Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


Еліктеу сөздерден жасалған СЮП-тер



бет44/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111
Байланысты:
annotation30756

2.1.2 .1 Еліктеу сөздерден жасалған СЮП-тер.
Еліктеу сөздер адамның әр түрлі күлгені, жүргені, тұрғаны, қозғалысынан қалыптасады. Қазақ тіл білімінде еліктеу туралы зерттеу еңбектері жетерлік. Професссор К.Ш.Хұсайынов еліктеуіш сөздердің, әсіресе дыбыс еліктеуіштердің табиғатына қатысты монографиялық еңбек жазған [Хұсайынов К.Ш., 1998, 40]. Еліктеуіш сөздер қазақ тілінің ұлттық дүниетанымының негізгі басты қасиеттерін анықтайды. Олар - көне тілдік қор, бейнелі көркемдік қасиеті, стильдік мәнері арқылы ұлт тілінің нақышты шұрайлы бөлігі болып табылады, сондықтан оны стилистикалық тұрғыдан оның әлі ашылмаған ұлттық тілдің бояулы өрнегін стилистикалық тұрғыдан бағамдауға, түсінуге көмектеседі. Әсіресе, еліктеуіш сөз дыбыс ұйқасымдылығына құрыла келіп, сезімді селт еткізер мәнерімен айрықша қолданыста жиі ұшырасады.
Еліктеу сөздерді жете зерттеген академик Шора Сарыбаев қазақтың күлкі түрлерін жіктеп-жіліктеп, 70-тен астам түрлерін тауыпты. Бұл лексемалар сатиралық-юморлық туындыларда, әзіл-оспақ әңгімелерде жиі кездеседі. Еліктеу сөздердің «тұла бойы» тұнған эмоция, сезім, әсерлеу болғандықтан, кейіпкер аттарындағы ирониялық, юморлық бояудың қанықтығына әсер етеді, небір «құйтырқы» аттардың жасалуына негіз болады.
Қиқуқиқу айғай, шу. Жүрген жері айғай-шу, қиқулайтын дыбыс сияқты долы, бетпақ әйелдің мінезіне, жүріс-тұрысына лайық қойылған.
«Дәлізден шыққан дүрсілден Қиқу апайдың келе жатқанын білдік. Салыңқы бұғақ, шүріппе ерін Қиқу апамыз кіріп келді. Кіре сала орындықты ырғап-ырғап бажылдатты. Апайдың жыны уақыт, жер таңдамайды. Еден екі рет солқ етті...Стол үш рет бұрқ етті. Екі көпіршік екі езуге жарыса ытып шықты да, шарланып барып жоқ болды. Кабинет есігі қалай Қиқу апайдың қолында кетпегеніне таңырқадық. Терезеден қарасақ, асфальттың көбесін сөгіп жіберердей тарпи басып тартып барады» [Ермахан Шайқы, 129,67 б].
Еліктеу сөздер дыбыстық жағынан, яғни дауыс ырғасына қарай одағай сөздер сияқты құбылып, түрленіп отырады. Табиғатқа, дыбысқа еліктеуден туған сөздер тілімізде қандай көп болса, аттар да көп. Олардың дыбыстық құрамын академик Ш.Сарыбаев шартты белгілермен таңбалап, бірнеше түрге: дауыстыны – V, дауыссызды – C, сонар дыбысты – L деп бөлген. Осы топтастыруды біз де қолдандық:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет