Байланысты: Бөрібаев, Муратова Python тілі негіздері
PYTHON ТІЛІ НЕГІЗДЕРІ (әдістемелік құрал)
МАЗМҰНЫ
Алғы сөз.......................................................................................................... 3
Python тілінде программалауга кіріспе........................................................ 3
Python багдарламасын орнату....................................................................... 5
Программалық файлдарды қолдану............................................................. 6
Python тілінің негізгі ұгымдары.................................................................... 6
Операторлар мен өрнектер...........................................................................10
Функциялар....................................................................................................14
Python тілінде программа жазуға жаттыгу................................................. 17
Сөздіктер құру............................................................................................... 19 Файлдармен жұмыс істеу..............................................................................20 if, else инструкциясы..................................................................................... 21 while циклі...................................................................................................... 23 Енгізу/шығару................................................................................................ 26
Python тіліндегі объектіге бағытталған программалау.............................. 27
Web-сайтты Django кітапханасы негізінде Python тілінде құру............... 33
Тапсырмалар және оларды орындау әдістері..............................................43
СӨЖ орындауга арналған тапсырмалар......................................................44
Әдебиеттер тізімі............................................................................................46 Алғы сөз Қазіргі уақытта Python қолданбалы программалық жасақтамаларды жасау барысында (мысалы, linux-утилиттерді yum, pirut, system-config-*, ІМ-клиент Gajim және т.б.), web-қосымшаларды жасауда (қуатты Zope Application-сервері және соның негізінде жасалған CMS Plone, ал Орталықтандырыпған барлау басқармасы сайты, Plones, Django, TurboGears қосымшаларын жылдам жасауға арналған фреймворктер соның негізінде жұмыс істейді), көптеген ойындарда, OpenOffice.org, Blender 3d редакторында, Postgre деректер қорында кірістірілетін скриптілік тіл ретінде пайдаланылады, ғылыми есептеулерде (мысалы, MatLab сияқты пакеттермен тең түсетін SciPy және numPy, графиктерді салатын PyPlot пакетінде есептеу) кеңінен қолданылады.
Python – меңгеруге жеңіл программалау тілі. Деректер құрылымдарын жоғары деңгейде тиімді етіп көрсетуге мүмкіндік береді, объектілі-бағытталған программалау тіліне үйренудің тиімді жолы. Синтаксисі мен динамикалық типтендіру, сонымен катар интрепретаторлы болуы әртүрлі саланың қосымшаларын көптеген платформаларда жылдам жасауға мүмкіндік береді. Мүнда қарапайым командалық скриптерді де, күрделі үстелдік және веб- қосымшалар жасауға да болады. Сонымен бір комплектіде өте бай стандартты кітапхана беріледі. Онда мәтінді өңдеудің күрделі құралдары, шифрлеу, файлдармен жұмыс, интернет арқылы деректер алмасу және т.б. көптеген күрделі құрал-саймандар бар.
Оқу-әдістемелік құралда Python синтаксисі, ол қолдайтын деректер типі, кластармен, объектілермен жұмыс істейтін басқару құралдары сипатталған.
¥сынылып отырған құралда Python тілінің негізгі ұғымдары – өрнек, оператор, функция, айнымалы, сан, жол, тізім, логикалық шамалар, типтерді түрлендіру, кодтың орындалуын басқару, блок, шартты өрнек, цикл, шартты цикл, тізім циклі, кластар, объектілер, түсініктемелер, модуль, пакеттер, импорттау, стандартты кітапханалар, сыртқы кітапханалар, Notepad ++ мәтіндік редакторы ұғымдары мысалдар негізінде талданған.
Теориялық материалмен бірге тәжірибелік сабақтарды жүргізуге арналған программа мысалдары, интербелсенді интернет қорлар т.б. берілген.
СӨЖ орындауға арналған тапсырмапар бейнесабақтарға сілтеме жасай отырып құрастырылған.
Әдебиеттер тізімі интернет-қорлармен бірге ұсынылып отыр. Студенттің өз бетімен программа құрып үйренуіне үлкен мән берілген – тапсырмаларды орындау туралы нақгы әдістемелік нүсқаулар берілген және қажетті түстарында программаны орындау қадамдары мысалдармен, оларды орындағаннан соң экранға шығатын нәтижені көрсету арқылы ұғындырылған.