Теракт үшін, толық күрес шараларымен салыстырғанда, көп ақша, адамдар, қару-жарақтың және әскери істегі дағдылардың қажеті жоқ. Бірақ соған қарамастан, оның әсері әлдеқайда күшті болуы ықтимал
Теракт үшін, толық күрес шараларымен салыстырғанда, көп ақша, адамдар, қару-жарақтың және әскери істегі дағдылардың қажеті жоқ. Бірақ соған қарамастан, оның әсері әлдеқайда күшті болуы ықтимал.
Теракт үшін, толық күрес шараларымен салыстырғанда, көп ақша, адамдар, қару-жарақтың және әскери істегі дағдылардың қажеті жоқ. Бірақ соған қарамастан, оның әсері әлдеқайда күшті болуы ықтимал.
ТЕРРОРИСТІК ӘРЕКЕТТІҢ СУБЪЕКТІСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕРРОРИЗМ:
Ұйымдастырылмаған немесе индивидуалды (Дмитрий Каракозов, Вера Засулич, Равашоль т.б.);
Ұйымдастырылған, коллективті (Аль-Каида, ИРА, ЭТА, мемлекеттік терроризм). Қазіргі таңда бұл жиі кездесетін түрі.
МАҚСАТТАРЫ БОЙЫНША:
Ұлтшылды — сепаратистік және ұлтазатетушілік мақсаттарға ұмтылады.
Діни — индуистер мен мұсылмандар, мұсылмандар мен христиандар, католик-протестанттар, сунниттер-шииттер.
Әлеуметтік - фашистік, экологиялық терроризм.
КЕЙБІР ЗЕРТТЕУШІЛЕР МЕН ЖУРНАЛИСТЕР КЕЙБІР НАҚТЫЛЫ ТЕРРОРДЫҢ КӨРІНІСТЕРІНЕ ҚАРАЙ ОТЫРЫП МЫНАДАЙ ТҮРЛЕРІН АЖЫРАТАДЫ:
Оппозиционерлердің билікке қатысты терроризмі және мемлекеттік терроризм, яғни биліктегілердің өздерінің терроризмі;
Индивидуалды терроризм және жаппай қылмыстық терроризм.
ЕРЕКШЕ ФОРМАЛАРЫ
Террор — әлсіз жаққа қарсы күшті жақтың күш қолдануы немесе күш қолдану қаупі (кәдімгі терроризмде — керісінше). Мысалы сталиндік репрессия.
Лидерсіз терроризм — шағын тәуелсіз террористік топтармен немесе жеке адамдармен жасалатын террористік актілер.
ТЕРРОРИЗМ ЖӘНЕ ҰҚСАС ФЕНОМЕНДЕР
Терроризмнің нысаны азаматтық қоғам болуы қазіргі терроризмнің спецификасы болып табылады. Бұл ХІХ және ХХ ғасырдағы терроризмнен айырмашылығы, себебі ол кезде ұйым билік өкілдеріне қарсы шаралар істейтін, ал егер қоғам зардап шексе, тек жанама жоғалту ретінде. Сонымен қатар олар тек адам өлтіру, жарылыс, ұрлап алып кету арқылы ғана емес, оларды БАҚ арқылы тарату көмегімен дегеніне жетеді.