Пайда болу тарихы Python – 1991ж бұл Гвидо Ван Россум негізін қалаған жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілі. Бұл негізінен объектіге бағытталған бағдарламалауды, процедуралық бағдарламалауды және функционалды бағдарламалауды қолдайтын парадигма. Python-ның объектіні бағдарлау мүмкіндігі бағдарламалаушыға қолдануға, сыныптар құруға және оларды қолдана отырып объектілерді құруға мүмкіндік береді.
2008 жылдың 3 желтоқсанында ұзақ сынақтан кейін Python 3.0 алғашқы нұсқасы жарық көрді.
2020 жылдың сәуірінде Python 2 толығымен тоқтатылды.
Программалау тілі – компьютерлерде программаларды орындау ісін атқарады.
Программа – машинаға түсінікті түрде жазылған алгоритм. Программада берілген мəліметтердің сипаттамаларымен бірге оларды өңдейтін командалар болады. Командалар қандай мəліметтер қандай операцияларға қатынасатынын, олар қандай реттілікпен орындалатынын жəне нəтиженің қандай түрде шығарылатынын көрсетеді. Бұлар операторлар арқылы жүзеге асырылады.
Программа құру және оның құрылымы Программалар жазу үшін үш тіл қажет:
Машиналық кодтар тілі – компьютерге түсінікті тіл (екілік жəне 16-лық кодтар түрінде жазылады). Ассемблер тілі осыған жақын.
Программалау тілі – программалаушыға түсінікті тіл (мəтін, сөз, команда түрінде жазылады). Паскаль, С/С++, Ява (Java) тілдері.
Бейнелер (образдар) тілі – тұтынушыға түсінікті тіл (мəтін жəне графика), яғни қарапайым кітап тілі деуге негіз бар. Біз екінші топты қарастырамыз.
Программа құру Программалау жүйесі – программалауды автоматтандыру құралдары. Олар программалау тілінен, осы тілдің трансляторынан, құжаттамаларынан жəне де программаларды дайындау, əрі орындау құралдарынан тұрады.
Транслятор – бір тілді екінші тілге аудару программасы. Ол екі топқа бөлінеді:
Интерпретатор – бұл командаларды аударып, оларды бірден орындауға арналған трансляторлық программа.
Компилятор – бұл алгоритмдік тілдің конструкцияларын толығымен машиналық кодқа түрлендіретін программа. Есептің нəтижесін алу үшін машиналық кодты орындау керек.