44
Мақсаты:
дәріні қолдану схемасын жетілдіру;
емдеудің әртүрлі мерзімін анықтау;
басқа дәрілермен және тамақпен байланысуын анықтау;
басқа стандартты емнің түрлерімен салыстыру;
препаратты әртүрлі жастағыларға қолдану мөлшерін анықтау;
препараттың ұзақ мерзімді тиімділігінің өлім-жітімге әсерін;
ұзақ мерзім қолданғандағы әсерін, нәтижесін анықтау.
Клиникалық зерттеу дегеніміз - адамдардың қатысуымен дәрілердің
тиімділігін және қауіпсіздігін ғылыми зерттеу. Барлық клиникалық
зерттеулерді жүргізгенде арнайы халықаралық ережелерді сақтау керек (GCP
- Good Clinical Practice). Бұл ережелерді сақтау зерттеуге қатысатындардың
құқығының сақталуына және зерттеудің нәтижесі шынайы болуына кепіл
болады.
Этикалық комитеттің даму тарихы.
Ғылыми зерттеуге қатысатындардың
құқығын қорғау 1947 жылы қабылданған «Нюрнберг кодексінен» басталды
(халықаралық әскери трибунал жұмысының негізінде құрастырылған).
1964 жылы Хельсинки декларациясы.
1974 жылы Францияда адамдардың өмірі және денсаулығының этикасы
туралы Ұлттық кеңес комитеті құрылды.
1978жылы Данияда және Канадада медициналық зерттеулер туралы Кеңес
құрылды.
1994 жылы пациенттердің құқығы туралы Амстердамда Еуропа декларациясы
қабылданды.
Достарыңызбен бөлісу: