Қр денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет18/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

 
 
СҰРАҚ: «АЛТЫН СТАНДАРТ» ДЕП ҚАНДАЙ ЗЕРТТЕУ ТУРІН 
АЙТАДЫ? 
Қазіргі заманғы клиникалық зерттеулер - гипотеза, эксперимент және 
кісілерг қолданылатын зерттеулер. Соңғысына рандомизирленген клиникалық 
зерттеулер жатады (РКЗ, РКИ) және бұл зерттеудің түрі. 
«Алтын стандарт» -
деп те аталады. Бұл проспективті эксперименттік бақыланатын зерттеу 
профилактика, диагностика және емнің нәтижесін бағалау үшін істеледі. 
Зерттеуге қатысатындарды іріктеу клиникалық зерттеудің хаттамасына сәйкес 
болуы керек. Рандомизация әдісімен негізгі топ немесе тәжірибе тобы және 
бақылау тобы (стандартты ем алатын топ) құрастырылады. 
Рандомизация (rаndom) -
ағылшын тілінен аударғанда кездейсоқ таңдау 
немесе кездейсоқ іріктеу. Ол жүйелі қатені азайтады. Бақылау тобындағылар 
«плацебо» ем алады. Плацебо - түрі, иісі, дәмі бойынша зерттелетін дәріден 
айырмашылығы жоқ және организмге ешқандай спецификалық әсері жоқ ем. 
Қарама-қайшы (перекрестное
) зерттеуде бақылау тобы мен тәжірибе тобы 
орын ауыстырады (алатын дәрілері немесе зерттеу түрі). Бұл әдіс топтар 
арасындағы айырмашылықты азайтады, бірақ уақытқа байланысты 
патологиялық процестің өзгеруінен болатын қателердің саны артуы мүмкін. 
 
 
СҰРАҚ: РАНДОМИЗИРЛЕНГЕН КЛИНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ 
ҚАНДАЙ ТҮРЛЕРІ БАР? АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ. 
 
Рандомизирленген зерттеулер «ашық» және «жасырын» болып 
бөлінеді. 
«Ашық» рандомизирленген зерттеулерде рандомизация жасалғаннан кейін
пациент пен дәрігер қандай емдеу әдісі қолданылатынын біледі. «Біржақты 
жасырын» рандомизирленген зерттеулерде науқас қолданылатын ем түрін 
білмейді, бұл жөнінде пациент зерттеуге келісімін бергенде айтылады. 
«Екіжақты жасырын» зерттеуде пациент те, дәрігер де қандай емдеу әдісі 


23 
қолданылатынын білмейді. «Үшжақты жасырын» зерттеуде пациент те, 
дәрігер де, зерттеудің нәтижесіне статистикалық өңдеу жасайтын зерттеуші де 
қандай емдеу әдісі қолданылатынын білмейді. Қазіргі кезде «Алтын стандарт» 
- деп «екі және үшжақты жасырын» зерттеулерді айтады. Сол сияқты 
зерттеулер бір орталықта немесе бірнеше орталықта жүргізілуі мүмкін. 
Бірнеше орталықта жүргізілетін зерттеулер үшін аз уақыттың ішінде 
пациенттерді көп іріктеп алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет