БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНІҢ ЖОЛ КӨРСЕТКІШІ
УНИВЕРСИТЕТ МИССИЯСЫ:
ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ,
БІЛІМ МЕН КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ТУЫ
Студенттік шақ – мамандықты игерудің үлкен де қиын жолының бастамасы. Бұл
жолды қалап алғанның барлығы жетістіктерге жете бермейді. Студенттердің кейбіреулері
университеттегі оқуын тәмамдай алмайды. Бұның себебі неде? Маңызды себептердің бірі –
бірінші курста оқитын студенттердің өз уақытын ұтымды бөле алмауы, университет өмірінің
ырғағына бейімделе алмай, уақытты босқа өткізіп, студент деген
«біліктілікті» иелене алмауы.
Біз ұсынып отырған бұл кітапша сіздерді ЖОО қызметтері мен құрылымдарының іс-
әрекеті жайлы хабардар етеді, университетте оқитын жылдар бойы сіздерге бағыт- бағдар
беріп отырады.
«Студент серігі» мақсатқа жетудің тиімді жолын сілтейді, болашақ мамандығыңыздың қыр-
сырын аша отырып, ғылыми қызметпен де айналысасыз, студенттік шақтың қызықты
жақтарын да көре аласыз. Спортпен айналысасыз ба, өнер әлемімен танысасыз ба,
университетте өтіп жатқан шаралар, кештер, би кештеріне қатысып, достарыңызбен
қауышасыз ба – барлығы өз қолдарыңызда!
Естеріңізде болсын, қазіргі заман маманы терең кәсіби білімді меңгеріп қана қоймай,
сонымен қатар ЖЕКЕ ТҰЛҒА бола білу керек.
Мамандарды жоғары сапада даярлау, олардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай
жасап және оларды адалдық, әділдік пен өзара сыйластық өркендеп жатқан академиялық
ортаға тарататын жоғары оқу орнына құрмет көрсете отырып, сіздерді өз өмірлеріңізде
моральдық-этикалық нормаларды сақтауға және төмендегі қағидаларды ұстануға шақырамыз:
ЖОО имиджі туралы ойлау, оны дамытуға ықпал ету; оқуда ұқыпты болып, үнемі өз кәсіби
деңгейіңізді көтеріп тұру; адал, әділ болу; басқа адамдардың намысы мен қадір-қасиетін
құрметтеу; ұлттық және нәсілдік бойынша байқалған кез келген кемсітушілікке төзбеу,
достарыңызға, әріптестеріңізге олардың кәсіби дамуында көмек көрсету, олардың зияткерлік
деңгейі мен моральдық қасиеттерін көтеруге ықпал ету; университет пен Қазақстан
Республикасының игілігіне адал қызмет ету.
Біздің миссиямызды іске асыруға көмектесесіз деген сенімдеміз.