11
Жалғыз саған борыштыдай бар халық,
Топ ішінде ісіп-кеуіп, нарланып,
Кейкиесің қол беруге арланып.
Дегенмен біз сені туған ұлттың
Сатылмайтын қасиеттерін қорғадық.
Көз көп қазір сыртымыздан сын айтар,
Бәйтеректі мазақтаса құмай тал,
Ерден бұрын ел сенімін мұңайтар.
Бірақ бізге өз ұлтыңды өзгеден
Кем сүйесің деп, қанекей, кім айтар? (М.Шаханов)
24-жаттығу. Қ, х әріптері бар сөздердің жазылуын есте сақтаңыздар.
Қош (болыңыз), хош (иіс), хал-ахуал, қал (дақ), бақыт, хабар, рақмет,
ханталапай, рақат, барқыт, дарқан (дала), ақырет, халық, хазірет, қошемет,
дастарқан, тақсыр, хат, уақыт.
Достарыңызбен бөлісу: