Қр денсаулық сақтау министрлігі


Клиникалық зерттеуге қатысатындардың құқықтары



Pdf көрінісі
бет41/47
Дата11.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#137146
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47
Байланысты:
Далелді мед

Клиникалық зерттеуге қатысатындардың құқықтары: 

зерттеуге адам өз еркімен қатысады; 

міндетті түрде жазбаша келісімшарт болуы керек; 

зерттеудің кезкелген сатысынан бас тартуға болады; 

зерттеу бойынша кезкелген сұрақ қоюға құқығы бар. 
Клиникалық зерттеуге дейін пациентке берілетін ақпарат : 

зерттелетін дәрі және клиникалық зерттеу туралы мәлімет; 

дәрінің қауіпсіздігі, күтілетін нәтижесі және пациентке әкелетін зардабы; 

денсаулығына зерттелетін дәрі кері әсер еткен кездегі пациенттің құқығы; 

денсаулығын сақтандыру жолы, шарты; 

егер зерттеуге қатысатындардың денсаулығына зиян келсе, сақтандыру 
қаражатын зерттеуді ұйымдастыратын компания төлейді.
 
Клиникалық зерттеуге алуға болмайтындар:

кәмелет жасқа толмағандар; 

кәмелет жасқа толмағандарды зерттеуге алу үшін ата-анасынан жазбаша 
келісім алу шарт, ата-анасы жоқ балаларды алу үшін олардың заңды 
қорғаушысы болуы керек; 

балаларда зерттелетін дәрі ең алдымен үлкендерде зерттеледі; 

әскери адамдар, түрмедегілер, тергеудегілер 


45 

екіқабат әйелдер (егер екіқабат әйелдерді емдеу үшін қажет дәрі 
зерттелсе, ол балаға және әйелге толық қауіпсіз болуы керек ) 

психикалық ауруы барларды зерттеуге алу үшін заңды өкілдерден 
жазбаша келісім алу керек. 
Клиникалық зерттеуге қатысатын пациенттің денсаулығын сақтандыру үшін 
дәріні шығаратын мекеме мен медициналық сақтандыру мекемесінің арасында 
келісім жасалады. 
Биомедициналық зерттеулер ғылыми деректерге және жануарларға жасалған 
зерттеулердің нәтижесіне негізделіп, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 
Токсикологиялық комиссия және Фармакокомитет Президиумының рұқсаты 
болуы керек. 
Клиникалық зерттеу жүргізгенде пациент зерттелетін дәрі туралы, енгізу 
жолы, биологиялық материалды алу механизмі және эксперимент қалай 
жасалатыны туралы толық мағлұмат алуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет