Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор



бет39/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111
Байланысты:
annotation30756

б) Зат + үстеу: Егеу+әлі, Тыртық+әлі,Әзіл+әлі.
3. Сан есім – сөз таптарының ішінде стильдік мәні бейнелі тәсілдің аумағында емес, тура және нақты мағына беруде жиі қолданылады. Пифагордың «Дүниені сан билейді» деген сөзі бар. Осыған байланысты қоғам өмірінде үлкен ақпараттық деректеменің негізгі көрсеткіші ретінде сан есім нақты стильдік жүк атқара алады.
а) Сан. е + сан. е: Қырық+бес, Елу+бес+бай, Отыз+бір+бай.
Сан есімнің қатысуымен жасалған аттардың ауқымын тереңірек зерттеуіміз ІІІ тарауда жеке сөз етіледі.
ә) Сан. е + зат. е: Алты+бас, Бес+бике, Бес+қара, Бестиын, Бес+балуан, Бесті+айғыр(ов), Бес+қарын, Бесті+бай, Бір+ай, Бір+жамбас, Жалғыз+гүл, Жүз+тайлақ, Қырық+қабат(ов), Қос+орай, Қос+омыртқа, Жалғыз+бике, Мыңылқы, Мың+жігіт, Үш+кемпір, Төрт+қара, Дара+бай.
4. Есімдік + зат. е. Есімдіктің тілімізде атқаратын қызметі орасан болғанмен, сан жағынан аз кездесті. Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі ойды беруде алуан түрлі мағыналық реңкке ие болады.
а) сілтеу: Анаубай, Мынау мырза, Анаубек, Мынаубек, Мынаугүл, Солзада.
ә) белгісіз мәнді: Пәленше Түгеншиев, Пәленбаев, Әлдекім, Бірдеңкеев, Бірдібірге Шағыстырғанова.
Сөйлеу тілі лексикасын стильдік тұрғыда сипаттағанда мына бір сөздерді де өз алдына бөле, жеке айту керек. Мысалы пошым, неме, "кәзір", пәленше, түгенше тәріздес қарапайым сөздердің, варваризм атаулынын, да тіл байлығына жататыны мәлім. Бірақ олар да белгілі бір стильде ғана жұмсалады. Әлгі сөздер, мысалы, сөйлеу тілі лексикасына тән. Осы себепті көбінесе сөйлеу стилінде қолданылады. Сондай-ақ, кейде белгілі бір стильдік мақсат үшін көркем шығармада да, сықақ-мысал түрінде жазылған очерктерде де кездеседі. Ал қалған стиль түрлерінде сирек ұшырасады, негізінен көркем әдебиет стилінде ғана колданылады.
Пәленшені ұрам деп, Түгеншені қырам деп... (Абай)
б) сұрау мәнді: Кімов < кім?, Қайзада < қай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет