Е
Баспаға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық қатынастар факультетінің Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен (№ хаттама 2020 жыл) ұсынылған
Авторлар: Экономика ғылымдарының докторы, профессор
Раушан Елемесович Елемесов
PhD докторы, доцент міндетін атқарушы
Айнұр Оңдашқызы Оңдаш
Пікір жазғандар: экономика ғылымдарының докторы, профессор Е.Б. Жатқанбаев
экономика ғылымдарының докторы, профессор З.С. Кенжебаева
Елемесов Р.Е., Оңдаш А.О. Е Халықаралық экономика: оқу құралы / Р.Е. Елемесов, А.О. Оңдаш. – Алматы: Қазақ университеті, 2021. – 500 б.
ISSN
Оқу құралында "Халықаралық экономикалық қатынастар және халықаралық сауда", "Халықаралық қаржы", "Жаһандану жағдайындағы сыртқыэкономикалық байланыстар" сияқты халықаралық бағыттағы бірқатар пәндерді зерделеуді ақпараттық қамтамасыз етуге қызмет ететін үш бөлікке бөлініп ұсынылған тақырыбы мен мазмұны өзара байланысты материалдар қамтылған. Микроэкономикалық талдау құралдарының көмегімен халықаралық тауарлар қозғалысы және олардың өндіріс факторларының мәселелері анықталады. Макроэкономикалық талдау халықаралық ашық экономикалық жүйедегі қазіргі валюталық және қаржылық құрылымдардың, халықаралық қаржы нарығының, макроэкономикалық саясаттың қызмет ету мәселелерін зерттейді.
Әр бөліктің дәріс курсы ең маңызды макроэкономикалық теорияларды, әлем экономикасының қазіргі жағдайы мен даму процестерін, негізгі нысандардағы экономикалық қатынастарды: сауда, әлемдік кеңістіктегі капитал мен жұмыс күшінің қозғалысын, шетелдік серіктестер арасындағы сыртқы экономикалық байланыстарды дәйекті сипаттайды.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының экономикалық бағыттағы студенттері мен магистранттары, докторанттары, оқытушылары, халықаралық экономиканы зерттейтін бизнес мектептерінің, сонымен қатар біліктілігін арттыру институттарының тыңдаушыларына арналған.
ӘОЖ
КБЖ
ISBN Елемесов Р.Е., Оңдаш А.О., 2021
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2021