Қр-дағы инклюзивті білім беру үдерісінің тарихы. 1 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына»


Финляндиядағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу модельдерін сипаттаңыз



бет3/4
Дата04.06.2022
өлшемі28,83 Kb.
#36335
1   2   3   4
Финляндиядағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу модельдерін сипаттаңыз


Финляндияда ұзақ уақыт бойы арнайы мектептер мен жалпы білім беретін мектептің жанындағы арнайы сыныптардың параллельді жүйесі бірге жұмыс істеді. 80-жылдардың соңынан бастап, арнайы білім беру саласындағы мемлекет саясатындағы негізгі бағыт ретінде интеграция алынды.
Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше ар­найы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған жобаның мақсаты жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемістігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне жол бермеу болды. Нидерландыда Бельгияның Фламаид аймағындағыдай арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.

24-билет


  1. Инклюзивті білім берудің мәні.

Инклюзивтік білім беру дегеніміз - барлық балаларды, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік мұқтаждықтарына арнайы қолдау, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті білім беру- дамуында сәл ерекшеліктері бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Инклюзивті оқыту біріктірілген оқушы дені сау балалар сыныбында,тобында оқиды және дефектолог-мұғалімнің жүйелі көмегін алады. Арнайы топтардағы балалар бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріліп жұмыс жүргізеді. Мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін ата-аналар көрсетеді.
Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Демек, инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Осы бағыт балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру жағдайын қалыптастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтары «Қазақстан Республикасының балалардың құқықтары туралы», «Білім беру туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетуге ықпал ету туралы», «Арнайы әлеуметтік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген. Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет