«Қр азаматтық құқығы (жалпы бөлімі)» пәнінен Атырау 2019ж


-тақырып. Азаматтық-құқықтық катынас. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау



бет2/28
Дата07.01.2022
өлшемі83,11 Kb.
#17472
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
dot azamatt k kuk k (zhalp bolim) daris-4

2-тақырып. Азаматтық-құқықтық катынас. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру және қорғау

Азаматтық құқықтық қатынастар деп – азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастарды айтамыз. Осы қатынастар кезінде тараптар өзара құқық пен міндет арқылы байланысты болады.

Азаматтық құқық нормаларыныңталаптарына сәйкес туындайтын және осы нормаларға тәуелді болатын тараптар арасындағы қатынастар азаматтық құқықтың қатынастары деп аталады.

Азаматтық құқықтық қатынастар азаматтар мен заңды ұйымдардың, мемлекет пен қоғамдық ұйымның, мемлекеттік аумақтың бірлестіктері арасында пайда болып, өзгеріп және жойылып отырады. Азаматтық құқықтық қатынастарда негізінен екі тарап бар: 1-тарап міндетті, ал 2-тарапқұқылы. Кей жағдайларда бір тарап әрі міндетті, әрі құқылы тарап болуы мүмкін.

Азаматтық құқықты қорғау. Азаматтық құқықтарды қорғауда сот, төрелік сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейінгі болған жағыдайды қалпына келтіру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қауіпін туғызатын әрекеттерге тыйым салу; міндетті заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетін айыпты өндіртіп алу: мәмілені жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемін төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттік басқару органының немесе жергілікті өкілді не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтін құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану;азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергі жасағаны үшін мемлекеттік органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндіртіп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдістермен жүзеге асырылады.

Азаматтық құқықты жүзеге асыру. Азаматтық құқықты жүзеге асыруда азаматтар мен заңды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды, соның ішінде өздерін қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Егер олер өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асыраудан бас тартуы, оның құқықтарының тоқтатылуына әкеп соқпайды.Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субьектілерінің құқықтырын және заңдармен қорғалатын мүдделерін бұзбауға, акйналадағы ортаға зиян келтірмеуге тиіс, сонымен қоса өздеріне берілген құқықтарды жүзеге асырған кездеадал, парасатты және әділ әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершілік қағидаттарын, ал кәсіпкерлер бұған қоса іскерлік әдептілік ережелерін сақтауға тиіс.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтіруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді.



3,4 -тақырыптар. Азаматтар азаматтық құқықтардың субъектілері ретінде. Занды тұлғалар азаматтық құқықтың субъектілері ретінде. Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқық субъектілері ретінде

Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. 

Азаматтық құқық субьектілері. Азаматтық құқық субьектілеріне:

  • Жеке тұлғалар;

  • Заңды тұлғалар;

  • Мемлекет;

  • Әкімшілік-аумақтық бөліністер жатады.

Жеке тұлғалар субьектілері ретінде.

Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып түсіндіріледі.

Жеке тұлғаның – азаматтық құқықтық қабілеттілігі мен азаматтық әрекет қабілеттілігі болуы тиіс.

Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті. Ол адам туылған кезден бастап қайтыс болғанға дейін жүзеге асырылады.

Азаматтық әрекет қабілеттілік дегеніміз – азаматтың өз әрекеті мен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі. Ол азамат кәмелеттік жасқа толған кезде, яғни 18 жастан пайда болады.

Әрекет қабілеттілік өз алдында мынадай түрлермен бөлеміз:



  • 14 жасқа дейінгі әрекет қабілеттілік, яғни олардың атынан мәмілелерді олардың ата-анасы, қамқоршы не қорғаншысы жүзеге асырады.Олардың тек ұсақ мәмілелер жасай алады. Оған: бағасы төмен ұсақ заттар және ол заттар кәмелетке толмаған адамның жасына сай келуі керек және қолма қол ақшаға алынуы тиіс.

  • 14 жастан 18 жас аралығындағы әрекет қабілеттілік, Бұл шектеулі әрекет қабілеттілік болып табылады. Бұл азаматтар мәмілелерді ата-аналарының, қамқоршы не қорғаншыларының келісімемен жасайды тек заңда кейбір ерекшеліктерге байланыстыбұларды әрекет қабілетті деп тану құқығы беріледі. Ол адам 18 жасқа толмай некеге отырған кезде.

  • шектеулі әрекет қабілеттілік немесе әрекет қабілетсіздік;

Әрекет қабілеттілігін шектеу – спирттік ішімдіктері мен есірткі заттарға салынуына байланысты әрекет қабілеттілік.

Әрекет қабілетсіздік – соттың шешімімен оның ақыл есінің кемістігі не жүйке ауыруына ұшағандығы белгілі, істеген істерін білмейтін азаматтар жатады. Әрекет қабілеттілігі шектелген адамдарға қамқорша немесе қорғаншы тағайындалады.



Заңды тұлға азаматтық құқықтың ең күрделі субьектісі болып табылады.

Заңды тұлға дегеніміз – меншік шаруашылық жүргізу немесе ортақ басқару құқығы, оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауЗаңды тұлға заң құжаттары мен құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз оргагдары арқылы ғана заматтық құқықтарға ие болып, өзіне міндеттер қабылдайды. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен – жайы жазылып көрсетіледі. Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін.

Ұйым заңды тұлға деген мәртебені алу үшін оларда:



  • ұйымдық белгісі;

  • мүліктік оқшаулығы;

  • дербес мүлікке жауапкершілігі;

  • азаматтық айналымдарға тікелей өз атынан түсуілері қажет.

Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі – оның құрылтай құжаттарында көрсетіледі. Мүліктік оқшаулығы – оған мүліктің бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билік жүргізе алуынан көрінеді.

Заңды тұлғаның оқшаулығы ол тілкелген сәттен басталады.

Дербес мүлікке жауапкершілігі – АК-те көрсетілген негіздерде жүзеге асырылады.

Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, сол мүліктерге байланысты міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер болу мүмкіндіктерінен көрінеді.

Заңды тұлғаның атауы – белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастың субьектісі деп тану үшін, оны дараландыру және нақтыландыру үшін қолданылады.

Заңда тұлғалардың фирмалық атауларымен қатар, тауарлық белгілері, қызмет көрсету белгісі де пайдаланылады.

Заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап бір мезгілде пайда болады.

Заңды тұлғаның арнайы құқық қабілеттілігі заңды тұлғаның өз қызыметіне байланысты қолданыстағы заңға сәйкес және жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін құрылтай құжаттарына сәйкес болады. Бұлардың құқық қабілеттілігі олар аяқталған кезде тоқтатылады.

Заңда тұлға негізінен екі түрге бөлінеді:

Комерциялық заңды тұлға – бұлардың басты мақсаты пайда табуды көздейтін ұйым.

Комерциялдық емес заңды тұлға – бұлардың басты мақсаты пайда табу емес, белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу болып табылады.

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністер – азаматтық құқықтың субьектісі ретінде.

Мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөлініс азаматтық құқықтың субьектісі ретінде ерекше орын алады. Оларды азаматтық құқықтық қатынаста басқа тұлғалар сияқты тең дәрежеде жүзеге асырылады және құқықтар мен міндеттерге ие болады.

Азаматтық айналымда мемлекет атынан ҚР-ның басқару және билік органдары жүзеге асырады. Заңда қаралған тәртіппен ҚР-ның арнайы тапсыруымен оның атынан басқа да мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар және жеке тұлғалар құқықтық қатынасқа түсе алады.

Мемлекет пен әкімшілік-аумақтық бөліністе азаматтық айналымда азаматтық құқықтық қатынастарының қатысушылары ретінде көрінеді, бұл олардың құқық пен әрекет қабілеттілігіне ие болатындығын білдіреді, бірақ олар сипатына байланысты азаматтық құқықтың басқа субьектілерінен ерекшеленеді:1-ерекшелігі: ҚР құқықтың басқа субьектілері орныдауға міндетті заңдарды қабулдау құқығына ие; 2-ерекшелігі: ҚР өзінің заңадарымен әр құқық субьектісінің өкілеттілік көлемін белгілейді, өзгертеді; 3-ерекшелігі: ҚР азаматтық қатынастағы қатысушылардың бірде-бірі иелене алмайтын құқықтарды иеленеді.

Мемлекет анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура, сот органдары лауазымды адамдарының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына теріс әрекеттерімен келтірілген зияны үшін жауап береді.

Азаматтық құқықта нормалармен реттелетін қоғамдық қатынастар «Азаматтық құқықтың объектісі» деп аталады. Оларға: мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Мүліктік игіліктер мен құқықтарға яғни, мүлікке: заттар, ақша, соның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объектіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтарға: жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, абырой, игі атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есім алу құқығы, автор болу құқығы және басқа материалдық емес игіліктер мен құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтағы бұл объектінің ерекшелігі, ол:


  • жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар - өзіндік құқық болып табылады. Яғни, ажыратылмайтындығымен ерекшеленеді.

  • жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтардың мүліктік емес сипаты бар. Яғни, бірте-бірте материалдық мазмұнға ие бола алады.

  • жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар – абсалюттік құқық.

  • жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар ешкімге берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет