"Педагог ассистенттің мектептегі көмегі-құқықтық негізделуі"
ОРЫНДАҒАН: ЖҰПҚАЛИЕВА ЖАНСАЯ
ҚАБЫЛДАҒАН: КЕМЕШОВА АҚКҮМІС
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙЕДЕ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ
Дикриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктер мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған және жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі.
Психофизикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар үшін арнайы сыныпта оқыту Білім және ғылым министрлігі бекіткен тиісті типтегі арнайы оқу жоспары мен бағдарламалар негізінде жүргізіледі, - дейді психолог.
1
ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ ДЕГЕНІМІЗ КІМ?
Педагог-ассистенттің қызметін ұйымдастыру - инклюзивті білім беру процесінің жалпы құрылымындағы ажырамас құрамдас бөлігі.
2
Педагог-ассистенттің негізгі қызметтік міндеті - оқу процесінде баланы қолдау, оған оқу бағдарламасын меңгеруде балаға көмектесу, сонымен қатар ЕБҚ бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімге көмектесу жатады.
3
Педагог-ассистенттің ЕБҚ бар баланы қолдауы педагогикалық практикада жеке бағдарланған, тұлғалық-бағдарланған тәсілдерді жүзеге асыру үшін кең мүмкіндіктер береді.
Mission
ҚАНДАЙ БАЛАЛАРҒА ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ?
- өздігінен сабаққа дайындала алмайтын, керекті оқу құралдарын таба алмайтын, сынып жұмысына қатыса алмайтын, жазу, оқу қиындықтары бар;
Vision
- мінез-құлқында бұзылыстары бар, өзімен-өзі отырып айқайлайтын, жылайтын, жанындағы балаларға кедергі келтіретін, дәптер, оқулықты жыртатын, мұғалімге кедергі келтіретін (сөзін қайталап, жанына жақындаса ұрып, заттарын ақтарып т.б.), түкіретін, терезеге, үстел үстіне секіретін, партаның астына кріп жатып алатын т.с.с ерсі қылықтары бар.
ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТ БАЛАҒА ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІН ҚҰРАСТЫРАДЫ.
Сабақта отыру тәртібі, мектеп ішінде жүру, балалардың ортасында өзін ұстау ережелерін балаға күнделікті айтып, визуалда түрде көрсетіп отыру арқылы оның бойына сіңіру қажет. Ереже міндетті түрде күнде оқылады, айтылады. Осылайша бала мектептегі тәртіпті ұстануға дағдыланады.
Ережелерді орындауға машықтана бастаған баланы біртіндеп сыныпқа апаруға болады және жеке сабақта үйренген ережелерді сыныпта көрсетуін педагог-ассистент қадағалайды.
Педагог-ассистенттің ендігі мақсаты бала мен мұғалімнің арасындағы қарым-қатынасты орнату.
01
02
03
04
Ол баланың сыныпта мұғалімді тыңдап, оның көмегін, мадағын қабылдай білді үйренуіне барынша күш жұмсауы керек.
Педагог-ассистент мұғалімге алдын ала келіп, сабақтың жоспарын, тақырыбын, қолданылатын құралдар мен тапсырмаларды талқылайды.
Педагог-ассистент сабақ барысында балаға көмектесе отырып, үнемі баламен мұғалім арасын байланыстырып отырады.
ТАПСЫРМА
Оқушыға тапсырманы орындап болғананын, жауап беруге дайын екендігін мұғалімге білдіру үшін қол көтеруге үйретеді.
Сыныптан шығу үшін, кіру үшін үнемі мұғалімнен рұқсат сұрауға дағдыландырады. Егер баланың сөйлеу тілінде бұзылыстары болатын болса, карточкалар қолдануға үйрету керек.