Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



Pdf көрінісі
бет20/25
Дата13.04.2023
өлшемі1,76 Mb.
#82134
түріПрограмма
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
__name__және '__main__'
Енді файлдарды модуль ретінде импорттауға жеке программа ретінде іске қосуға 
мүмкіндік беретін арнайы тәсілге тоқтап өтейік. Әрбір модульге __name__ кірістірілген 
атрибуты бар, ол интерпретатор көмегімен келесі жолмен орнатылады:
Егер файл программаның басты файлы ретінде іске қосылатын болса, онда __name__ 
атрибутына «__main__» мәні меншіктеледі. 
Егер файл импортталатын болса, онда __name__ атрибутына клиентке белгілі болатын 
модуль аты меншіктеледі. Осының арқасында модуль өзінің __name__ атрибутын тексере 
алады және жеке программа ретінде іске косылды ма әлде басқа модульмен импортталды ма, 
соны анықтай алады. 
def test():
print("Aya райы қандай тамаша!!!") 
if__name__== '__main__'
test()
Нәтижесі:
ReferenceError: __name__ is not defined 
Енгізу/шығару 
Осы уақытқа дейін өрнектердің мәнін print нұсқаулығының көмегімен шығарып келдік. 
Енді input нұсқаулығымен танысайық. Осы функция орындалған кезде программаны орындау 
ағыны тоқтатылып, пайдаланушының пернетақта көмегімен енгізетін деректерін күтеді. 
input() міндетті емес шақырушы аргументті қабылдай алады.
name = іnput("Есіміңізді жазыңыз") # Аргумент-шақыру
print('Менің есімім:', name)
Деректерді енгізіп қана қоймай, оларды форматтау үшін қиып алу немесе біріктіруге 
болады. Жолдарды бос орын көмегімен бағананың ені бойынша созып тартумен шектелмей, 
% операторын сол жақтағы аргумент ретінде жолмен бірге қолдану. % операторы өзінің оң 
жағында орналасқан жолды С тіліндегі sprintf() функциясының стилінде көрсетеді.
# Санның квадраттары мен кубтары кестесін көрсетейік
for х in rаnge(1, 11):
print('%2d %3d %4d' % (x, x * x, x * x * x))
Нәтижесі:
1 1 1
2 4 8
3 9 27
4 16 64
5 25 125
6 36 216
7 49 343
8 64 512
9 81 729


27 
10 100 1000 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет