«Ветеринарлық акушерлік және гинекология» пәнінен курстық ЖҰмыс



Дата14.09.2022
өлшемі34,04 Kb.
#39046

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

«Ветеринарлық медицина және мал шауашылығы» институты


«Ветеринария медицина және биоқауіпсіздік»
жоғары мектебі

5В120100-«Ветеринарлық медицина» мамандығы бойынша


«Ветеринарлық акушерлік және гинекология» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Мал төлдеу кезіндегі жарақаттар »

Орындаған: Вм-31 топ студенті Отарбаев Б.А


Тексерген: Аға оқытушы Сенгалиев Е.М
ОРАЛ – 2021жыл

Мал төлдеу кезіндегі жарақаттар
Аналық малдың әдеттегі жамбасы « туу жеріне » айналуы оның байланыс аппаратының әлсіреуімен көрінеді. Жамбастың барлық сіңірлері борпылдақ болады: олардың ұзындықтары 1/3-ге немесе 1/4-ге узарады. Эдетте, жамбас «туу жеріне» ұрықты шығарардан 12-36 сағат бурын айналады.

  1. Жыныс еріндерінің iciнуi және үлкеюі, олардың тepici жылтыр болады, бүктемелері жазылады.

  2. Ұрық туу алдында қынаптың кою жабысқақ шырышы сұйылады. Ұрықтың тууына 1-2 күн қалғанда қынап шырышының сұйылу процесі байқалады.

  3. Уыздың бөлінуі адетте 2-3 таулік бурын басталады, кейде ол осы уақыттан ерте немесе ұрық туғаннан кейін бөлінеді.

  4. .Төл туар алдында 12-50 сағат бурын малдың дсінің температүрасы 0,4-1,2 о С-қа төмендейді.

  5. Tiк ішек арқылы зерттегенде жатыр мойнының ұзындығының қысқаруы байқалады. Бұл оның ашылуын және биеде 10-24 сағаттан кейін, ал сиырда 2-3 сағат ішінде төлдің туатынын көрсетеді.

  6. Ұсак- малдың аналықтарының «туатын ұрыққа орын дайындауы» .

Туу сатылары. Туу сатысының уш түрiн ажыратады: ашылу сатысы, туу сатысы және туудан кейінгі саты. Төлдеу aктici —жетілген тipi ұрықты анасы ағзасынан шығарудан және ұрық қабығы мен оның суын қуудан тұратын физиологиялық процесс. Төлдеу — ұрық және аналық ағзасының қатынасуымен жатыр мускулатүрасы мен бұлшық еттің белсенді жиырылуы әсерiнен өтетін процесс.

  1. Ашылу сатысында жыныс ағзаларының бұлшық ет жиырылуы болады. Жиырылу ұрықца және қағанақ суларына жасайды, соның олар қысымы аз жаққа, басқаша айтқанда, жатыр мойнына қарай ауысып, ұрық жолының ашылуына ықпал жасайды. Ашылған жолға қағанақ қабықтары, оның ішіне алынған қағанақ сулары еніп, жол қабырғасына біркелкі қысым жасайды. Осының әсерiHен жатыр мойны ашылып, қынап және жатыр қабырғасымен бірігеді. Кағанақ қабықтарының болшектері жатыр мойны арқылы отіп, қынапца түседі, кейде сарпайдың сыртына жартылай шар тәрізді борпылдақ қапшық сияқты шығып түрады. Осы уақытта қағанақ қабыңтары жарылады, пайда болған тeciктен қағанақ суының жартысы сыртка төгіледі. Қағанақ қабының жыртылуы мен ашылу сатысы аякталады.

  1. Туу сатысы. Жатыр мойнына кағанақ қабы eнуiмен бірге төлдің жакын жатқан бөлшектері де кіреді. Кағанақ кабыңтарының жарылуынан кейін ұрық сұйыңпен бірге жамбас жолына еніп, туу жолдарының рецепторларын тітіркендіреді және бұлшық ет процесінің жиырылуын тудырады. Осы кезде ұрықтағы кысым жоғарғы деңгейге жетеді. Ұрық туу жолдарына кіреді, жакын жатқан ағзалары сарпай саңылауына жакындайды. Келесі бұлшық ет проңесінің және жатырдың жиырылуының әсерiнен ұрықтың жакын жатқан ағзалары сарпай сақылауынан итеріледі. Осыдан кейін ұрықтың шыгуы аяқталады, оның кіндігі үзіледі. Жатыр қуысында қағанақ қабыңтары қалады. Ұрық шығару кезінде аналық мал мазасызданады, ыңқылдайды, жатады және тез арада тұрады.

  2. Туудан кейінгі саты. Төл туғаннан кейін мал тынышталады, бірнеше минут созылатын үзіліс болады. Содан жатыр қайтадан жиырыла бастайды, бірaқ оның жиырылуы ондай кушті емес. Жиырылу процесі қағанақ қабықтары жатырдан қуылғанға созылады.

Егер ол көрсетілген мерзімнен ұзаса, оны бұрыс (патологиялық) төлдеу деп атайды. Төлдейтін малдың толғағы басталғанда оның сыртқы жыныс ағзадарын тазартады. Әдеттегі, туу кезінде акушерлік көмек көрсету. Акушер өз қолын жуып таза орамалмен сүртіп, йодталған спиртпен залалсыздаедырады және қолға резеңке қолғап киеді немесе стерилденген вазелин жағады. Жыныс саңылауынан төлдің алдыңғы аяқтары табанымен төмен (баспен келу) немесе артқы аяқтарымен табаны шалқасымен жамбаспен келуі көрінгенде аяқтарынан ұстап, сиырдың толғағы қайталанғанда тарту керек. Жаңа туға құлынды, бұзауды, қозыны, торайды ең алдымен оның танауын, мқрнын, ауыз қуысын таза орамалмен шырыштан тазарту керек. Мұны оынң өкпесіне ауа бару үшін жасайды. Содан кейін жаңа туған төлдің кіндігін өңдейді. Егер де кіндік өзі үзілмесе, онда оны ұрықтың құрсақ қабырғасынан құлын мен бұзауда 10-15 см, қозы мен торайда 5-8 см жіберіп жіппен байлайды да, байланған жерден 2-3 см төмен қайшымен кеседі. Егер қол астында қайшы болмаса, онда бір қолмен жоғарыда көрсетілген қашықтықта ұстап, кіндігін бұрап үзеді. Ең жақсысы аналарына төлдерін жалату, бұл жағдайда олардың ағзасының температурасын төмендетпейді. Құрғату мен массаж төлдердің қан айналыс жүйесін жақсартады және тоңғақтың тез арада шығуына ықпал етеді.
Ұрғашы малдың ағзасында буаздық, туу жəне туғаннан кейінгі кезеңдерде пайда болған ауруларды акушерлік аурулар деп атайды.
Буаз малдың ісінуі деп буаз малдың туар алдында бір ай шамасы бұрын артқы аяқтарында, құрсағының астыңғы жағында пайда болған ісіктерді айтады. Аурудың себептері біршама көп. Ең алдымен жем-шөптің құнарсыздығы, жетіспеуі, буаз малдың күнделікті серуенге шықпауы, жүрек, бүйрек аурулары (миокардит, нефриттер). Соның салдарынан қан айналу жүйесі əлсіреп, тамырларының ішкі қысымы артып, қанның сұйық бөлігі қан тамырларының сыртына сүзіліп шығады. Көбінесе тері астылық ұлпаға сіңіп жинала береді де, үлкен болып жайылған ісіктерге айналады Бұл ісіктер ауырмайды, бармақпен басып көргенде терең шұңқырлар қалады. Мұндай мал тез шаршайды, ентігеді. Мұндай ісіктер көбінесе мал туғаннан кейін 5-10 күннің ішінде өздігінен жойылып кетеді.
Буаздықтың ісігін туғанға дейін күнделікті уқалап сипайды, малды серуенге шығарады, сұйық азықты азайтып, сапалы пішенмен азықтандырады. Кейде күре тамырға хлорлы кальцийдің 100-150 мл 10%-дық ерітіндісін құяды.
Буаз-көтерем. Буаз мал тууға 1,5-2 ай қалғанда аяғына тұра алмай жатып қалады. Ауру көбінесе сиырларда қыс мезгілінде кездеседі. Аурудың нақтылы себептері толық анықталмаған. Дегенмен малдың жем-шөптен қысылуы, серуенге шықпауы, суыққа шалдығуы əсер етуі мүмкін.
Алғашқы кезеңінде сиырлардың жүрісі өзгереді, теңселіп жүреді, кейіннен жатып-тұруы қиындап, бір жерден екінші жерге сүйретіліп жылжиды. Жем-шөпке тəбеті сақталады, дене қызуы да қалыпты жағдайда. Аналық мал туғанға кей жағдайда туғаннан кейін 1-2 аптанын ішінде тұрып кетуі ықтимал. Ал еңді көп жатып қалса ас қорыту ағзаларында атониясы, дамып, малдың жатқан тұсы тесіліп, аналық мал уланудан немесе септицемиядан өледі. Емі: аналық малды рационына оңай қорытылатын, дəруменді, минералды заттар мен байытылған, ақуызды азықтарды енгізеді, яғни балық майын, сəбіз, құрғақ пішен. Малдың жатқан жері құрғақ болғаны дұрыс, үсті- басын, жанбасын уқалап сүртіп 2-3 рет аударып тұрады. Күре тамырға 100-150 мл хлорлы кальцийдің 10 %-дық, 200-300 мл глюкозаның 20 %-дық ерітінділерін жəне кофеинді қосып жібереді.
