Азаматтардың құқық қабілеттілігі - бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы. Құқықтық қабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына т.б. болмайды. Азаматтық құқықтық қабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Азаматтардың әрекет қабілетілігі – азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға және өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық – құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі.
Толық әрекет қабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекетқабілеттілік болмайды. Олардың артынан заңды өкілдері – ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.