Азаматтық құқықтық қатынастар - Азаматтық құқықтық қатынастар дегеніміз - қоғамдағы азаматтық-құқықтық нормалармен реттелетін мүліктік және мүліктік емес қатынастар және олар өзара азаматтық субъективтік құқықтармен және міндеттермен тығыз байланысты болып келеді
Азаматтық-құқықтық қатынастардың басты ерекшеліктері
1)Азаматтық-құқықтық қатынас субъектілері бір-бірінен тәуелсіз және тең құқылы
2)Азаматтық-құқықтық қатынастардың пайда болуының басты негізі болып шарт табылады
4)Бұзылған азаматтық құқықтарды сот тәртібімен қорғау
3)Жауапкершілік-келтірілген шығынның орнын толтыру сипатында болады
Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері
заңды тұлға
жеке тұлға
Жеке тұлға дегеніміз ҚР азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар.
Заңды тұлға - меншік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығында оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жіне мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Достарыңызбен бөлісу: |