Қр денсаулық сақтау министрлігі


СҰРАҚ: ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ



Pdf көрінісі
бет15/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

СҰРАҚ: ЖАҒДАЙ БАҚЫЛАУ ДЕГЕНІМІЗ НЕ? ОНЫҢ 
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ 
 
Жағдай бақылау – анализдік (сараптау) ретроспективті зерттеулерге 
жатады. Популяциядан зерттелетін ауруы бар және ауруы жоқ кісілер іріктеліп 
алынады. Зерттеуге 2 топ алынады: 

тәжірибе тобы зерттелетін ауруы бар; 

бақылау немесе салыстыру тобы зерттелетін ауруы жоқ. 
Зерттеуге қатысатындарды архив материалдарынан алады немесе 
сұрастыру арқылы іріктейді, сосын болжанған фактордың әсерін, аурудың 
себебін ретроспективті зерттейді. Бұл зерттеу аурудың этиологиясы туралы 
гипотезаны тексеруге көмектеседі. 

алғашында аурудың жағдайын анықтайды (зерттеліп жатқан ауру 
анықталған науқастарды таңдау); 

қауіп факторы жайында мүмкін болатын ретроспективті гипотеза 
анықталады; 

аталған ауруы жоқ, бірақ басқа белгілері бойынша ұқсас келетін 
бақылаудағы науқастар тобын анықтап алады; 

осы топтарда қауіптілік факторының бар немесе жоқтығын анықтайды; 


19 

зерттеу кезінде барлық қорытынды белгілі;
 

сирек жағдайларды зерттеуге, сонымен қатар зерттеу кезінде тез 
қорытынды алуға қолайлы; 

этиология жайындағы сұраққа жауап ретінде жақсы. 
«Жағдай-бақылау» зерттеуінің артықшылықтары: 

Зерттеудің орындалуы жеңіл, арзан, жылдам. 

Ұзақ уақытты керек етпегендіктен тез таралатын (вспышка) ауруларды 
зерттеуде көмек береді. Жағдай-бақылау дизайның 2 сүреттен көріңіз. 
2 сүрет. Жағдай-бақылаудың дизайны 
«Жағдай-бақылау» зерттеуінің кемшіліктері: 

зерттеуге қатысатындарды таңдауда жүйелі қате кетуі мүмкін; 

барлық талаптарға жауап беретін бақылауға қажетті жағдайдың санын 
табу қиын; 

ретроспективті ерекше көріністер арасындағы уақытша байланысты 
нақты тіркеуге мүмкіндік бермейді; 

бағалаудағы мүмкін болатын қателіктер; 

салыстыру топтарын «жасанды» жинақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет