IDLE ортасында және жалпы Python редакторларында функция анықталатын жолдағы қоснүктеден кейін шегініс автоматты түрде жасалады.
Автоматты шегініс жасау режимінен шығу үшін функцияның ішкі бло- гының ең соңғы жолынан кейін пернесін басу керек.
Функция блогы жолдарын шегініс арқылы белгілеу үшін программа- лаушылар көбінесе төрт босорын таңбасын қолданады.
Жалпы, Сіз өз таңдауыңыз бойынша, босорындардың кез келген санын пайдалана аласыз, тек олардың барлығы бірдей болуы тиіс.
Бақылау сұрақтары
Функцияның анықталуы қандай екі бөліктен тұрады?
"Функцияны шақыру" термині нені білдіреді?
Функцияны орындау кезінде оның блогының ең соңына жеткенде не болады?
Функция блоктарын неге шегініс арқылы ерекшелеу керпек?
Функцияға бірнеше аргументтер беру
Практикада бірнеше аргументтері бар функцияларды қолдану жиі орын алып жатады. Келесі программада екі аргументі бар show_sum функциясы көрсетілген, ол осы 2 аргументтің қосындысын табады.
def main(): # Мұнда 2 аргументі бар функция көрсетіледі print('12 және 45 сандарының қосындысы = ',end='') show_sum(12, 45) # Бұл функция 2 аргументті қосады
def show_sum(num1,num2): result = num1 + num2 print(result)
main()
Нәтижесі:
12 және 45 сандарының қосындысы = 57
Функцияға бірнеше аргументтер беру
Келесі программада тағы бір мысал көрсетілген, ондағы
функцияға аргумент ретінде екі сөз тіркесі (2 тіркес) беріледі.
def main (): # Бұл функцияға 2 аргумент - 2 тіркес беріледі first_name = input('Атыңызды енгізіңіз: ') last_name = input ('Тегіңізді енгізіңіз: ') print('Сіздің аты-жөніңіздің ауысып жазылуы:') reverse_name(first_name, last_name)
def reverse_name(first, last): print(last, first)
main() # Басты функцияны шақыру Нәтижесі:
Атыңызды енгізіңіз: Азат
Тегіңізді енгізіңіз: Байжанұлы
Сіздің аты-жөніңіздің ауысып жазылуы:
Байжанұлы Азат