Азат жолдар. Python-да жол басында кездесетін бос орындардың маңызы үлкен. Оларды азат жол деп атайды. Жол басындағы шегіністер (бос орындар мен табуляция) логикалық жолдың деңгейін анықтауға көмектеседі, оны өз кезегінде бірнеше жолдарды (операторларды, сөйлемдерді) топтастыру үшін қолданамыз. Бірге орындалатын сөйлемдердің азат жолдары бірдей болуы тиіс. Мұндай сөйлем жиындары блок деп аталады. Бұрыс басталған азат жол қателікке әкеледі. Мысалы, і = 5
print('Mәтін құраймыз') # Қате! Жол басында бос орын print("Тағы да мәтін қосамыз", і)
осы жолдарды орындағанда келесідей қате шыққанын көреміз:
print('Mәтін құраймыз') # Қате! Жол басында бос орын
^
IndentationError: unexpected indent
Екінші жолдың басында бір бос орын бар екеніне назар аударайық. Python программа синтаксисі ереже бойынша жазылмаған деп көрсетіп отыр. Сөйлемдердің келесі жаңа блогын кез келген азат жолдан бастай алмайсыз. Үнсіз келісім бойынша жазылатын негізгі блокты санамағанда, әрине. Сонымен бірге бос орындар мен табуляция символдарын араластыруға болмайды. Азат жолдың әрбір деңгейі үшін бір табуляция символы мен төрт бос орын символын қолдануды ұсынамыз. Осындай қалыптасқан бір стильді үнемі қолданған жөн. Сол сияқты, кейбір дайын программада ұсынылған стильді де жалғастырып отырған тиімді. Komodo Edit редакторы мұны автоматты түрде жүзеге асырады.
Операторлар мен өрнектер
Python тілінде операторлардың орындалу приоритетін сақтау керек, яғни бірінші кезекте көбейту және бөлу операторлары орындалады. Ал қосу мен азайту амалдарының приоритеті олардан төмен. Егер операцияның приоритеті бірдей болса, онда олар солдан оңға қарай кезекпен орындалады.
Операторлардың орындалу кезегін өзгерту үшін жай жақшалар қолданылады – олар ең алдымен орындалатын операторларды көрсетеді.
(3 + 7) * (6 + 4)
Бұл өрнектің мәні 100 болады. Егер жақшаны алып тастайтын болсақ, нәтиже өзгереді:
3 + 7 * 6 + 4
Python алдымен 7-ні 6-ға көбейтеді, көбейтіндіге 3 пен 4-ті қосады. Нәтиже басқаша болып шығады – 49.