Purple Geometric Photo Medical Facebook Cover, копия, копия, копия



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата07.09.2023
өлшемі0,69 Mb.
#106430
1   2   3   4
Байланысты:
Қан кетуді тоқтату әдістері

Артерияны саусақпен басу.
Бұл әдістің артықшылығы - тез арада
қолдануға 
болатындығында, 
ал
кемшілігі оны 10-15 минут ішінде
ғана, яғни қысқа мерзім ішінде
қолдануға болатындығы.
Артерияны 
саусақпен 
басуға
(қысуға) негізгі көрсеткіш сол тиісті
артерия 
бассейнінен 
массивті
артериялық қан кету. Саусақпен
артерияны басу шұғыл жағдайда,
қан 
тоқтатудың 
басқа 
түріне
дайындау кезінде уақыт ұту үшін,
мысалы, қыл бұрау салуға дайындық
кезінде таптырмайтын әдіс.
АРТЕРИЯЛАРДЫҢ ҚЫСЫМ НҮКТЕЛЕРІ


Аяқ-қолды мейлінше бүгу.
Бұл әдіс сенімді емес, дегенмен
жарақаттау дәрежесі аз. Бұл әдіс аяқ-
қол сегменттерінің ірі буындардан
төмен орналасқан жерлерінен қан
кеткенде 
нәтиже 
береді. 
Мысалы,
ұршықьбуынын сан артериясынан қан
кеткенде, тізе буынын аяқ басы мен
балтырдан, иық буынын - қол басы мен
білектен қан кеткенде мейлінше бүгу
керек. Аяқ-қолды жоғары ұстау әдісін
капиллярдан немесе көктамырдан қан
кеткенде 
қолданады. 
Әдіс 
өте
қарапайым.


Қысып таңу.
Бұл әдісті қолдану үшін дәке мен таңғыш материалдар қажет. Қысып таңу әдісі
көктамырлар мен ұсақ қан тамырларынан, әсіресе аяқтың кеңейген
көктамырларынан қан кеткенде таптырмайтын әдіс.
Жараны тығындау (тампонада).
Қуысты жараның ұсақ тамырларынан, капиллярлардан, көктамырдан қан
кеткенде, әсіресе операция кезінде жиі қолданылатын шара.
Қанап тұрған тамырға қысқыш салу.
Негізінен операция кезінде қолданылатын әдіс. Бұл әдіс сенімді, қарапайым,
нәтижелі, сондықтан кең таралған. Бірақ қысқышты ұқыпты және көзбен
бақылап отырып салу керек. Өйткені, қысқыш езулерінің арасына магистралды
қан тамыры немесе нерв түсіп кетуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет