Қр-дағы инклюзивті білім беру үдерісінің тарихы. 1 Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына»


Ерекше қажеттіліктері бар балалар отбастарымен жүргізілетін жұмыстың қазіргі заманғы түрлерін атаңыз



бет4/4
Дата04.06.2022
өлшемі28,83 Kb.
#36335
1   2   3   4
Байланысты:
билет ответ

Ерекше қажеттіліктері бар балалар отбастарымен жүргізілетін жұмыстың қазіргі заманғы түрлерін атаңыз.

Отбасы - баланың тек өмір сүретін емес, сонымен бірге оның адамгершілік қасиеттері, адамдар әлеміне қатынасы, тұлғааралық байланыстар сипаты туралы түсініктері қалыптасатын микросоциум болып табылады [128].


Қазіргі зерттеулерде отбасы факторының баланың даму ерекшелігіне ықпалы берілген: отбасы нашарлығы анық көрінетін болса, балада да даму бұзылуы анықтырақ көрінеді (В.Р. Никишина) [150]. Бүл ережелер дамуында бүзылуы бар баламен диагностикалық жэне түзетуші жұмыс жүргізуде ескерілуі тиіс. Жұмыс түрлері:
• дамуында бұзылуы бар баланың ата-анасына (анасына) жұмыс тәсілдерін көрсету;
• психолог жүргізетін сабақтарды ата-ананың (ананың) конспектлеуі;
• өз баласымен үй тапсырмасын орындау;
• ата-аналардың (ананың) психолог ұсынған арнайы әдебиетті оқуы;
• баламен жұмыста шығармашылық ой-пікірлерді ата-ананың (ананың) жүзеге асыруы.
Психодиагностикалық әдістемелер ретінде келесі суретті тесттер қолданылады: «Адам суреті», «Өмірде жоқ жануар», «Отбасы суреті», «Үй, ағаш, адам». Бұл әдістемелер 4-5 жастағы балаларДЫ зерттеуде қолданылады (А.Л. Венгер, 2002) [151]. Жекеленген жагдайда әдістемелер тізімі «Отбасының кинетикалық суретімен» толықтырылады.
Балалардың суреттерінің мазмұны жағынан көп мәні бар. Әсіресе бұл отбасыішілік ахуал мен тұлғааралық қарым-қатынас сипатын зерттегенде білінеді. Суретті мәтіндердің ерекшелігі балаға бұл қарым-қатынасты ауызша жеткізіп керегі жоқ, тек бейнелеп берсе болғаны. Суретті тесттердің маңызды басымдығы сол, кез-келген балалар суретінде тұлғааралық және отбасыішілік шиеленіс берілуі мүмкін. Бұл жерде баланың суретшілік дарыны болмауы мүмкін немесе оның салған суретінің сапасы бүзылуы мүмкін. Барлық жағдайда баланың суреті кішкене адамның үлкен өмірге көзқарасын бейнелейді.

  1. Нидерландыдағы даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу модельдерін сипаттаңыз.

Нидерланды үкіметі 90-жылдардан бастап, мүмкіндігінше ар¬найы және жалпы білім беруді біріктіруге, интеграциялық тұғырларды «Мектепке бірге барамыз» атты мемлекеттік Жоба арқылы ендіруге тырысады, аталған жобаның мақсаты жалпы білім беретін мектеп жағдайында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық- педагогикалық көмекті қамтамасыз ету; арнайы мектептің оқушылар санын тұрақтандыру; ақыл-ойында кемістігі бар және психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектептің санының өсуіне жол бермеу болды. Нидерландыда Бельгияның Фламаид аймағындағыдай арнайы мектептердің жүйесі жақсы дамыған, бірқатар ғалымдар бұл инклюзивті білім берудің дамыту үшін күрделі кедергі болатынын атап көрсетеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет