Python тілі негіздері (әдістемелік құрал)



бет16/22
Дата13.04.2023
өлшемі318,13 Kb.
#82133
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері

Модульдер


Модуль – ол Python тілінің анықтамалары мен басқа да инстукцияларын қамтитын файл. Файлдың атын модуль атына '.ру' жұрнағын жалғау арқылы құрастырамыз. Модульді импорттаған кезде, мысалы spam, онда интерпретатор 'spam.py' аты бар файлды ағымдағы каталогтан іздейді. Одан кейін PYTHONPATH айналасындағы айнымалыларда көрсетілген каталогтан іздейді. Іздеу жургізілген каталогтар sys.path айнымалысында сақталады. Осылайша Python тіліндегі программалар модульді орындау барысында іздеу жолдарын өзгерте алады.
Модульде анықталған аттарды айқындау үшін dir() кірістірілген функциясын қолдануға болады. Ол сұрыпталған жолдар тізімін қайтарады: import sys
# import пәрмені sys модулін импорттайды print('sys.path----->', sys.path) print('dir----->', dir(sys)) print('info---->', sys.platform) Нәтижесі:
sys.path-----> ['http://python-rutour.rhcloud.com/static', 'http://python-rutour.
Rhcloud.com/tour/Modules','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']
dir----->
['___class___','___file___','___getattr___','___repr___','___setattr___','___stderr___','___stdout_
__','___str___','builtin_module_names','byteorder','flag_class','flags','has_json','has_local_storage
','maxsize','maxunicode','modules','path','platform','stderr','stdout','version_info','warnoptions'] info----> brython

Пакеттер


Пакеттер дегеніміз – «нүктелік жазбаны» қолдана отырып модуль аты кеңістіктерін құрылымдау тәсілі. Модульдерді қолдану глобальді кеңістікті пайдалануды әртүрлі модуль авторлары үшін қауіпсіз ететінің сияқты нүктелік жазбаны қолдану көп модульді пакеттер авторлары үшін модуль аттарын қолдануды қауіпсіз етеді.
Пакет құрылымы (мысал):
Мұраск/ __init__.ру example1.ру example2.py example3.ру
'__init__.ру' файлы Python пакеті бар каталог ретінде тануы үшін қажет.
'__init__.ру' ішіндегі мазмұны
__all__= ["example1", "example2", " example3"]
Бұл дегеніміз from Mypack import * командасының көрсетілген үш модульді Mypack пакетінен импорттайтынын көрсетеді.
Мысалы:
# Пакеттің (модульдің) бәрін тұтас импорттау from sys import * print(path)
# Тек қана path импорттау from sys import path print(path) Нәтижесі: ['http://python-rutour.rhcloud.com/static','http://python-rutour.rhcloud.com/tour/Packages ','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']
['http://python-rutour.rhcIoud.com/static','http://python-rutour.rhcloud.com/tour/Packages ','http://python-rutour.rhcloud.com/static/src/Lib']


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет