Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ



бет36/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2 КЕЙІПКЕР АТТАРЫНЫҢ ЛЕКСИКА-ГРАММАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ


2.1 Кейіпкер аттарындағы морфологиялық-синтаксистік жасалым
Қазақ тілінің тарихи грамматикасын зерттеген профессор М.Томанов тілдің құрылымдық тарихын зерттеп білуде дәйек болатын бір сала – ономастика екенін тап басып таниды. «Ономастикалық материал тілдің лингвистикалық және экстралингвистикалық даму жолдарының бірлікте болатынын дәлелдейді. Ономастикалық атаулар көбіне тілдің қалыптасқан сөз өзгеру жүйесінің аумағына сыймайды. Олар тілдің даму барысында жоғалып кеткен сөз өзгерту модельдері бойынша жасалған болып келеді немесе ұмытылып кеткен мағынаны өз бойында сақтауы мүмкін» [Томанов М., 1988, 13] деген пайымды пікір айтқан.
Жалқы есімдерді (ЖқЕ) морфологиялық құрылымына қарай топтастырудың дәстүрлі бірнеше жолдары мен үлгілері бар. Орыс ғалымдары ЖқЕ-ді құрылымына қарай түрліше жіктейді: Н.В.Подольская бірнегізді атаулар, екінегізді атаулар, туынды [Подольская И.В.,1978, 110]; А.В.Суперанская зат есімді атаулар, сын есімді атаулар [Сахариев Б.,1952, 72] деп қарастырса; О.А.Сұлтаньяев есімдерден және етістіктен жасалған атаулар [Сультаньев О.А., 1963,30], Т.Жанұзақов негізгі, туынды, екі компонентті, көп компонентті [Жанұзақов Т., 1976, 61]; Т.В.Линько жай және күрделі [Линько Т.В., 1986, 120] деп бөлген. Бұлайша топтастыру ЖқЕ-дің құрамындағы түбір сөздерді, олардың құрылымдық түрлерін және сөз таптарына қаншалықты қатыстылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Ғалымдардың ЖқЕ-ді топтастыру принциптері бірдей емес, демек, әр тілдің сөзжасам құрылымы мен жасалу жолдарының да түрліше дамитындығының дәлелі. Онимдік бірліктерді құрылымдық тұрғыдан (түбір мен аффикстер) дәл талдау жасау керек. Сатира мен юиорда кездесетін поэтонимдер әртүрлі сөзжасамдық тісілдер арқылы жасалған: бір түбірден тараған, лексикалық-семантикалық (ешбір қосымшасыз), синтетикалық тәсіл (жұрнақ арқылы), аналитикалық тәсіл (сөздің бірігуі, қосарлануы) арқылы жасалуы анықталынды

2.1.1 Бір буынды түбірден тараған СЮП-тер.
Түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буынды болып келеді. Тіліміздегі негізгі сөздік қордағы сөздердің басым көпшілігінің ерекшелігі – олардың бір буынды түбірден жаңа сөз тобын жасауға икемділігі. Сөйтіп, түбір морфема екінші жағынан, буын ретінде де ұғынылады. Тілдің негізгі құрылымын анықтауда бір буынды түбірлердің арқау екендігі дау тудырмаса керек. Академик Ә.Қайдардың өзі «үкілі кітап» деп атайтын еңбегінде түбірге «Тюркская корень есть наидревнейшая и историческая реальная единица языка, сохраняющая свою суть несмотря на постоянные фоно-морфо-семантические изменения, происходящие в процессе агглютинативного развития строя тюркских языков. Он может структурно совпадать с первообразным словом, если оно не превышает одного слога. Во всех остальных случаях тюркский корень выступает как производная единица языка, где корень отражает в себе состояние статики, а слово – динамики « [Кайдаров А.Т., 1986, 24 ] ,– деп анықтама береді.
Сөзжасамдық тізбектің түп негізі көп мағыналы болып келуі де тілде бар құбылыс. Түбір сөздің сөзжасам жүйесінде өзіндік қызметі бар, жаңа лексикалық мағына тудыруға арқау болады. Мысалы, су, күл, май, жал, жыл, ми, қи, мыр, мық, ит деген сөздерден жаңа кейіпкер аттары жасалған. Түп негіз арқылы жасалған СЮП-тер:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет