Бөлшек төлемдер ағыны 2009 жылдың III тоқсанда сомасы 749,0 млрд. Теңге (5,0 млрд. АҚШ долл.) 4,1 млн. құжат болды. 2008 жылдың III тоқсанымен салыстырғанда клиринг жүйесіндегі құжаттар саны 12,2 % (445,3 мың құжатқа) ұлғайды, ал төлемдер сомасы 24,8 % (148,6 млрд. теңгеге) көтерілді.
Әрбір пайдалаушының таза позициясы айқындалғаннан кейін, есеп айырысу рәсімдеріне дайындық басталады. Таза позициялар пайдаланушылардың БАЖ-дағы қаражатының жеткіліктілігін тексеру үшін БААЖ-ға жіберіледі. Егер қаражат жеткілікті болса, дебеттік таза позицияның сомасы оқшауланады. Егер қаражат жеткіліксіз болса, БААЖ-дағы қажетті сома оқшауланады және жетіспейтін өтімділік сомасына кезекті «жеделдету» рәсімдері қолданылады. Жетпейтін соманы құрайтын төлем тапсырмасы басымдылық кодтарына және FІFО принциптеріне сәйкес кезектен алынып, тапсырма жіберушіге хабарлама беріледі. Осыдан кейін пайдаланушылардың таза позициялары қайта есептеліп, таза позициялар түпкілікті есеп айырысу үшін БААЖ-ға жіберіледі.
Пайдаланушылар операциялық күн ішінде екі рет (немесе талап бойынша одан да көп) автоматты түрде ақпараттық көшірме алады. Ақпаратқа жіберілген және алынған төлем тапсырмалары, сондай-ақ БТЖ-дегі таза позиция кіреді. Мұндай қызмет көрсету түпкілікті есеп айырысуға дейін етімділікті басқаруға жәрдемдеседі. Басқаша айтқанда, пайдаланушылар ақша рыногындағы есеп айырысу уақытына дейін немесе ҚРҰБ-нің кредиті арқылы өтімділіктің қажетті көлемін ала алады.
Банкаралық клиринг жүйесінде 2009 жылғы 1 қазандағы жағдай боынша қатысушылардың саны 38 болды, олардың 31-і екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті, ҚР Ұлттық Банкі, Мемлекеттік Жинақтаушы Зейнетақы Қорының Кастодиан Банкі (ҚҰБ МОЕБ), Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық үшін 3 шот, «Казпошта» АҚ.