Қр білім және ғылым министрлігі


«Топтық сәлемдесу» жаттығуы



бет2/2
Дата17.11.2022
өлшемі361,11 Kb.
#50948
1   2
1. «Топтық сәлемдесу» жаттығуы.
Мақсаты: қарым-қатынас дағдыларын, топтық өзара әрекеттесу әдістерін дамыту, күйзелісті төмендету.
Нұсқау: Қыс, көктем, жаз, күз белгілеріне қарай 4 топқа бөлінейік. Әр топтың міндеті – мимика мен ишарат арқылы басқа топтарға сәлемдесу түрлерін ойлап, құрастыру.
2. «Шынын айтсам» жаттығуы.
Мақсаты: қорқыныш пен іштен қинаған сезімдерден арылту, адал болу, айналадағыларға топтық сенімді арттыру.
Қажетті құралдар: аяқталмаған сөйлемдер жазылған карточкалар.
Нұсқау: Сіздердің алдарыңыздағы ортада бір буда карточкалар тұр. Қазір әрбіреуіңіз соған жақындап, бір карточка алып, аяқталмаған сөйлемді сол жерде жедел аяқтау қажет. Бірақ та, бәрін шын айту қажет. Егер топ мүшелері шындықты сезінбесе, онда сол адам қайтадан карточка алып, жаңа сөйлемді аяқтау қажет.
3. «Бір-біріңе жақында» жаттығуы.
Мақсаты: тактильді қабылдауды дамыту, бір-бірімен мейірімділік және қамқорлық қатынасты қалыптастыру.
Нұсқау: Сіздер бөлмеде еркін жүресіздер де, менің айтқанымды орындайсыңдар. Мен «бір-біріңе» деп айтқанда, сіздер өздеріңе жұп тауып алуларың керек. Жұбыңды тапқаннан кейін мен сіздерге жаңа тапсырмалар беремін. Бастаймыз: «Бір-біріңе!». Енді бір-біріңе қол беріп, бір-біріңнің аяғыңа аяғыңды, мұрынды мұрынға, құлақты құлаққа, бетт
5. «Біздің топтың жүрегі».
Мақсаты: жанашырлық сезімін, сенімділігін дамыту, топ ынтымақтастығын жетілдіру.
Нұсқау: Ватман қағазынан үлкен жүректі қайшымен қиып, қабырғаға жабыстырыңыз. Осыдан кейін әрбіреуіңіз түсті қағаздан кішкентай жүректі қиып, оған топқа арналған тілегін жазады. Осы қабырғаға жапсырылған ақ жүректе өмір жоқ, бірақ қазір әрбіреуің бұл жүрекке өздеріңнің жылы лебіздерің жазылған кішкентай жүректі жапсырып, үлкен жүрекке өмір беріп, тірілтеміз. Бұл топтың жүрегі болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет