Жалпы тәжірибелік дәрігерге 58 жастағы науқас жүгінді. Ұзақ уақыт бойы артериялық гипертензиямен ауырады. Сол қолындағы жарақат аймағындағы ауру сезіміне, бұлшықеттің құрысуының құрысуына, жұтынған кездегі ауырсынуға, проксимальды орналасқан нерв өзектеріне қысыммен ауырсынуға, тершеңдікке, рефлекстердің жоғарылауына шағымданады. Жарақатты 10 күн бұрын егістікте жұмыс істеп жүргенде алған. Науқас біршама адекватты емес, сізден оған не болғанын сұрайды? Сіздің болжам диагнозыңыз:
иық нервінің невриті
жедел цереброваскулярлық бұзылыс
сепсис
сіреспе
қол басы флегмонасы
Қыз бала 11 жаста. Іштің төменгі бөлігінде, оң жақта өткір ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну оң жақ шап аймағында және тік ішекке таралады. Балада жиі және ауырсынулы зәр шығару, сонымен қатар шырыш пен қан араласқан сұйық нәжіс жиі кездеседі. Тік ішекті тексеру кезінде оң жақта ауырсынулы өсінді және инфильтрат анықталды. Сіздің диагнозыңыз?
цистит
ішек инвагинациясы
жедел аппендицит
дизентерия
оң жақ аналық без кистасы.
Науқас 53 жаста, кенеттен ішінің қатты ауырсынуын сезінді. Қайталанатын құсу, қара түсті нәжіс және әлсіздікке шағым айтып, жалпы тәжірибелік дәрігерге қаралған. Дәрігер тексеруден өтуге жолдама беріп, үйіне қайтарды. Науқастың ауырсынуы тұрақты сипатқа ие болды, метеоризм және перитонит белгілері пайда болып, 20 сағаттан кейін жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Жалпы тәжірибелік дәрігер қандай диагноз қою керек еді?
жедел аппендицит