Берілген есепті математикалық түрде өрнектеу, яғни есепті мəселе ретінде қоя білу.
Есепті шығарудың компьютерге ыңғайлы сандық тəсілдерін анықтау.
Есепті шығару жолын алгоритм түрінде бейнелеу.
Есепті компьютерде шығару программасын жасап, оның қателерін түзету.
Есепке керекті мəліметтер дайындау.
Компьютерде есепті шығару жəне шыққан нəтижені іс жүзінде қолдану.
Қарапайым алгоритмнен бастайық, күнделікті өмірде кез келген жұмысты белгілі-бір ереже, бекітілген алгоритм бойынша жасаймыз. Мысалы:
Шай дайындау:
Шәйнекті алу
Шәйнекке су құю
Шәйнекті плитаға қою
Қайнағанын күту
Кесеге шай (заварка) құю
Кесеге қайнаған су құю
Программа да дәл солай, қандай мәлімет бар, қандай мәлімет алу керек, ол үшін не жасау керегін (қосу, азайту, бөлу) нақты білу ғана қажет.
Алгоритм дегеніміз– белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін ретімен орындалатын әрекеттер тізбегі.
Алгоритмдерді бейнелеудің негізгі тəсілдеріне оларды жазудың келесідей түрлері жатады:
табиғи тіл сөздері арқылы;
формулалық-сөздік тəсіл арқылы;
графикалық түрде бейнелейтін блок-схемалар арқылы;
псевдокодтар (жалған кодтар) арқылы;
программалау тілі арқылы.
Python тілінде бағдарламалау Python тілінде бағдарлама жазудың үш жолы бар:
Мәтіндік редактор
IDE
Блокноттар
print() функциясы Функция – операцияны орындайтын алдын-ала жазылған код бөлігі. Python көптеген операцияларды орындайтын функцияларға ие. Алғашқы функция – print() функциясы арқылы экранға енгізілген объектілердің мәндері шығарылады.
print("Salem!") print(‘Salem!’) Python тілінде мәтінді жолдар мен символдар бір немесе қос тырнақшалар арқылы жазылады. Ал сандарды шығару үшін, print() функциясында тырнақшаларды қолданбай, сандарды теру қажет.
print(150) командасын терсек, экранға 150 саны шығарылады. Одан басқа, print() функциясы арқылы арифметикалық операцияларды жүзеге асыруға болады