Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет18/25
Дата13.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#82134
түріПрограмма
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
elif инструкциясы 
Python тілінде if инструкциясының кеңейтілген түрі бар, ол программаны орындау ағынын 
көптеген бұтаның біріне бағыттауға қажет. Ол міндетті емес else бөлігінен өзге бірқатар elif 
бұтақтарынан құралған. "else if" "егер тағы болса" сөздерінің қысқаруы арқылы жасалған. 
# Толық жазу үлгісі:
a = 1
if a >= 2:
print(2)
else:
if a == 1:
print(1) 
# elif көмегімен қысқаша жазу үлгісі


23 
а = 1
if a >= 2:
print(2)
elif a == 1:
print(1) 
Нәтижесі:
1

# Екінші мысалда 5 деп жазайық:
а = 5
if a >= 2:
print(2)
else:
if a == 1:
print(1) 
# elif көмегімен қысқаша жазу үлгісі
а = 1
if a >= 2:
print(2)
elif a = 1:
print(1) 
Нәтижесі:
2

while циклі 
While инструкциясы Python тілінде итерация ұйымдастырудың ең әмбебап тәсілі болып 
табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол шартты өрнек рас болған сайын инструкциялар 
блогын орындап отырады. Оны цикл деп атаудың себебі – шартты өрнек жалған деген мәнге 
келгенше инструкцияның басына оралып, оны орындаудан жалықпайды.
continue инструкциясы дереу циклдің басына апарады.
break инструкциясы дереу циклдан шығуды іске асырады.
Сонымен бірге while-мен қатар else инструкциясы да қолданыла алады.
pass инструкциясы ешқандай амал орындамайды және тіл синтаксисі инструкция болу 
қажет дегенде ғана жазылуы мүмкін. 
''' # Бұл шексіз цикл
while True:
print('Meнi тоқтатып көр!') #
''' 
а= 10
while a != 0:
print(a)
a -= 1 
print("# continue және break мысалы")


24 
a = 10
while a != 0:
a -= 1
if a == 7:
pass
if a == 5:
continue
if a == 3:
break
print(a) 
Алдыңғы санды ойлап табу туралы мысалды аздап өзгертейік (while.py деп сақтайық):
number = 23
running = True
while running:
guess = int(input('Бүтін сан енгізіңіз :'))
if guess == number:
print(' Құттықтаймын, сіз дұрыс таптыңыз.')
running = False
# while циклін тоқтатады
elif guess < number:
print('Жоқ, жасырылған сан бұдан үлкенірек') 
else:
print('Жоқ, жасырылған сөз бұдан аз.')
else:
print('while циклі аяқталды.')
# Мұнда өзіңізге қажетті әрекеттерді орындай аласыз
print('Аяқталды.')
Нәтижесі:
$ python while.py
Бүтін сан енгізіңіз: 50
Жоқ, жасырылған сөз бұдан аз.
Бүтін сан енгізіңіз: 22
Жоқ, жасырылған сан бұдан үлкенірек.
Бүтін сан енгізіңіз: 23
Құттыктаймын, дұрыс таптыңыз.
Цикл while аякталды.
Аяқтау.
Аяқталды
$ python if.py
Аяқталды
$ python if.py
Бүтін сан енгізіңіз: 23
Құттықтаймын, сіз дұрыс таптыңыз,
(ешқандай сыйлық ұтып алмасаңыз да!)
Аяқталды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет