Бұған дейін тек сандық мәндер қайтаратын функцияларды қарастырдық. Бұлардан бөлек сөз тіркестерін де қайтаратын
функцияларды жазуға болады. Мысалы, келесі функция қолдану- шыдан оның атын енгізуді сұрайды да, сонан кейін сол енгізілген тіркесті қайтарады:
def get_name(): # Қолданушының енгізілген атын алу name = input('Атыңызды енгізіңіз: ')
return name # Атты қайтару a=get_name()
print('Сіздің атыңыз - ' + a)
Нәтижесі:
Атыңызды енгізіңіз: Азат Сіздің атыңыз - Азат
Бульдік (логикалық) мәндерді қайтару
Python тілінде ақиқат (тrue) немесе жалған (False) мәндерін бере- тін бульдік функцияларды да жазуға болады. Оларды шарттарды тексеріп, True не False мәндерін алу үшін қолданады. Бульдік фун- кциялар күрделі шарттарды қарапайым етіп, соларды тексеру
кезінде пайдаланылады.
Мысалы, программаға сан енгізіп, оның тақ немесе жұп екендігін анықтайтын функция құрайық. Келесі код осы әрекеттерді орын- дауды жүзеге асырады.
Бульдік (логикалық) мәндерді қайтару
def is_even(number): # Сан жұп болса, status=True, әйтпесе status= False
if (number % 2) == 0:
status = True else:
status = False
return status # status айнымалысы мәнін қайтару
number = int(input('Сан енгізіңіз: '))
if is_even(number):
print ('Бұл жұп сан. ')
else:
print ('Бұл тақ сан. ')
Нәтижесі:
Сан енгізіңіз: 15
Бұл тақ сан.
Сан енгізіңіз: 1256 Бұл жұп сан.
Бірнеше мәндерді қайтару
Функциядан тек бір емес, бірнеше мәндер қайтаруға болады. Ол үшін return нұсқауында, төменде көрсетілген форматта, үтірлер- мен бөлінген бірнеше өрнектер жазу керек:
return 1-өрнек, 2-өрнек, ...
Мысал ретінде келесі get_name функциясын келтірейік. Онда қол- данушы локальді first және last айнымалыларында сақталатын өз аты мен тегін енгізіп, return нұсқауы арқылы соларды функциядан кері қайтарады.