Жатыр жарығы. Буаз малдың құрсақ көк еті соққы əсерінен жыртылып, жатыр пайда болған тесік арқылы тері астына шығып кетеді. Бұл ауру көбінесе сиырда, биеде, ешкіде кездеседі. Бір бүйірі немесе құрсағының астыңғы жағы бұлтиып шығып тұрады. Ұстап, түртіп көргенде ішіндегі жиналған шарана суын, кейде төлдің дене мүшелерін сезуге болады. Уақыт өткен сайын жатыр тері астына ығысып, сыртынан қарағанда ісіктің көлемі ұлғая береді. Бірақ бұл патология төлдің өсіп, дамуына аса əсерін тигізе коймайды. Малдың жалпы жағдайы да өзгермейді, тек туу кезінде мал өздігінен туа алмай көп қиналып, төл тұншығып өліп кетуі мүмкін. Ауруды емдеу əдісі табылған жоқ, тек төлді туған кезінде тартып шығару қажет, қажет болса кесарь тілігін жасайды.
Жатырдың бұралуы көбінесе сиырда кездеседі. Бұл патологиялық үдерістің мəні жатыр өз өсінен 180-360 °-қа айналып кетеді. Буаздықтың мерзімі асқан сайын жатыр ұзара түседі де, оны бекітіп ұстап тұрған шарбының (брыжейка) əлі жетпей, мал кұлағанда, арықтан карғып өткенде жатыр оп-оңай оз өсінен айналып кетеді. Сондықтан да буаздықтың екінші жартысына ауған малды қуалап айдауға, биік төбеден ылдиға төмен карай түсіруге, тар есіктен сығылыстырып шығаруға болмайды. Жатыр толық бұралмаған жағдайда, оның қан тамырлары қысылмай, буаздық аяғына дейін дұрыс жүре береді. Жатыр толығымен айналғанда жатырдағы төл тұншығып өледі. Жатыры бұралған малдың алғашқы кезде жалпы жағдайы өзгермейді, кейіннен əр түрлі түйнектер (коликтер) пайда болып мал мазасызданады, күшенеді, бірақ ешқандай кағанақ қабықтары шықпайды. Қынаптың кілегейлі қабығының катпарлары жатырдың бұралған жағына қарай тартылып тұрады.
Тік ішек арқылы қол салып зерттегенде бұралған жатырды оңай анықтауға мүмкіндік береді. Жатырдың бір жақ шарбысы тартылып, екінші жағы бос жатады. Жатыр 360°-қа бұралса көп кешікпей-ақ оның қабырғасында өлі еттену байқалып, жатыр қынаптан бөлініп түседі. Бұралған жатырды калпына келтіру үшін, тік ішек арқылы жатырды кері бұрау қажет, ол мүмкін болмаса малды тегіс жерге жығып оны арқасынан жатырдың бұралған жағына жылдам аудару, қажет. Егер аталған əдіс нəтиже бермесе малдың артқы аяқтарын байлап, 0,5-1 м биіктікке көтеріп іліп қояды. Мал əрі-бері бұлқынғанда жатыр орынына келуі мүмкін. Осы жоғарыда айтылған əдістер нəтиже бермесе, кесарь тілігі жасалады. Кынаптың айналып түсуі буаздықтың соңына қарай, көбінесе сиыр мен ешкіде қыс айларында немесе ерте көктемде кездеседі. Жем-шөптің жетіспеуінен, малды серуенге шығармау, кұрсақ қуысындағы қынап босаңсып сыртқа карай ығысып шығады.
Алғашқы кезде қынап жартылай ғана түседі, тек үстіңгі қабырғасы ғана айналып жұдырықтай болып қызарып шығады. Сиыр орнынан түрегелгенде түскен қынабы кайтып орнына барып көрінбей қалады. Бірақ уақыт өткен сайын ауру одан əрі асқына береді де, қынаптың толық түсуі байқалады, тіпті жатыр мойыны да көрініп тұрады. Қынаптың түскен бөлігі күнге кеуіп, жарылып, топырақ, зəр-нəжіспен ластанып қабынады, ісінеді, мал күйзеліске түседі. Қынаптың кілегейлі кабығы карайып шіріп өлі еттенеді. Мал нəжіс, зəр шығарғанда қиналады. Ауруға уақтылы ем көрсетілмесе мал сепсистен немесе басқа да асқынулардан өледі.
Емдеудің негізгі мақсаты: түскен қынапты емдеудің екі түрі кездеседі:
1. орнына салынған қынапты концервативті емдеу, сарпайға арқаннан, теріден жасалған бандаждар салу арқылы;
2. орнына салынған қынапты сарпайға кисеттік тігістер салу арқылы бекіту.
Қынап түскенде төменгі сакральдық-эпидуральдық жансыздандыру тосқауылын пайдалану жақсы нəтиже береді. Тосқауыл техникасы: инені бірінші жəне екінші құйрық омыртқалары денесінің арасына енгізеді. Инені енгізу орнын табу үшін, ІҚМ құйрығын қолмен қимылдатады жəне жоғары көтеріп түсіреді соның арқасында 1 жəне 2 омыртқа арасында ойыс пайда болады.диаметрі1мм болатын инені мандрені мен тігінен қуысқа бағыттап 2-4 см енгізеді, егерде инеден қан шықпаған жағдайда шприцті жалғап 1,5%-новокайнның 10-15 мл жылытылған ерітіндісін эпидуральдық қуысқа жібереді. Ерітінді мөлшері сербек сүйегінің шетінен шонданай дөңесіне дейінгі аралықты өлшеп үшке бөледі қандай сан шықса сонша мөлшерде новокайн ерітіндісі жіберіледі. Егерде шамадан тыс артық новокайн мөлшері шамадан тыс артық жіберілсе онда малдың артқы аяқтарының салдануы байқалып мал құлап түсуі мүмкін.
Шудың түспей қалуы. Туу үдерісі шудың бөлініп түсуімен аяқталады. Сиырлардың шуы 5-6 сағаттың ішінде бөлініп түседі, биенің шуы 0,5 сағатта, қой мен ешкі, мегежін, қоян, қаншық, мысықтың шуы 2-3 сағаттың ішінде бөлініп түседі. Шудың түспей қалуы көбінесе ерте көктемде сиырларда кездеседі. Шудың түспей қалуының негізгі екі себебі бар. Олар жатырдың атониясы жəне хорионмен жатыр кілегейлі қабатының кейбір тұстарының (плаценталары) жабысып қалуы. Жатыр атониясы малдың рационында минералды заттардың, витаминдердің жетіспеушілігі жəне серуеннің болмауы, аналық малдың шамадан тыс семіріп немесе арықтап кетуі. Сиырдың тұрған жері тегіс болмай, артқы аяқтарына салмақ түсіп қисайып тұрса да, осындай жағдай кездеседі. Ал енді плаценталарының жабысып қалуы, көбінесе індеттік аурулардың нəтижесі деп білеміз. Атап айтқанда бруцеллез, вибриоз, трихомонозбен ауырған сиырлардың бəрінің де шуы уақытында өздігінен бөлініп түспейді. Малды жасанды ұрықтандыруда маноцервикалді жəне ректоцервикалді əдістермен ұрықтандырғанда, жатыр мойын өзегіндегі шырыштың тосқауылдық қасиеті бұзылып, шəуетпен бірге патологиялық микрорганизмдердің енуінен, плацентаның қабынуына келіп соғады. Клиникалық белгілеріне қарай шудың түспеуін толық жəне жартылай болып екіге бөлінеді. Қағанақ қабықтары түгелдей (амнион, аллантоис, хорион) жатыр ішінде қалып қойса, оны шудың толық түспеуі, ал аллантоис, амнион, тіпті хорионның да біраз плаценталары ажырап сыртқа шықса, ол шудың жартылай түспеуі болып саналады. Сырттай қарағанда сиырдың артқы жағында жыныс саңылауынан тілерсегіне дейін салбырап тұрған қағанақ қабықтарын көреміз. Түспей қалған шу 2-3 күннен кейін іріп-шіріп, аналық малдан жағымсыз иіс байқалады, жатырдың кілегейлі қабаты тітіркеніп қабыну үдерісі дамиды (эндометрит). Малдың дене қызуы көтеріледі, ас қорыту ағзаларының қызметі бұзылады, іші өтеді.
Биенің шуы түспей қалуы өте қауіпті, сиыр малы сияқты көпке шыдамайды. Биелердің шуының түспей қалуы өліммен аяқталады. Сол себепті шуы түспей қалған малға шұғыл түрде ветеринарлық көмек көрсету талап етіледі. Емі. Түспей қалған шуды сағат бағытымен бұрап, антисептикалық ерітінділермен жуып-шайып, жатырдың жиырылуын (тонусын) көтеретін препарат қолданылады. Д.Д. Логвинов күре тамырға 40-50 мл окситоцин немесе питуитрин (8-10 мл) ерітіндісін жібереміз, егерде нəтиже бермесе 6-12 сағаттан кейін күре тамырға 100 мл новокаиннің 1 %-ерітіндісін жіберген дұрыс, сондай-ақ сиырға 0,5 кг қанттың ерітіндісін ішке береміз.
Н.А. Флегматов сиырға 2-3 л шарана суларын ішкізуді ұсынады. Шуы түспей тұрған сиырдың күре тамырына 10 % хлорлы кальцийдің 150 мл, 40% глюкозаның 100-150 мл ерітіндісін құюды ұсынады, тері астына 2-3 мл синэстролдың 1% майлы ерітіндісін, 2-3 мл 0,5 %-дық прозеринді немесе 2-3 карбохолиннің ерітіндісін енгізу ұсынылады. Жатыр ішіне 500 мл ихтиол 30%-дық ерітіндісін, ас тұзының 10 %-дық ерітіндісін жібергенде шудың түсуі жеңілдейді əрі эндометрит ауруының өрбуіне жол бермейді. Осы əдістер нəтиже бермеген жағдайда шуды қол мен алу ұсынылады, ол үшін дəрігер қолын тазалап жуып, ихтиол майымен майлап, əрбір карункуланы котилидоннан ажыратады, шуды алып болған соң, жатыр ішіне (фуразолидон, экзутер таяқшаларын, септиметрин метромакс, ихитол ерітінділерін) яғни антибактериалды препараттарды енгізу ұсынылады .
Жатырдың айналып түсуі. Бұл ауру көбінесе сиыр мен ешкіде кездеседі. Туу үдерісінен кейін, қиналып туғанда іле-шала 4-5 сағаттың ішінде жатырдың ішкі кілегейлі қабатымен теріс айналып, жамбас қуысынан шығып кетуімен сипатталады. Себептері: Буаз малды серуенге шығармай бір орында байлап ұстау, тұрған орыны артқа қарай өте көлбеу болуы, рационы құнарсыздығы, төл өте үлкен немесе қағанақ қабықтарының бөсірінен жатырдың созылып кетуі, төлді жатырдан тартып шығару, жатыр атониясы, малдың сақа болуы, түспеген шуға ауыр зат байлап қою. Клиникалык белгілері: Алғашқы кезде сиыр құйрығын көтеріп, белін бүкірейтіп, қайта- қайта күшеніп, түйнек болған мал сияқты мазасызданып тұрады. Бұл кезде жатырдың айналып шығып бара жатқанын анықтау қиын. Уақыт өте келе жатыр біртіндеп сыртқа қарай айналып шыға береді де, бір кезде толығымен лықсып түсіп кетеді.
Сиырдың сарпайынан тілерсегіне дейін салбырап, сыртында үлкендігі тауық жұмыртқасындай көптеген түйіндері бар, қанталап тұрған кызыл-қоңыр түсті денені көреміз. Сиыр жатқан кезде оның айналып түскен жатыры зəрмен, нəжіспен, шөппен ластанып, ісініп, ұлпасы өлеттене бастайды. Қыстың күндері үсікке шалынып, ал жаздың күндері тез іріп-шіри бастайды да, сепсиске айналады. Емі. Жатыр ұлпасында терең өзгерістер болмай тұрғанда тез арада оны орнына салып. Ол үшін алдымен эпидуральді анестезия жасайды, содан кейін жатырды таниннің, ашутастың немесе марганец қышқылы калийдің 1:1000 қатынасындағы ерітінділерімен тазалап жуып, тазалап, өлі еттенген тұстарын алып тастап, орнын 5% йод ерітіндісімен күйдіреді, содан кейін жатырды түгелдей стрептоцид эмульсиясымен майлап ішіне қарай итеріп орнына салуға əрекет жасайды. Малдың артқы жағын биіктеп көтеріп қойса, жатырды орнына салу оңайлау болады. Жатырдың көлемін кішірейту үшін қынап кабырғасына əр жерінен жалпы көлемі 40-50 мл окситоцин ерітіндісін жібереді жəне оның сыртынан ұзын үрпімен мықтап орап таңып тастайды. Жатырды жамбас қуысына салған бөлігін құрсақ қуысына түсіріп, оның бүгіліп қалған қатпарларын жазу қажет. Жатыр қайтып шығып кетпеу үшін сарпайды қолмен 0,5-1 сағат ұстап тұрған пайдалы.
Жатырдың субинволюциясы жəне атониясы. Қалыпты жағдайда төлдеген малдың жатыры 1-1,5 аптаның ішінде жамбас қуысына қайтып келуі керек. Бұл үдерісті жатырдың инволюциясы деп атайды. Ал енді, жатырдың қайта қалпына келу үдерісінің созылуы жатыр субинволюция деп аталады. Бұл ауру көбінесе аналық малдарда қыстан əлсіреп шыққанда байқалады. Субинволюцияның пайда болуына төлдің қағанақ қабықтарының бөсірі, көп төлділік, буаздық кезеңде малдың серуенге шығарылмауы, тұрған жерінің артқа қарай көлбеу болуы. желін ауруларының себептері, құнарсыз азықтармен азықтандырылуы. Клиникалык, белгілері мен патогенезі. Аурудың ең басты белгісі жатырдың жиырылмауы, лохийдің бөлінуі (лохий мал жатқан кезде сарпайынан қан араласқан, қызыл-күрең түсті жағымсыз иісті сұйықтықтың бөлінуі).
Мал жатыр ішіндегі іріп-шіріген лохий сұйықтықпен улануы байқалады. Соңы мал ағзасын сепсиске əкеліп соқтырады. Жатырда эндометрит ауруы өрбіп, малдың жем-шөпке тəбеті болмай, күйіс қайырмай, ас қорыту қызметі бұзылып, іші өтеді. Тік ішек арқылы қол caлып зерттегенде, жатыр көлемінің ұлғайғандығы, сұйықтық жиналғандығы жəне жатыр құрсақ қуысында жатады.
Жұмыртқалықта тұрып қалған сары дене. Мал күйге келмейді немесе жыныстық циклі жарамсыз болып аналық мал ұрықтанбайды. Емі. Қолқа тамырға Логвинов Д.Д. əдісімен 4-5 бел омыртқаларының оң жағынан көлденең қабырғалық өсінділер арасына, омыртқаның тік өсіндісінен 7-8 см сыртқа ала отырып №20198 диаметрлі инені мандренімен 25-30° бұрышпен омыртқа денесіне жеткенше енгізеді де қайта артқа тартып, инеге көлбей жағдай беріп 2-4 см жəне енгізеді де новокаиннің 1%- ерітіндісін 10-150 мл, немесе 10% новокаин ерітіндісінің 10мл окситоцин немесе питуитриннің 60 ƏБ қосып жіберсе жақсы нəтиже береді, сиырды кешіктірмей сауып тастау керек. Сүттің жиналып тұруы желіннің қызметін бұзады. Қолқаға новокаин ерітіндісін құйуды 2-3 тəлікте қайталауға болады.
Сонымен қатар күре тамырға 150-200 мл глюкоза, 100-150 мл хлорлы кальций жіберіп, тік ішек арқылы жатырға массаж жасау, шарана суын ішкізу (өз еркімен ішпесе аузынан құяды) күнделікті серуенге шығару, аутогемотерапия, аутолактотерапия (тері астына өз уызын жіберу), жұмыртқалық безіндегі сары денені сығып тастау, ауру малдың 1-2 ай ішінде емделеді. Туғаннан кейінгі салдану (парез). Ауру өте жіті өтіп, кенеттен пайда болатын ауру. Көбінесе семіз, сүтті сиырларда кездеседі. Құнажындар, сүті аз жергілікті мал ауырмайды. Ауру алғашқы кезде сиырдың қозғалысы бұзылады, кейіннен сиырдың аяқтарының қызметі баяулайды, іші кебеді, дене температурасы төмендейді. Денесін, мүйізінің, құлағының түбін ұстағанда салқындағанын байқайлады. Мойын омыртқасы иректеліп, басы бір жақ бүйіріне қисайып, тілі салбырап шығып жатады. Көзі бадырайған, кейде жұмулы, ешқандай айқай-шуға, ұрғанға көңіл аудармайды. Тік ішегінде қатып, кеуіп қалған нəжіс байқалады. Қуық зəрге толып кетеді, кейде туып жатқан кезде де болуы мүмкін. Көбінесе туғаннан кейін 1-2 күннің ішінде байқалады да, дер кезінде көмек көрсетілмесе сол алғашқы 24 сағаттың ішінде-ақ өліммен аяқталады. Өте сирек жағдайда ауру мал өздігінен жазылып кетуі мүмкін. Дене температурасы жоғарылап, тамыр соғуы дұрысталып, басын көтеріп, айналасына қарап, ішек-қарын қызметі қалпына келе бастайды. Себептері: Аурудың нақтылы себебі белгісіз. Дегенмен көптеген ғалымдар аурудың пайда болуын гипокальцемия, гипогликемия құбылысымен байланыстырады.
Туғаннан кейінгі кезеңде малдың қанында кальцийдің, натрийдің, көмірсуларының күрт төмендеп кететінін растайды. Бұл ауруға көбінесе жоғары өнім беретін қоңды, серуенге шықпаған жəне желдің өтінде тұрған мал шалдығады. Емі: Қазіргі таңда ең тиімді ем сиырдың желініне ауа үрлеу. Бұл үшін желіннің үрпісін 70° спиртке малынған мақтамен сүртіп оған кəдімгі сүт катетерін салып Эверс аппаратымен (45-сурет) немесе велосипед насосымен ауа үрлейді, ауа шығып кетпес үшін емшектерінің ұшын 15-20 минутқа дəкемен байлап қояды.
Сонымен қатар айтылған емге қосымша тері астына 10 мл кофеин, күре тамырға 200 мл глюкоза немесе хлорлы кальций, глюконат, кофеин ерітінділерін жібереді. Сиырдың үстін ысқылап, сүртіп, каналдарын жауып қояды, егер жасалған əрекет тиімді əсер етсе жарты сағаттың ішінде жазылып тұрып кетеді.
Тууға көмек көрсету кезінде жамбас сүйегінің құрылысын жəне төл мен туу жолдарының қалыпты арақатынасын нақты білу қажет. Сиырдың жамбасы басқа малдарға қарағанда ыңғайсыз. Жамбас қуысына кіреберіс екі жағынан сығылып сопақша тəрізді болып келеді. Жамбас қуысының көлденең диаметрінен жамбас қуысы кіреберісінің орта қөлденең диаметрі едəуір кіші. Шонданай өсінділері жоғары көтеріліп келіп, жамбас қуысының бүйірлік қабырғасын түзеді. Жамбас қуысынан шыға беріс шонданай дөңестерімен шектеледі де, төл шығып келе жатқанда қысылады. Иіліп келген құйымшақ жəне тегіс емес тереңдеу жамбас қуысының түбі жамбас өсіне сынық қисық-сызық (ломаная кривая) пішін береді. Бұл төлдің жылжитын негізгі бағыты болып табылады. Тууға көмектесу кезінде, егер төл жамбас қуысына келіп жыныс саңылауынан аяқтары жəне басы шығып тұрса төл тез жеңіл туу үшін оны артқа қарай көтеріңкіреп тартса жеткілікті. Төл мен жамбас қуысының арақатынасын дұрыс анықтау үшін мынадай ұғымдарды пайдаланады: төлдің орналасуы, туу жолдарына келуі төлдің позициясы жəне дене мүшелерінің орналасуы.
Төлдің орналасуы – төлдің дене өсінің анасының дене өсіне қатынасы; төлдің ұзынынан орналасуы дұрыс, төлдің омыртқасы анасының омыртқасына паралель болады. Төлдің туу жолдарына келуі - төлдің анатомиялық бөліктерінің жамбастың шыға берісіне қатынасы; қалыпты жағдайда басымен жəне жамбасымен келеді. Төлдің орналасуы – төлдің арқасының анасының құрсақ қабырғасына қатынасы; дұрысы жоғарғы орналасуы, төлдің арқасы анасының омыртқаларына сəйкес келеді. Төлдің дене мүшелерінің орналасуы - басының, аяқтарының жəне құйрығының оның денесіне қатынасы; басымен келгенде алдыңғы аяқтары жамбас қуысында, оның үстінде басы жатады, ал жамбасымен келгенде артқы аяқтары жазылып жамбас қуысына бағытталғаны дұрыс. Ірі төл немесе жамбастың тарлығы. Төлдің ірі болып туылуы тұқымаралық будандастырғанда көп кездеседі немесе буаз кезінде құнарлы азықтандырғанда болады, жамбас қуысының тарлығы туа біткен немесе сүйек сынығынан кейін дұрыс бітпей, деформацияға ұшырағанда кездеседі. Төл ірі болғанда оның орналасуы, туу жолдарына келуі дұрыс болғанымен төлдің көлемі жамбас қуысына дəл келмейді. Осындай жағдайда туу жолдарын ылғалдандырады, ол үшін сұйық май, сабынды су, вазелин, ланолин, глицерин жəне т.б. заттар пайдаланылады. Көмекке қолданатын арқандар қайнатып залалсызданған вазелин немесе шошқа майымен майланады.
Төлдің аяқтарына тұзақ салып арқанды тартып көреді. Төлді тартып шығару кезінде аяқтарын кезектестіріп тартады, егер төлді белдемесі қысылып қалса, төлге бүйірлік позиция береді.
Төлдің дене мүшелерінің бұрыс орналасуы. Төл басының бір жағына бұрылуы. Көмек көрсету үшін алдынғы екі аяғына жіп тұзақ салып бекітеді де, төлді мүмкіндігінше құрсақ қуысына қарай итереді. Қолды туу жолына салып, сұқ саусақ пен басбармақты екі көздің жоғарғы жағына салып ұстап басты түзетеді. Кейде жоғарғы жəне төменгі жақ сүйектерінен ұстап түзетуге де болады.
Төл басының шалқая қайырылуы. Төлдің аяқтарына тұзақ салып алған соң, оны құрсақ қуысына қарай итеріп, мойнына салған тұзақ арқылы оның басын жайлап тартады да, иектен немесе тұмсығынан ұстап жоғарыда көрсетілген тəсілдермен түзейді.
Алдыңғы аяқтың тізеден бүгілуі (бір аяғы немесе екі аяғы). Сарпайдан шығып тұрған төлдің аяғына, басына тұзақ салып алып, төлді кейін қарай итереді. Содан кейін қолды салып қайырылған аяқты тауып алады. Оның тұяқтарын алақанға салып ұстап, төлді кейін итереді де, бүгілген аяқты жоғары көтере тартып туу жолдарына шығарып, төлді суырып алады.
Алдыңғы аяқтың иық буынынан бүгілу. Екі буынның біреуі немесе екеуі бірдей бүгіліп қалуы мүмкін. Төлдің басына ноқта салып алып, оны құрсақ қуысына итереді. Қолды салып, бүгілген жағының кəрі жілігінен ұстап төлді кейін итере отырып, аяқты туу жолдарына бағыттайды.
Аяқтың тірсек буынынан бүгілуі - тірсек буынынан бүгілген аяқты қынапқа қолды салып, оның тұяғына жетіп, алақанға салып ұстап, төлді құрсақ қуысына қарай итеріңкіреп, аяқты көтере тартады. Екінші аяқты да осындай тəртіппен түзеп шығарып алады. Бүгілген аяқтарды түзетпей төлді тартқылауға болмайды, өйткені аяқтары бүгілген күйінде шығару мүмкін емес.
Артқы аяқтың ұршық буынынан бүгілуі. Көмек көрсету үшін бүгілген артқы аяқты асықты жіліктен ұстап, төлді құрсақ қуысына қарай итере отырып түзетеді. Егер төлді тірсек буынынан бүгілген қалыпқа келтірсе оны жоғарыда айтылған тəсілдермен шығарып алуға болады.
Төлдің көлденең келуі. Төлдің туу жолдары арқасымен келуін анықтау қиын емес. Қынапқа салынған төлдің арқасына тіреледі, ал оның бас, аяқтары жатырдың алдыңғы жағында жатады. Егер төл туу жолдарына құрсақ жағымен келсе, онда оның төрт аяғын да, басын да қолмен ұстауға болады. Мұндай жағдайда төлдің бас жағы немесе жамбас жағы туу жолдары жақын жатқанын анықтап алып, оның дене мүшелерін жолдарына ыңғайлайды.
Төлдің шалқасынан жатуы (төменгі орналасуы). Көмек көрсетудің мəні-төлді жоғарғы позицияға келтіру, төлдің арқасын анасының арқасына сəйкестендіру. Бірақ алдымен туу жолдарын ылғалдандырып алу керек, ол үшін жатыр ішіне 4-5 л. өсімдік майын, вазелин немесе 2-4 л. сабынды су қолдануға болады. Басы мен аяқтарына жіптен тұзақ салады төлді құрсақ қуысына қарай итеріп, жатырға салған қолдың күшімен төлді аударуға тырысады. Көмекші адам жəрдем көрсетіп жатқан маманның айтуымен жұмыс істейді. Кейде сарпайдан шығып тұрған төлдің аяқтарын біріктіріп байлап, олардың арасына көлденең мықты ағаш салып, жəйлап бұрай отырып та төлдің жоғарғы орналасуға келтіруге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қанжігітов Е.Қ., Қойбағаров Қ.У.,Аханов Д.Д., Доспулов Ж.А. «Жануарларға жасанды ұрықтандыру жүргізу»

  2. Ә.Н. Ермаханбетов. Клиникалық және қолданбалы диагностика (оқулық). Алматы. 2009. 424 бет.

  3. Мағаш Аятқанұлы. Мал акушерлігі және көбею биотехнологиясы. (оқу құралы). Павлодар. 2006. 253 бет.

  4. Б.К Ілиясов. «Ветеринариялық хирургия». (Оқу құралы). Алматы. 2008 жыл.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет