші сыңары фото, радио, авто, авиа, кино, гидро, агро, инфра, гипер, екінші 
сыңары қазақ сөздері 
Екі-үш сөзден құралған кісі аттары мен географиялық атаулар 
Ұлы, қызы сөздері фамилияны және әкесінің атын білдіретін сөздермен тіркескенде
39-жаттығу. Орфографиялық сөздіктен бірінші сыңары теле, радио, авто, 
аэро, агро, авиа, фото, кино, ультра, инфра, электр сөздерінен жасалған 
біріккен сөздерді теріп, олармен сөйлем құрастырыңыздар.



17 
40-жаттығу. Екі-үш түбірден біріккен он-он бес географиялық атау жазып, 
олармен сөйлем құрастырыңыздар. 
 
41-жаттығу. Төмендегі бірге жазылған балық, ойын, өсімдік атаулары мен 
зоологиялық терминдерді өзара ажыратып, бағанға бөліп көшіріңіздер. 
Сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Ағашшырмауық, алтыбақан, айгүл, айырқұйрық, барыпқаш, ақжапалақ, 
жиырмабір, айғыржуа, айдаршөп, айбалық, алтынқабақ, айнакөз, ақбөкен, 
қақпатас, аққаз, аққоян, айылжуа, ақбидай, ақжалбыз, ақжелек, қарабие, 
ақкелін, ақтерек, арамсояу, бұраңбас, қызқуу, ақтиін, қазандоп, ақкөз, ақсерке, 
қозыжарыс, алажертесер, ақтырна, ақшабақ, ақшағала, алабүйе, арқаржусан, 
арпабас, ащытамыр, аюқурай, балауызағаш, балмұрын, батпақгүл, бөріаяқ, 
доңызот, итжидек, орамалтастамақ, қолтұзақ, алақарға, өгізай, сартұқыш, 
өгізтартыс, бұйраторғай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет