Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет134/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)

ИММАНЕНТТІК және трансценденттік. И. (лат. immanens – ненің болса да ішіндегі, оған тән, ненің де өзіне тән) – қандай болса да бір заттың, құбылыстың, үдерістің мазмұнына тән болатын қандай да бір қасиет, заңдылық. И. термині Аристотель философиясынан бастауын алады, орта ғасыр схоластикасында қолданылды, философиялық ой тарихында пайдаланылады. Мысалы, Спиноза пантеизміндегі Құдай табиғатпен имманентті. Философия сыртқы әлемнің барлық денелері мен құбылыстарына және таным үдерісіне іштей имманенттер, демек қарама-қарсылықтар, қайшылықтар тән екенін көрсетеді.
Т. – орта ғасырдағы схоластика философиясының эмпирикалық таным, яғни біздің сезімдік тәжірибемізден тыс жатқанды белгілеу үшін енгізген ұғымы. Т. болмыстың сыртқы себебі біз өмір сүретін әлем шекарасы сыртына шығатын ретінде имманенттікке қарама-қарсы қойылады. Жалпыға ортақ бастау себебі біз өмір сүретін әлем негізі – Т. деп есептеледі. Діни сенімнің негіздері – (діни рәсімдер мен сананың сезімдік қабылданатын объектілерінен басқа) де Т. деп қарастырылады. Т.-ке жақын «трансцендентальды» ұғымы орта ғасыр философиясында бірегейлік, игілік, мүмкіндік, қажеттілік тәрізді сезімдік тәжірибеден шығаруға болмайтын болмыстың ақылмен ұғынылатын анықтамасын сипаттады. Орта ғасыр философиясына қарағанда, одан айырмашылығында И. Кант Т. – деп тануға болмайтын ақиқаттықты, ал трансцендентальді деп априорлық, яғни тәжірибеден тыс таным түрлері (сырттай сезіну мен ойлау) мен білімді түсінеді.


ИММАНЕНТТІК философия – В. Шуппе, Р. Шуберт–Зольдерн, М. Кауфман, А. Леклер, И. Рамке, О. Шток және басқалар дамытқан субъективтік идеализмнің эмпириокритицизмге жақын бір түрі. И. ф. өкілдері объективті өмір сүретінін, сыртқы әлемнің санаға қатысын теріске шығарып, объективті әлем сананың ішкі мазмұнын құрайды деген ойды ұстанып, өздерінің философиясын И. ф. деп атайды. И-ті ф-ның негізгі идеялары Шуппенің «Теориялық-танымдық логикасында» (W. Schuppe, «Erkenntnissthe-oretische Logik», 1878), Шуберт-Зольдерманның «Таным теориясының негіздерінде» (R. Schubert-Soidern, «Grund-lagen einer Erkenntnisstheorie», 1884), Кауфманның «Имманенттік философиясында» (M. Kauffman, «Immanente Philosophie», 1893) дамытылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет