Қр бғМ Ғк философия, саясаттану және дінтану институтының



бет202/267
Дата20.09.2023
өлшемі1,22 Mb.
#109258
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   267


ПОСТИНДУСТРИАЛДЫҚ ҚОҒАМ – экономикалық дамыған елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтумен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминді аталмыш қоғамның қызмет көрсету эконмикасын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белгілерін қалыптастырған Д. Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы факторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани құндылықтардың жүйесі ретінде қарастырылады. Экономиканы өндірісті тек сандық жағынан өсіруден «тұрмыс деңгейін» жақсартуға бағыттау, экономикалық емес әлеуметтік бағдарламалар аймағын кеңейту қажет деген пікір айтылады. Беллдің айтуынша, П. қ-да капиталисттер табы жойылады, ал олардың орнын оқыған, білім деңгейі жоғары жаңа билеуші элита басады. П. қ. теориясының әртүрлі аспектілері – А. Тофлер, Ю. Хабермас, З. Бжезинский т.б. қалыптастырды.


ПОСТМОДЕРНИЗМ – дәл мағынасында модерннен кейінгі, қазіргі заман дегенді білдіреді. «Қазіргі заман» ұғымының нақты бір қатаң анықтамасы жоқ. Жаңа дәуір рационализімі, Ағартушылық дәуірінің ағымы, сондай-ақ ХІХ ғ. екінші жартысы. Әдебиет, XX ғ. басындағы авангардта қазіргі заман ретінде қаралуы мүмкін. Сол себепті, осы дәуір дәуірлерден кейінгінің бәрін П. деп атайды. П. термині 1917 ж. бастап қолданысқа енгенімен, оның кең таралуы мен терең түсінілуі 1960 ж. басталды. ХХ ғ. архитектурадағы стиль атауы ретінде пайда болып, ол кейін әдебиет пен өнердегі өзгерістерді, сол сияқты әлеумет.-экономикалық, технологиялық және саяси аймақтағы өзгерістерді сипаттау мақсатында қолданылды. Франц. философ, П. Ж. Лиотардың «Постмодернизм тағдыры» еңбегінің негізінде П. термин-ұғым статусына ие болды. Ол П. туралы пікір-талас философия мен мәдениет аймағына да таратты. Ол белгілі бір парадигманың үстемдігін жоққа шығарып, орталықсыздандыру принципін орнықтырды. Философияда П. онтология мүмкіндіктерінің сарқылғандығын түсіну ретінде қалыптасады. П-тік эстетиканың принциптері лабиринт пен ризома болып табылады. П. – Батыста индустриалдық қоғамның орнына келген жаңа постиндустриалдық қоғамның серігіне айналды. Енді құнды тауар ақша да емес, билік те емес, ақпарат болып табылады. П. үшін нақты шындық жоқ, тек виртуалды шындық қана бар ( П. компьютерлер, видео мен интернеттің гүлденген кезінде пайда болуы да тегін емес). Сондықтан П. мәтіндердің нақтылығы мен олардың плюрализімін бекітеді. Лабиринт принципі бойынша құрылып, Б.А.Қ. гипершындығын (Бодрийар) тудыратын «гипермәтін» ұғымы пайда болады. Ақпарат ағымы адамды виртуалды шындық жағдайына әкеледі. Адамның индивидуалды Мені ұжымдық санамен алмастырылады. Бұл көпшілік-сәуегейлік мәдениетте толерантты қатынасты анықтайды, ендігі жерде ол элитарлы мәдениетке қарама-қарсы қойылмайды. П. мәдениеттің құрағы, яғни өткен мәдениеттің әртүрлі элементтерінен құрастырылған құрақ ретінде сипаттауға болады. Бұл құрақта әлде-бір дәстүрге, жанрға, стилге немесе дәуірге артықшылық берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   267




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет