Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет194/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   267
Байланысты:
Филос Энцикл Создик Документ Microsoft Office Word (2)


НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ САНА, ж а ң а м и ф о л о г и я л ы қ ХХ ғ. мәдени ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы символизмнен басталып постмодернизммен аяқталады. Н. ХІХ ғ. позитивистік санаға жауап ретінде пайда болды. Н.С. мәні – мәдениеттегі классикалық және архаикалық мифтерді зерттеуге көп көңіл бөлуінде. Сол сияқты мифол. сюжеттер мен мотивтер көркем шығармаларда кеңінен қолданыла бастайды. Осының бір мысалы У. Фолкнердің «Улисс» романы. У. Фолкнер қосымша фон ретінде Одиссей туралы және соған ұқсас мифтерді қолданады. ХІX ғ-дың 20 жылдарынан, яғни әдебиетте модернизмнің гүлденген кезінен бастап, әрбір көркем мәтін тікелей немесе жанама түрде мифті қолдану негізінде құрылған. М. Булгаков «Мастер мен Маргарита», Т. Манның, Г. Гессенің, У. Фолкнердің, Ф. Кафканың, Дж. Апдайктың шығармаларында мифті жиі қолданады. Ш. Айтматовтың «Боранды бекет» романында басқа да шығармаларында мифтерді қолданды. Шығарма сюжетінде миф ретінде тарихи аңыздар, тұрмыстық мифология, мәдени-тарихи шындық, өткен дәуірлердің көркем мәтіндері көрініс табады. Бұл ХХ ғ. көркем мәтінінің өзі мифологиялық сипат алуына әкеледі. Мыс., Г. Маркес «Жүз жылға созылған жалғыздық».


НЕОРЕАЛИЗМ, ж а ң а р е а л и з м ХІХ ғ-дың аяғы ХХ ғ-дың басында Еуропада қалыптасқан философиялық ағым. ХІХ ғ. соңындағы италиян әдебиетінің реалистік дәстүрлеріне сүйене отырған италиянның жазушылары мен кинематографистері өз шығармаларының бас кейіпкерлігіне әлеуметтік өмірдің реалды жағдайларында өмір сүрген қарапайым адамды соғыстың сұмдықтарына, соғыстан кейінгі қайыршылыққа және жұмыссыздыққа қарсы тұрған қала мен ауыл адамын таңдады. Н-нің манифесті Р. Росселинийдің «Рим-ашық қала» (1945), Дж.де Сантиса «Рим сағат онбір», Л. Висконтидің «Рокко және оның ағалары», П. Джермийдің «Сицилия аспаны астында», В.де Сиканың «Велосипед ұрлаушылары» болып табылады. Н. әдебиетінде негізгі жанр «лирикалық құжат», яғни өз негізінде өмірбаяндық сәттерді көркем ой-қиялға ұластыра баяндау болды. Бұған мысал ретінде В. Пратолинийдің «Квартал» және «Отбасы тарихы», К. Левийнің «Христос Эболиде тоқтады» романдарын, Э. де Фелипоның «Неаполь – миллионер» және «Ұзын сирақты өтірік» пьесаларын келтіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет