клиникалық нұсқаулар - дәрігерлердің іс-әрекетінің талаптарына
қатысты біріншілікті зерттеулердің қорытындысын құрастырады.
шешімді қабылдауға талдау жасау - біріншілікті зерттеулер
қорытындысының негізінде денсаулық сақтау жүйесін басқару,
ресурстарды бөлу жөнінде мүмкін болатын жолды құру, дәрігерлердің,
басшылардың емдеу әдісін таңдау және ресурстарды бөлу шешімдерін
құрастыру
экономикалық талдау - біріншілікті зерттеулердің нәтижесін пайдалана
отырып, қолданылатын іс-әрекетке қаражатты дұрыс бөлу жөнінде
шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Зерттеу жүргізу түріне байланысты 2-ге бөлінеді:
ашық - істелетін зерттеу ашық түрде өтеді;
жасырын - істелетін зерттеу әртүрлі дәрежеде жасырын өтеді.
СҰРАҚ: ЗЕРТТЕУДІҢ ДИЗАЙНЫ ОНЫҢ МАҚСАТЫМЕН ҚАЛАЙ БАЙЛАНЫСТЫ? (қойылған сұраққа нақты дұрыс жауапты қандай зерттеу беретінін көрсететін
1 кесте)
1 Кесте. Мақсатына қарай зерттеу дизайнының байланысы
Диагностика туралы
Бір кезеңді зерттеулер
Таралуы туралы
Бір кезеңді зерттеулер
Пайда болу жиілігі(ауру/нәтиже)
Когорттық зерттеулер
Қауіп факторы
Когорттық зерттеулер, жағдайды
бақылау
Болжамы
Когорттық зерттеулер
Емі
Клиникалық сынаулар
Профилактика
Клиникалық сынаулар
Себеп
Когорттық зерттеулер, жағдайды
бақылау
СҰРАҚ: ДӘЛЕЛДІК ДӘРЕЖЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ҚАЛАЙ БӨЛІНЕДІ? Дәлелділіктің иерархиясы:
жүйелі шолу және мета-анализ;
РКЗ белгілі нақты нәтижелерімен - сенімді интервал клиникалық
маңызды әсер (эффект) шегінен шықпайды;
РКЗ нәтижесі нақты емес - сенімді интервал клиникалық маңызды әсер
шегінен шығады;
когорттық зерттеу;
жағдайды - бақылау;
17
көлденең зерттеу;
бірнеше жағдайды сипаттау;
бір жағдайды сипаттау.