Р. А. Авакова филология ғылымдарының докторы, профессор


І. Адамның жүріс-тұрысын бейнелейтін СЮП-тер



бет46/111
Дата22.09.2022
өлшемі0,6 Mb.
#39921
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111
Байланысты:
annotation30756

І. Адамның жүріс-тұрысын бейнелейтін СЮП-тер:
Алшаңбай ~ алшаң, Бұлтаңбек ~ бұлтаң, Дікдік ~ дікдік, Дікілдековна ~ дік, Дедекбай ~ дедек, Дыңқыш ~ дыңқ, Еңкіш ~ еңк, Жыпбике ~ жып, Зырбике ~ зыр, Зыпбике ~ зып, Зырдай ~ зыр, Қисаңбай ~ қисаң, Қалтқұлт Еткенов ~ қалт-құлт, Қисайғанов ~ қисай, Лыпбике ~ лып, Байпаң~ байпаң, Митың ~ митың, Салпаңбаев ~ салпаң т.б.
ІІ. Адамның сөйлеу ерекшелігін білдіретін СЮП-тер:
Әкіреңбай ~ әкірең, Бұлдыр бұлдыр, Быдық быдық, Діңгірбай діңгір, Дүңкілдек дүңк, Жыпылдақ жып, Зузула зу-зу, Күпілдек күп, Қомпылдақ қомп, Лепірбай лепір, Міңгір көлгір, Міңкілдек міңк, Міңкей міңк, Өкірешбай өкір, Сақылдақ сақ, Тақылдақ тақ, Шүлдір шүлдір, Шіңкей шіңк, Ыңыранбай ыңырау, Ыңқылдақ ыңқ т.б.
ІІІ. Адамның көңіл-күйін танытатын СЮП-тер:
Бұрқан Талқанович ~ ашулану, Жымыңғайша қуану, Дүңкілдек дөрекі, Күлімкөз, Күлдір, Күлегеш күлу, Өбек еркелету, Күңкілдек ренжу, Сұңқибек жылау, Сыпылықгүл күлу, Шытырлақ ашулану, Сықылықгүл күлу, Шым Шытырықов шатасу, Әңкі, Тәңкі ашулану, Шақар ызалану т.б.
ІV. Адамның мінезін сипаттайтын СЮП-тер:
Аңғалақ ~аңқау, Даңғой~ даукес, Былжыр ~ынжық, Даңғырбай ~ақкөңіл, Болбыр~ бос, Елпекбай ~жұмсақ, Шайпаугүл ~долы, Қылтың, Сылтың ~жеңілтек, Желпілдек, Жалтақ ~қорқақ , Дәлду ~ерке т.б.
V. Табиғаттағы аң-құстың дыбысынан туған СЮП-тер:
Арсалаң ~иттің еркелеуі, Қиқу ~тырнаның үні, Ләпірләй қазды шақыру, Мияужан мысықтың үні, Піштан мысыққа жекіру, Қытқытбек қыт-қыт –тауықтың үні, Көкек құстың үні, Әупілдек құстың үні, Бытпылдақ бөдененің үні, Күйісбай күйіс – жылқыдан басқа малдың шөп шайнауы, Сұңқылбек сұңқ – аққудың үні, Мыршым мырш – мысыққа жекіру, Шақшақай шақ – торғайдың даусы.
Ғалым Ш.Сарыбаев еліктеу сөздер «әупілдек, бытпылдақ, көкек сияқты құс атауларының жасалуына негіз болғанын» [Сарыбаев Ш.Ш., 2000, 50 б.] айтады.
VІ. Адамның ұнамсыз қылықтарын білдіретін СЮП-тер:
Адыраңбай ~ дөрекі, Барпылдақ ~ мылжың, Былқылдақ ~ тұрақсыз, Көкекгүл ~ бөспе, Қомпылдақ~ мақтаншақ, Суқылдақ ~ өтірікші, Судырбай ~ суайт, Суайтбек ~ алдампаз, Шошаңгүл ~ ұшқалақ, Шақшақай ~ ызақор, Шыңқетпе ~ жылауық, Шіңкілдек ~ мазасыз, Шіңкей.
Әйеліме алдыма әлгі айнаңды ұстасаңшы десем, «немене, сүлік жабысып сұп-cұлу бетіңді көрейін деп пе ең!» деп, Шіңкейім шіңкілдейді. Айнадан өзімнің шапшақтай болған басымды, оған жабысқан бармақтай-бармақтай қан сорғыштарды көріп шошып кеттім.
- Мынаған қарашы,-деді Шіңкей, аяғын көтеріп, табанын көрсетіп,- шұлығым тесіліп қалыпты. Жамау жапсырайын ба енді? Кісі үйінде аяқ киімді шешпей отырмайсың (Ш.Смаханұлы. Сұлу екеніңді білмейсің?).
VІІ. Ән-күй, ойыншық атауларын білдіретін СЮП-тер:
Әридаш ~ әри-әри, әри+даш, Әләулай ~ әл-әу-лай, Гәкку ~ гәк-гәк, гәк-ку, Бипыл ~ бип-ыл, бипыл, Әупілдек ~ әуп-әуп, Дәйдім ~ дәй-дім, дәй-дім-ай, Діңгірбай ~ діңгір-діңгір (домбыраның дыбысы), Тыңқыбай ~ тыңқ -тыңқ (домбыра шерту), судыр ~ су-дыр, Қақпақыл (ойын аты), қақ-пақ-ыл, Сырғанақ~ сыр-ға-нақ (ойын аты), Тамтарам ~там-тарам-тарам, Тоқпақ тоқ-тоқ (қолағаш), Зырылдауық ~ зыр-зыр, Сылдырауық ~ сылдыр-сылдыр (ойыншық аты). Мұнда көбінесе дыбыстық еліктеуден, әуенді созып, не буын қайталаушылықтан туындаған.
Бипыл сөзінің шығу төркіні белгісіз. Сатирик Ә.Көшеров «Осындағы күлли, күлли дегені сөз емес – дыбыс, «ля-си, ля-си» мажор, «бипыл, бипыл» дегені – «ми-фа, ми-фа» дыбыстары, яғни гармонның ритмдік дыбысы»,– дейді, оны халықтық этимология деп түсінуге болады. Расында, қазақта Бипыл деген қыздың есімі кездеспейді.
Еліктеу сөздердің қатысымен жасалған СЮП-тердің астарында ұлттық үрдіс, қазақи мінез, әзіл-қалжың т.б этнолингвистикалық деректі тамыршыдай тап басып, таныту оңай емес. Кейіпкердің ерсі мінезі, жүріс-тұрысы, яғни ішкі болмысына сыртқы бітімі сай ат лайық қойылған. Қазақтың ән-күй өнері, ұлттық әуен, ұлттық ойын аттары да еліктеу сөздерден жасалған. Қаламгерлер кейіпкердің бейнесін, көркемдік қуатын, экспрессиялық бояуын қалыңдату үшін ат қоюда еліктеуіш сөздерді жиі қолданған.
Мысалы сатирик М.Рәштің Адыраңбаев деген кейіпкері бар, аты затына сай, «ашуқорлығы мен адыраңдаған мінезі қайда барса да қалмайды. Қой үстіне торғай жұмыртқалап тұрған жеріңіздің өзі ол келісімен астаң-кестеңі шығып, бүйі тигендей болады» [М.Рәш; 54].
Еліктеу сөздердің қайсысының мағынасын алып қарасақ та, адамның көңіл-күйі, жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, сөйлеу ерекшеліктері, мінез-құлқынан хабар беріп, «сөйлеп тұрғандай әсер береді». Мұндай аттар поэтикалық ономастикада «бейнелеуіш», «мағыналы», «сөйлейтін аттар» деген атауға ие.
Қорытындылай келгенде, «тіл-тілде не көп – сөз көп, сөздің түрі көп: …көне де, жаңа да, бір текті де, әр текті де, біріккен де, кіріккен де, мағынасы айқын да, күңгірт те, өлі де, тірі де – бәрі-бәрі тілде бар» [Манкеева Ж.А., 2004, 31] деп профессор Ж.Манкеева санамалап көрсеткендей, осы түбірлерден небір сиқырлы мағыналы сөздер туған. Ол сөздерді ойната, комикалық әсермен жеткізуде юмористер бар тілдік құралдарды қолданған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   111




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет