Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының


Әдебиет: Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы, 2006



бет133/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

Әдебиет: Общенациональная идея Казахстана: опыт философско-политологического анализа. – Алматы, 2006.

ИЕРАРХИЯ (грек. Hіerarehіa hіeros қасиетті және билік) – мәдениеттануда әр сатыда тұрған түрлі мәдениетті көрсететін теориялық бағыт. Бұл жүйені теориялық бағыт бойынша мәдениеттанушылар белгілі бір мәдениетті маңызды, құнды болашақта дамуға бейім деп бағалайды. Екінші бір мәдениет құндылығы, маңызы жағынан төмендеу, өз құндылығын жоя бастаған деп бағаланады. Бірақ, бұл көзқарасқа қарсы тұрар концепция эгалитаризм (мәдениет теңдігі).

ИЗОМОРФИЗМ (грек. іsos тең, бірдей, morphe түр, пішін) – көркем мәтіндегі мазмұн мен түрдің сәйкестігі. Кең мағынада алатын болсақ, көркем шығармадағы мазмұн мен форманың (идея, сюжет, стиль т.б.) үндесуі. Кейбір зерттеушілер қандай да болмасын көркем шығармаға И. тән деген тұжырым жасайды. Алайда, И. көркем шығармада көрініс табуы әрқалай, көбіне суреткердің шеберлігіне, көркем шығарманың эстетикалық деңгейіне байланысты болады. Мыс., көркемдік жүйенің барлық саласында да И. бірдей көрініс таппауы мүмкін. Поэтикалық шығармаларда параллелизм үлкен рол атқарады, онда мазмұндық пен дыбыстық бірліктің орны ерекше. Тіпті бейнелеу мақсатында объекті болып отырған бейне, не заттың ерекшелігіне байланысты лексикалық сөз байлығының өзін іріктеп, қолдану ерекшелігі байқалады. Н.Буало өзінің әйгілі «Поэтикалық өнер» атты еңбегінде идиллия жанрына талдау жасағанда «қарапайым» және «табиғи» деген ұғымдарды қолданса, ал одаға талдау жасағанда «экспрессивті» және «патетикалық» деген терминдерді қолданады. И. белгілері өлең өлшемдерінде, синтаксистік құрылым жүйесінде де көрініс табуы мүмкін (Қ.Ысқақов, Ф.Достоевскийлердің «тығыз» синтаксисі, немесе М.Әуезов, Л.Толстойлардың кең тынысты стилі т.б.).


ИЛАНДЫРУ (лат. verificare – ақиқатты көрсету) – объективті дүние туралы пайымдаулардың ақиқаттығы сезімдік деректермен салыстыру арқылы анықталуы керек деген позитивизмнің негізгі принциптерінің бірі. Ұғым Вена үйірмесінде тұжырымдалған. И. негізіне таным сезімдік тәжірибенің шеңберінен шыға алмайды деген тезис алынған.


ИЛЬЕНКОВ Эвальд Васильевич (18.02.1924. Ресей, Смоленск 21.03.1979, Мәскеу) – орыс ғалымы, философия ғыл. докт. (1960). Ұлы Отан соғысына қатысқан (1943 – 1945). Мәскеу мемл. ун-тiн бiтiрген (1950). 1950 жылдан өмiрiнiң соңына дейiн КСРО FА-ның Философия инс-тында кiшi, аға ғыл. қызметкер болып жұмыс iстедi. И. диалектиканың, диалект, логиканың түбегейлi мәселелерiн философия тарихымен, немiс классик, философиясының жетiстiктерiмен байланыстыра зерттеп, адам ойының табиғаты, ойлау заңдылықтары, идеалдылық, т.б. проблемаларды зерделедi. Fалым ғыл. ойлау теориясының логикалық-диалект, теориясын талдау жасауға елеулi үлес қосты, ғыл. таным дамуының ойлаудағы қарама-қайшылық ұстыны, танымдағы абстрактiлiк пен нақтылықтың арақатынасы, логикалық пен тарихилық диалектикасы т.б. мәселелердi терең талдады. Ол этиканың, эстетиканың, психологияның, мәдениет теориясының жеке адами тұлғаны қалыптастыру мен оны жан-жақты дамытуға байланысты мәселелерiн диалект, философия тұрғысынан зерттеп, оларды жүйелi түрде шешудiң теориялық тұжырымдамасын жасады. И. Қазақстан философтарымен тығыз байланыста болып, олардың зерттеулерiне жоғары баға берiп, қолдап отырды, қазақстандық бiлiктi мамандар даярлауға ат салысты. Алматыда «Диалектикалық логиканың өзектi мәселелерi» тақырыбы бойынша өткiзiлген алғашқы бүкiлодақтық симпозиумға қатысып, баяндама жасады (1968). И. идеяларына АҚШ, Канада, Финляндия т.б. елдердiң бiрқатар философтары назар аударып, ықылас қойды. Оның еңбектерi Германия, Италия, Ұлыбритания, Грекия, Жапонияда т.б. елдерде жарық көрдi.
Шығ.: Диалектика абстрактно­го и конкретного в «Капитале» Маркса, М., 1960; Об идолах и идеалах, М., 1968; Диалектическая логика, М., 1974 (2-ое изд, 1984); Что же такое личность? М., 1979 (2-ое изд. 1984); Философия и культура, М., 1991.

ИМАНДЫЛЫҚ – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі-бір қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадыр-қасиет, адам бойындағы адамгершілік, ізгілік, кісілік белгісі. Мұсылмандық дүниетаным бойынша иман иманнан пайда болады. Ал иман – жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни имандылық – Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті – иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (с.а.у.): «Мен ең ғажап көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім», деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан «Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар» (Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбар), деп уағыздалды. Имандылықтың негізін мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнен ең көп үлгі алған Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбардың мінезі жайлы Хазіреті Айша: «Оның мінезі – Құран», деп жауап берген. Құранда: «Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларыңның жанында сыйлық бар», делінген (Бақара, 2/277). Бұл аяттағы ізгі істер діни ұғым бойынша имандылық болып табылады. Қазіргі зайырлы өркениетті қоғамда да имандылық – аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады. Имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат – имансыздық.
Әдебиет: Ахмад ибн Ханбал – Муснад, Веһби Уылдыз – Илһам қайнаклары, 1977. Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. Астана: Аударма, 2007; М. Иса (ҚҰЭ – 4 том, 246 бет).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет