Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


Бұл тарауда Абайдың жер, ел мәселелеріне араласа бастауы қай сюжеттер



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

Бұл тарауда Абайдың жер, ел мәселелеріне араласа бастауы қай сюжеттер 
арқылы көрінеді? 

Диалогтерге мән беріңдер.

Абайдың Тоғжанды алғаш көретін жерін еске түсіріңдер.
Бел-белесте 
Күн түске жетпей-ақ, Бақанас бойы қайнап, шыжып кетті... 
Абай... өзенге қарай тартты. ...Бүлдірген иісі аңқыған, көк майса шал-
ғыны бар, жасыл беткейде балалар жеміс теріп жатқалы көп боп еді... 
Бір мезгілде бар баланың құлағына ап-айқын боп дүрілдеген қалың үн 
келді...
Балалар елең-елең етісті. Араларындағы үлкені – Тәкежан мен Абай қа-
расты. ...Бала атаулы тегіс аттарына жүгірді. Елсіз өңірде көрінген қалың 
жылқы – көшкен елдің жылқысы екен...
Бұл көштің айналасын қоршаған аттылар көп, барлығы да әйел дер. Өң-
шең сәнді киінген қыз-келіншек пен егде тартқан бәйбіше лер... 


150
Үлкен көштің алдында есік пен төрдей жерде аттарын қатар басты-
рып, бір топ қыз келеді. Тап орталарында ерттеулі күйде бос жетектелген, 
кекілі күзелген қара көк ат бар. Сол топтан әнтек кейін үлкен көштің 
алдын бастап келе жатқан сұп-сұр жүдеу бәйбіше екен. Басына жұқа қара 
желек жамылыпты. Бұл бастаған он бес түйелі көштің сәні өзгеше көрінді. 
Бар түйенің үстіне артылған жүктерді жапқан өңшең қара кілем, қоңыр 
алаша, қара ала текемет көрінеді... 
Көштің түріне таңданып, үнсіз тоқтап қалған балалар тобы мынадай 
салтанатты көріністің алдын кесіп өте алмады. Енді амалсыз көш өткен-
ше, қарап тұратын болды.
Басында бұларға көш адамдарынан көз салған кісі жоқ еді.
Бірақ алдыңғы қыздар тобы енді жақындап, қастарына кеп қалған екен. 
...бір кезде бір топ қыздар ортасынан екі қызды ілгерірек бөліп шығарды.
Бағанағы кекілі кесілген қара көк ат сол екі қыздың орталығында же-
текте екен.
Оспан аңырып таңданып, Абайдың қасына кеп:
– Бұлар кім? Бұл қандай көш? – деп, тақат таба алмай, ағасын қамшы-
мен түрткілеп, мазасызданып тұр еді.
Қазір екі қыз бөлініп, алға шыққанда, олардың көрінісіндегі елден 
ерекше бір жайды байқап, Оспан қатты күліп жіберді...
Бұған ерсі көрінген сурет – Абайдың өзінің де өмірде ең алғаш көрген 
көрінісі.
Бұл көш қаралы көш екенін – Бөжей көші екенін Абай мен Тәкежан ба-
ғана-ақ таныған болатын. Өзге көштен бөлек болатыны мәлім. Бірақ қазір 
мына екі қыз істеген іс сол бөлектің ішінде де бір өзгеше болды.
Олары өзге қыздан бөлінгенде байқалды. Бастарына еркектің бас киімін 
киіпті. Қара мақпалмен тыстаған жұқа қара елтірі тымақтары бар. Қыз 
кимейтін бас киімнің артын алдына келтіріп, теріс киіпті. Енді ғана анық 
көрінді, орталарына жетекке алған тұлдаған қара көк аттың үстіне Бө-
жейдің ер-тоқымы ерттеліпті. Ер үстіне сол Бөжейдің осы өткен қыста 
Қарқаралыға киіп барған қызыл күрең ішігі жабылыпты. Ердің қасына 
қамшысын шаншып, соған да теріс қаратып, Бөжейдің қысқы түлкі ты-
мағын кигізіпті.
Екі қыз бөліне салысымен, мына көлденең қарап тұрған атты ларды 
көріп, шырқай созып, қаралы мұңды дауыс айта жөнелген. Көш бойында 
ауыл үстінен өтсе немесе бөгде жүргіншілер жанынан өтсе, қаралы көштің 
қара жамылған осындай қыздары дауыс айтатын салты. Қыздар соны бас-
таған екен...


151
Алғашқы екі қыз қиыс өтіп, дауыс бастасымен, кейіндеп келе жатқан 
бес қыз да аттарының басын қатарластырып ап, баяу бастырып отырып, 
анау екеуінің даусына қаралы дауыс қосты...
Өтіп бара жатқан бес қыздың тап ортасында, жібек жал ақ жорға атқа 
мінген Тоғжан екен. Көктемнен соң көргені – осы.
Судыраған қара жібек биқасаптан әдемі жеңіл шапан киген. Басында – 
жап-жаңа қара кәмшат бөрік. Мойнында – әсемдеп, кең ораған құбылма 
түсті торғын шәлі. Құлағында үлкен алтын сырға сы ырғалып келе жатқан 
Тоғжан, мынау ат үстінде, мынадай топ қыздың тап ортасында, дәл көп 
жұлдыз арасындағы Шолпандай...
Абай үнсіз мүлгіп, зарлы жоқтауды бар жанымен тыңдап тұрып, өзін 
өзі де, бар дүниені де ұмытып кетіпті.
Бір сәтте қасында тұрған біреу түртіп қап, «Жүрейік» дегендей болды. 
Абай жаңа оянғандай, алаң етіп жалт қарады. Тәкежан екен. Ол Абайдың 
түсін көрді де, тыжырынып кекете күліп:
– Өй, неменеге сораңды ағызып тұрсың? – деп, тіпті, зекігендей.
Абай қабағын қатты түйіп, селт етіп, бетін сипады. Жыладым деп ой-
лаған жоқ-ты. Көзінен үнсіз ауыр, ыстық тамшылар ағып кеткенін байқа-
маған екен.
Үлкен көш өтіп кетіпті. Артқы көштермен екі арасында ұзақтау алаң 
пайда болған екен. Тәкежанмен бірге барлық топ қозғала берді...
Бөжей ауылдары Жәнібекке көшіп келгенін Абайдан естісімен, сол күні 
түнде Зере мен Ұлжан Байқошқардағы Құнанбайға кісі шаптырды.
– Дәл қасымызға келіп, қонып отыр. Енді аялдасақ, ағайынның бетін 
қайтіп көреміз? Бата оқырын қалай жасасын дейді? ...Соны тез шешіп, 
жөн айтсын! – депті.
Құнанбайдың өзінің күткені де осы кез сияқты екен. Ол дәл осы түннің 
өзінде қасына Күнкені алып, тағы он шақты қарт-қария, жігіт-желең 
алып, Бақанасқа келді. Сонымен, Бақа настағы барлық жиырма шақты 
ауыл ерте қамданып, саба жиып, сойыс әзірледі. 
...Қалың топ – бата оқыршы шаңқай түс кезінде сансыз көп салт атты 
боп, күнбатыстағы Жәнібекке қарай тартты. ...Араларында Абай, Тәкежан 
сияқты жастар, Оспан сияқты балалардан да бір топ бар...
Құнанбай қасындағы көп қошеметшінің ішінде Ырғызбайдан – Майба-
сар, Жақып, Ызғұтты сияқты туысқандары... 
Аттылардың қалың тобы осындай лек-лек боп, Құнанбай шоғырын ал-
дына салып келе жатқан. Бір сәтте осы жұрт екі қоныстың арасындағы сар 


152
жазықты айқай-шуға батырып, оң жақтағы биік қара адырды бөктерлеп 
Жәнібекке қарай ат қойды.
Бұл елдің ежелгі ырымы бойынша, өлімге бата оқи барудың ең үлкен 
шарты осылай алыстан айқайлап: «Ойбай, бауырым!» деп, жылай шабу 
болатын.
Сол шабысты ең әуелі үлкендер бастамақ керек.
– Ойбай, бауыре-е-ем!..
– Құт, берекем! – деп, Абай қасындағы кекселеу кісілер шырқап жы-
лап, үн салып келеді...
Абай орта тұста келе жатып, ақ үйдің сыртында оқшауырақ жерде, 
ұзын-ұзын ақ таяқтарға төстері мен қос қолдарын тіреп, бүгіліп тұрған 
отыз шамалы еркекті көрді. Бата оқыршыларды тосып, жылап тұрған 
жанкүйер жақындар... 
Тыстағы еркектермен бір-бір құшақтасып, көрісіп болған үлкендерді 
сол арада қолма-қол ақ үйге қарай айқайлатып, жылатып әкетіп жатыр. 
Жылаудың үлкені сол үйдің ішінде...Көп еркектің арасына Абай да кірді.
Үлкен күмбез ақ үйдің іші, оң жақ босағадан дәл төрдің ортасына дейін 
қатар тізіліп, мықындарын қос қолдарымен таянып, аңырап жылап отыр-
ған қатындарға толы екен.
Тап орта тұста басына қара желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңы-
рап отыр. Көзінен шын жас, зар жасы бірсін-бірсін ағып жатыр. Одан жо-
ғары, төрт-бес қыз дауыс айтып отыр. Үйдің іші бұл кезде тұтас аңырап 
зарлаған мол жылау еді.
Отырған әйелдердің алдына жылап келген еркектер тізе бүгіп, отыра 
кетіп, құшақтасып, көрісіп жылайды.
...Құдайберді тура Бөжейдің өз бәйбішесіне қарай жылап барды. Сол 
кісі алдыңғы көрісушіден босаған соң, құшақтап аңырап:
– Ағаекем, бауырым! – деп, бас салды.
Абай да сол жерден бастап көрісіп, жоғары отырған қыздар жаққа қа-
рай ауысты.
...Еркектер бұл кезде ақырын жыласып отыр да, әйелдің де көбі басы-
лып қалды. Тек Бөжейдің қатыны мен бес қыз ғана зарлап отыр...
«Әкекем... жеткізбей кеттің... арманда кеттің... зармен кеттің, жетім 
бейбақ біз болдық... пана кім?.. Неге аңыраттың?» деген сияқты жерлерге 
келгенде, барлық үйдің іші қайта егіліп, тыйыла алмай, тұншыға жыла-
сады. Абайға да шын жылаудың ең ауыр кезі осы болды. Ол көз жасын, 
тіпті, ірке алмай қойды... 


153
Осымен біраз барды да, екі қыз әкелерінің өміріне, өміріндегі ерлік, 
жақсылық істеріне түсіп кеп, бір сәтте дауыстың мәнін аса бір тосын жай-
ға салды.
Бөжейдің өзін қойып, тұстастарын айтып келіп, әркімді атай отырып, 
үйдің іші тегіс жым-жырт тына қалған уақытта, бір кезде Құнанбай атын 
сап еткізді. Төрде төмен қарап, тымағын көзіне киіп, тұнжырап отырған 
Құнанбайды мынау екі қыздың қатал даусы басқа соққандай болды.
Бірақ бұл – дауыс. Намаз сияқты бұзылмайтын жол-жора. Айтар сөз, 
тыяр тыйым, істер шара жоқ.
Екі қыз сөздерін барған сайын қатайтып, қадалып кеп:
Жау боп шықты Ырғызбай
Айыпқа бердің бір қызды-ай, –
деп бір кетіп және бір сәтте:
Оның аты – Құнанбай,
Жүйріктігі құландай.
Шұбарлығы жыландай... –
деп жарып өтті. Жалғыз көзге дәлдеп тұрып, қамшы ұрғандай қатал 
жаза...
Сөйткенше төрде отырған біреудің қатты тамсанған үнін есітті. Қараса, 
Сара апаң екен. Ол ашулы түспен түйіліп, қара шапанды басына жамыла 
беріп, жүрелей отырып ап, айқайлай жөнелді.
Сөзінің басы Бөжейді мақтау мен сол жақсыны жоқтау еді. Соның ая-
ғын шұбыртып кеп:
Мына да қарлар не дейді?
Жақсыдан жаман көбейді.
Ескінің асыл көзі еді,
Ұрлап та көмдің Бөжейді, –
деп, қатты айқайлап, қалт тоқтады.
Екі жақ та: «Айтамыз, жеткіземіз» деген орайлы сөздерін осы әйел-
дердің ауыздарымен айтысты. Осыдан әрі қайталаған да, өршіген де сөз 
болған жоқ... 
Құнанбайдың Бөжейге жасаған бата оқырының түрі осы боп еді.


154
Әйелдерді осы үйге қалдырып, еркектерді бөлек оңаша үйге апарып, 
қаралы ауыл қонақ етті... 
Бата оқыршылар сол кеште үнсіз, қоңыр тартып, жайлау-жайлауына 
қайтысты. Құнанбай... бір қарызынан құтылғанына «Уһ» дегендей боп, 
бәйбішесіне айтқан жалғыз сөзі:
– Күтсең, Сара апаңды күтсеңдерші! – деген байлау еді. 
* * * 
Осы көктемде Абай көңілі бар дүниенің дырдуынан, бар адамның реніш, 
қуанышынан оқшау кеткен, оңашаланып кеткен бір өзгеше құпия сырдың 
соңында еді... Ойда барын жеткізе алмай, кеудеде тыныс біткендей құста 
болған шағында, Абай қатты сенделіп, қиналып кетіп:
– Япырмау, қайтем енді? Хат шорқақ, тіл мақау! – дейтін. Көңіл сез-
генін, тым құрыса, өзгенің көзін иландырардай қып айта алмағанына кү-
йеді.
Сол айтылған, жазылған жырлар әлі күнге Абайдың өзінде, өз бойында. 
Аталған, арналған жеріне бір де бірі жеткен жоқ... Үміт бар ма? О да жоқ! 
...Тек жалғыз қиял медеуі құлаққа кеп ап-айқын соғып, бір жақындап, бір 
алыстап кететін шолпы сылдыры... 
Күн жылынып, қар кетуге айналып, мейірімді анадай жарқыраған жақ-
сы күн келгенде, Абай тақат қыла алмай, атын ерттеп міне сап, бет қара-
ған жаққа таман жортып кететін. Болымсыз сылтауы – сары тазы... 
Бір күні... тірлік пен қиял арасындай, бір түс толқынының құшағында 
жапа-жалғыз тұрғанда, қасына бір салт атты желіп келді.
Жапан түзде оқшау келген жолаушы Абайды селт еткізіп, оятқандай 
болды...
Бұл былтырғы Тоғжан аулынан қайтарда Абай танысқан Ербол екен... 
Ерболдың қолы бос, жай ауыл қыдырып жүр екен. Абайға мейлінше 
көңілденіп ерді. Осы кездескеннен бастап, Абай Ерболды бес күндей жі-
бермей, өз аулында қонақ етті... Сол күндер ішінде Абай өз өлеңдерін де 
айтты. Ербол ендігі сырласы боп алды. Өмірінде алғаш рет осы жігітке 
Абай өз жүрегінің сырын ашты. «Тоғжанға білдір» деп ашты.
Ербол осыдан соң барлық Абай айтқан өлеңдерді жаттап ап, жас жігіттің 
жан сәлемін Тоғжанға жеткізбек боп жүріп кетті.
Арада айдай созылған үш күн өткенде, Ербол Жидебайға қайта кеп, 
Абайды ертіп алып, Шыңғысқа, Түйеөркешке қарай тартты.


