Путеводитель 2015. indd



Pdf көрінісі
бет26/50
Дата06.01.2022
өлшемі1,4 Mb.
#12499
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50
21

 

 

 



Шолақ шалбар, спорт киімдері  (спорт сабақтарынан  басқа уақытта)  және  жағажай  киімдерін, 

слансы киюге тыйым салынады.   

 

 

 



Терминдер сөздігі 

Академиялық күнтізбе – демалыс күндері (демалыстар мен мерекелер) көрсетілген  

оқу жылы барысында оқу және бақылау шараларын өткізу күнтізбесі. 

Білім  алушының  академиялық  рейтінгісі  –   білім  алушылардың  бағдарламалық  материалды 

меңгеру  деңгейінің  сандық  көрсеткіші,  ол  аралық  аттестациялау  (қорытынды  бақылау) 

нәтижесі бойынша жасалады. 

Академиялық  сағат  дәрістік,  тәжірибелік  (семинарлық)  сабақтың  1  байланыс  сағатына  (50 

мин)  немесе  студиялық  сабақтардың  1.5   байланыс  сағатына  (75  мин)  немесе  зертханалық 

және  дене  шынықтыру  сабақтарының  2  байланыс  сағатына  (100  мин),  немесе  тәжірибенің 

барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин)  тең. 

Базалық оқу жоспары – түлек шығарушы кафедра үш блок: жалпы білім беру пәндері, негізгі 

пәндер  бойынша,  даярлау  бағытына  бейімдейтін  пәндерді  таңдау  курстар  тізбесін  енгізіп  

құрастырылған оқу жоспары.  

Жеке  оқу  жоспары  –   студенттің  таңдаған  курстары  ескеріліп  базалық  пәндер  негізінде    

құрастырылған  оқу  жоспары  (әр  оқу  жылына  құрастырылады).  Жеке  оқу  жоспарындағы 

кредиттер саны жылына 40-тан аз болмауы тиіс. 

Кредит  –  студенттің  оқу  жұмысы  көлемін  өлшейтін  біріздендірілген  бірлік.  Бір  кредит  15-18 

аптаны  құрайтын  академиялық  кезеңдегі  студенттің  бір  аптадағы  аудиториядағы  байланыс 

жұмысының бір академиялық сағатына (50 минут)  тең. Әр академиялық сағат міндетті түрде 

студенттің  2 сағат (100 минут) өздік жұмысымен  қоса беріледі. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  –  оқу  үрдісін  регламенттеу  және  білім  көлемін  кредиттер 

түрінде  есепке  алу  аясында  дараландыру,  білім  беру  траекторияларын  таңдау  негізінде 

өздігінен білім алу және білімді  шығармашылықпен меңгеру деңгейін жетілдіретін білім беру 

технологиясы. 

Жазғы  семестр  –  жеделдетілген,  қосымша  оқыту  қажеттілігін  қанағаттандыру  мақсатында, 

студентті  бір  курстан  келесіге  немесе  бір  жоғары оқу  орнынан  басқасына  ауыстыру  кезінде  

оқу  бағдарламаларындағы  академиялық  қарыздар  мен  айырмашылықтарды  жою  үшін 

енгізіледі.  

Негізгі курстар – әр  мамандық бойынша типтік жоспарда қарастырылған, барлық студенттер 

міндетті түрде оқитын курстар. 

Диплом қосымшасы – жоғары білім туралы дипломға қоса берілген құжат, ол түлектердің оқу 

курстарын тыңдап, сәтті тапсырғандығы жайында  ақпарат береді. 

Диплом  қосымшасы  академиялық  және  кәсіптік  біліктілікті  (дипломдар,  дәрежелер, 

сертификаттар және т.т.) мойындауды қамтамасыз етеді. 

Оқудың  нәтижесі  –  студенттің  білім  үрдісін  аяқтағаннан  кейін  нені  білу,  түсіну,  істей  білуді  

білдіретін   дағдылар жиынтығы. 

Орташа балл (GPA) – таңдап алынған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішінде білім алушы 

жетістіктері деңгейінің орташа өлшемді бағасы (ағымдағы оқу кезеңіне арналған кредиттердің 

жалпы  санына  кредиттер  көбейтіндісі  сомасының  пән  бойынша  қорытынды  бағасы 

балдарының сандық эквивалентіне қатынасы).  

СӨЖ  –  курс  оқытушысынан  алған  тапсырмалар  бойынша  студенттің  компьютер 

сыныбындағы, медиатекадағы, кітапханадағы өздік жұмысы. 

Типтік оқу жоспары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік құжаты, ол семестрлер 

мен  бақылау  нысанын  белгілеп  әр  мамандық  бойынша   міндетті  түрде  оқылатын   пәндер 

тізбесін анықтайды. 

Бағалар  транскрипті  (сынақ  кітапшасы)  -  тыңдалған  курстар  тізімі,  кредитке  ауыстырылған 

сынақтар мен бағалар енгізілген құжат. 

Емтихандық  сессия  -  теориялық  курстардан  кейін  2-3  жұмаға  созылатын  кезең,  бұл  кезеңде 

студенттер емтихандарын (бір семестрде 5 емтиханға дейін) тапсырады. 

Эдвайзер  –  тәлімгер  қызметін  атқаратын,  оқытудың  траекториясын  таңдауға  (жеке  оқу 

жоспарын  құрастыру)  және  оқыту  кезеңінде  білім  беру  бағдарламаларын  меңгеруге 

көмектесетін түлектер шығарушы кафедраның оқытушысы. 

Элективті курстар – ұсынылған тізімдерден студенттің өзі таңдап алатын курстары. 

 

 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет