Күнделікті тазалық
Күнделікті залалсыздандыруға пайдаланылатын тазалау құралдары: шелек, швабра, мүккамалдар (режимді кабинеттер, палата, коридор, санитарлық торап,
асхана үшін, кабинеттер үшін)
Іс – әрекет алгоритмі:
- 0,5 % жуу ерітіндісімен сүрту (Жуу ерітіндісі: 100 гр порошок, 100 гр сабын үгіндісі);
- 0,03 % Unichlor дезинфекциялық ерітіндісімен сүрту (10 л су + 2 табл Unichlor );
- 30 минут кварц қосылады;
- Желдету – 30 минут.
Іс-шара:
- Беткейліктерді (жиһаз, жабдық, терезе алды, есік) тәулігіне 2 реттен кем емес (ота жасау бөлімінде әрбір ота арасында) залалсыздандыру ерітіндісімен және ластану деңгейіне қарай жуу ерітіндісімен тазартылады.
- Тазалау - таза аймақтан лас аймаққа қарай, төрден есікке, жоғарыдан төменге қарай сүртіліп, соңынан терезе мен раковина, еден жуылады.
- Қолданылған мүккамалдар «мүккамал залалсыздандыру үшін» деген белгісі бар залалсыздандыру ерітіндісі құйылған ыдысқа залалсыздандырылады (экспозиция нұсқаулыққа сәйкес) кептіріліп, аузы берік жабылатын ыдыста сақталады.
Күрделі тазалық
Іс – шара алгоритмі:
- Медицина қызметкері « күрделі тазалық үшін» деген белгісі бар қорғаныш киімдерін кию.
- тазалық жұмысын бастар алдында - жылжымалы заттар сыртқа шығарылып, тазалану реттілігі жоғарыдан төмен қарай жүргізіледі.
- 2 % жуу ерітіндісімен сүрту;
- Таза сумен жуу;
- 0,03 % Unichlor ерітіндісі пульверизатор көмегімен шашыратып , экспозиция - 1 сағат.
- Медицина қызметкері таза халат киеді;
- Таза сумен жуу;
- Кварц – 2 сағат;
- Желдету – 30 минут.
"UNIDEZ" ЖШС өндірген "Unichlor" дезинфекциялау құралын қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар
Өндірушінің ашылмаған қаптамасындағы өнімнің жарамдылық мерзімі - өндірілген күннен бастап 5 жыл. Құралдың жұмыс ерітінділерінің жарамдылық мерзімі - 5 тәуліктен аспайды, жабық ыдыста және тікелей күн сәулесі болмаған кезде 22 күнге дейін.
Достарыңызбен бөлісу: |