155
Абайдың жалғыз арманы бір ғана оңашада жүз көрісіп, сөйлесу бола-
тын. Сол арманын Ербол апарып, әуелі Тоғжанның жеңгесіне, Асылбектің 
келіншегіне айтыпты. Сәлемге айтқан өлеңдерін айтып беріпті. Ол жеңге 
Тоғжанмен барынша сырлас, тату болатын...
Әйтеуір, сол жеңге мен Ербол екеулеп отырып, Тоғжанға Абайдың бар 
өлеңін естіртіпті де, ақырында, бір жол жүз көрісуге көндіріпті.
Тақат, сабырдан айырылған Абай Түйеөркешке қалай жеткенін аңғар-
ған да жоқ. Ымырт жабыла бере, екі жігіт тау ішінде Ербол аулына келді...
Түн келіп, уәделі уақыт өткен соң, Ербол мен Абай жаяулап қана арғы 
жағаға өтті... Мал қораның есігін Ербол ептеп ашты да, Абайды түйе қора-
ның ішіне енгізіп, өзі қараңғыны сипалап жүріп кетті...
Аз уақытта Ербол қайта кеп, мұның қолын алып, сыбырлап:
– Құдай берді! Асылбек бүгін үйде жоқ екен! Қазір соның отауына кі-
реміз! – деді.
Абай ақырын сәлем беріп, жасаулы отауға кіргенде, аққұба жеңге төсек 
жанында тұр екен де, Тоғжан жерде көрпе үстінде отыр екен... 
Тоғжан алғашқы минуттарда қатты қысылып, өте ақырын амандасып, 
өзгеше қызарды. ...Ербол жастар қысылмасын дегендей болып:
– Ал мен арғы жағаға қайтып, атты әзірлеп тұрамын! – деді.
Абай үндемей, басын изеп, рұқсат етті. Жеңге де шай әзірлемек боп, 
тысқа шықты. Сол кеткеннен қайтқан жоқ.
Абай оңаша қалғанда, әуелде қатты қысылды. Бірақ байқап қараса, 
Тоғжан, тіпті, ұялшақ. Тіпті, нәзік, жазықсыз бала тәрізді. Өзі де басында 
не дерін білмей, сөз таба алмай, аса қиналған... Аз уақыт Тоғжанға иіле 
қарап отырып:
– Тоғжан, менің сәлемдерімді есіттіңіз бе? Бар сөзім сізге арналған, 
сізді сағынудан туған сөз еді, ілтипат қып еледіңіз бе? – деді.
Тоғжан ішінен «Ілтипат қылмасам, мұным не?» дегендей. Бірақ ақы-
рын жымиып күлді де:
– Есіттім, Абай! Өлеңіңіз жақсы екен! – деді.
– Мен ақын емес ем! Жалғыз-ақ сіз мені былтыр бір көргеннен-ақ, қат-
ты толқынға салдыңыз. Содан бері бір уақыт ұмытқан емеспін...
Осы кеш екі жасты бір-біріне соншалық сүйікті, ынтық етті. Екеуі тек 
жүз көрісуден, сөйлесуден басқа ешбір бөтен тілек ойламастай... Шын са-
ғынышты, ынтық жандар боп ұғысты.
Таң жақындаған кезде ғана жеңге қайта оралды... 
– Ойпырмай, қалқам Абай-ай, қиын болмаса, игі еді! Су түсіп кетіпті! 
Қарауыл суы түсіп кетіпті! Атың қайда еді? – деді.


156
Жеңгенің үркіп келген хабары мынау күйдің үстінде Абайды шошыта 
алған жоқ. Бірақ Тоғжан қысылып, қиналып кетті.
– Не дейді? Судан қалай өтесіз, Абай, атыңыз қайда? Бұл жақта қайтіп 
қаласыз? – деп, сүйген досының басына түскен қиыншылықты жас қыз 
соншалық тіксініп қарсы алды.
Абай енді аңғарды. Аты ар жақта, өзі жалғыз. Қарауыл суы тентек. Бұл 
ауылда қалуы, тіпті, мүмкін емес. Енді бөгелсе, қолға түседі... 
Осы жайды аңғарып, әсіресе, мынадай жақсы қабыл алған жас әйелдерді 
қауіпке ұшыратпайын деп, Абай тез киініп, қоштасты да, шыға берді...
– Қорықпа, Тоғжан! Бірдеңе қып өтермін! Ал өзің ендігі бар хабарды 
Ерболдан тос! – деді.Тоғжан Абайдың омырауына ақ саусақтарын салып, 
жабығыңқырап тұрып:
– Қош, ұмытпа! – деді...
Абай ойы жаңағы өзімен қоштасқан ғазиз жандармен бірге болды... Ал-
дынан қатты гүрілдеп соққан өзгеше тасқын естіліп жатса да, оны елеме-
ген.
Енді, міне, сол тасқынның қасына келді. Тау өзені бұзылып, тентек 
құла су шарасынан шығыпты... Жағада біраз тұрып, халді аңғарды. Жаяу 
өтем деуге болатын емес. Байқаса, таң қылаңдап атып қапты... 
Сирек талдың арасына шала жасырынып, далдалап тұрып, Ербол қыс-
тауы жаққа көз тастады. Байқаса, біреу арғы жағадан ербеңдеп, асығып 
келеді екен... Абай дауыстап:
– Ербол! Е-ей, Ербол! – деп, үн қатты.
Келе жатқан Ербол екен...
Аздан соң Ербол өз үйінің бір дәу қызыл өгізін мініп келді. Абай оның 
ат әкелмегеніне таңғалды. Ербол келді де, өгізді қамшылап кеп, суға түсті. 
Өгіз мұзды суға басқысы келмей, көп тыртысып еді, Ербол ырыққа көн-
беді. 
...Жағаға жақындай бергенде, Ербол өгіздің бас жібін лақтырды. Абай 
жабыса түсіп, тарта берді де, Ербол қамшылап отырып, жиекке шықты. 
Жанын ортаға салып, қатерге басып, Абайға шын достық көрсетіп шықты. 
Екі етігін қонышына шейін су басып кеткен екен. Абай Ерболды құшақтай 
алып:
– Өй, ат қайда? Өгізің не? Атпен неге келмедің? – деп еді.
– Ат болғанда, сенің атыңды әкелмедім. Анау ауыл қазір тұрады. Біз 
өткенше, көріп қойса, қаптап кетеді. Ал өзіміздікі әлсіз байтал... – деді...
– Шіркін, Ербол! Неткен жақсы едің. Дос жақсысы сен екенсің ғой... 
Естен кетпес іс еттің-ау! – деді...


157
Ерболмен соншалық ырзалықпен, шын досша қоштасты да, өзенді құл-
дап, желіп жүріп кетті.
* * *
Құнанбай келген уақытта елдің алды қыстаудан киіз үйге шығып қал-
ған... 
Құнанбай өз басының жалғыздығын осы жолы қатты аңға рыпты... 
Енді... балаларының қызығын көрмек.
Бұған Зере бастаған бар шеше қуаныш айтқаннан басқа, түк қарсылық 
білдірген жоқ. Қызық көру дегеннің белгісі не, арты не? Ол – ержеткен 
балаларды үйлендіру, содан әрі немере сүю. Толып жатқан шексіз бақыт 
сияқты елестейді.
Әңгіме арасында Құнанбай: «Осы жолы Құдайдан соңғы қуатым құда-
ларым болды. Адал достықты, шын бейілді солардан көрдім» деген. Атап 
айтқандары: Алшынбай, Тінібек. Онан соң Тобықты ішінде, тергеуге кетіп 
бара жатқан жолында, Тасболат руының ішінде Байтас басынан қатты ті-
леулестік көріпті.
Бұрын үй ішіне мәлім емес еді. Өзі сол сапарда жалғыз байлаған бай-
лауын білдірді. Байтастың жас қызы бар екен. Соны Оспанға айттырмақ 
бопты. Сөйтіп, тентек Оспанға Байтастың Еркежан деген қызы қалыңдық 
боп аталыпты. Үй іші, әсіресе, шешелер күліп, мәз боп, Оспанның аяғына 
тұсау түскенін өзіне естірту, түсіндіру жайын ойлап күліскен-ді.
Осы байлаумен қатар Құнанбай енді Ұлжанның басқа екі баласы ту-
ралы да жаңалық айтты. Оның біреуі – Тәкежан туралы. Былтыр ұрын 
барып келген Тәкежан енді осы жақында үйленбек... Екінші, әсіресе, осы 
отырған барлық үй ішіне, шынымен, үлкен қам болатын нәрсе – Абайды 
қайындату.
Құнанбай осы жолы Алшынбаймен уәделесіп келіпті. Осы көктемге бай-
ласыпты...
Үлкендердің осындай кеңестерінде бала атаулыдан жалғыз Құдайберді 
ғана бар-ды. Өзге балалар кейін есітті.
...Абай өзіне арналған хабарды үнсіз ғана аңырып тұрып тыңдады... 
Сол сәтте Тоғжан есіне түсіп, оның алдында қылмыс жасағалы тұрғандай 
сезініп еді. Абайға жаңа хабарды айтқан шешесі болатын. Ұлжан баласы-
ның мына пішінін жақтырмады. Бірақ ішінен:
– Ұялғаны шығар, – деп байлаған.


158
Абай бірнеше күн қатты толғанып, жапа-жалғыз ойланып жүрді. Қа-
лыңдық деген мұнда бар. Сол сияқты айттырған күйеу Тоғжанда да бар. 
Қайындамай, үйленбей қалу мүмкін емес. Ата мен ананың әмірінде... Бар 
жүрек, бар қиялы Тоғжанмен туысып тұрса да, мынау тұсауға көнбеске 
шара жоқ. Осындай іші бір жақта, сырты бір күйде болған, аса бір қиын, 
енжар күйде Абай қайнына аттанды.
Назар аудар!



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет