Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті


БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ – ӨМІР ТАЛАБЫ



Pdf көрінісі
бет58/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76
БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМ САБАҚТАСТЫҒЫ – ӨМІР ТАЛАБЫ
Н.Назарбаев Университетінің базасында алғашқы технопарк 2014 жылы 
ашылды. Бұл – инженерлік биохимиялық және телекоммуникациялық са-
лаларға басымдылығы көп ғимарат. Оның мақсаты – ғылым мен өндірістің, 
білімнің байланысын арттыру. 


215
СҰЛТАНӘЛІ БАЛҒАБАЕВ 
(1946 жылы туған)
Сұлтанәлі Балғабаев 1946 жылы 21 мамырда 
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Мұстафа Шо-
қай ауылында дүниеге келді. Ол – көрнекті жа-
зушы, драматург. 
Алғашында өлең жазған. Оның тұңғыш өлең-
дері «Көктем тынысы» атты ұжымдық жинақта 
жарық көрген, кейін жеке жыр кітабы «Тұң-
ғыш» деген атпен жарияланды. Сосын ол жур-
налистика саласында қызмет етті. Спортшы-
лардың өмірін арқау еткен деректі повесть пен 
әңгімелері «Жұлдызың жансын» деген атаумен 
жарық көрді. Бұдан кейін оның «Алтын сағым» (1979), «Құм мен қызғал-
дақ» (1982), «Шөл» (1984), «Дала мен дария» (1988) атты прозалық жи-
нақтары оқырмандарға жол тартты. Орыс тілінде «Красная гармонь» кіта-
бы да белгілі. Сондай-ақ шығармалары украин, өзбек, қарақалпақ, түрік 
тілдеріне аударылған. 
Драматург ретінде Сұлтанәлі Балғабаевтың алғашқы пьесасы «Қыз 
жиырмаға толғанда» деп аталды. Сахнаға арналған тырнақалды еңбегі кө-
рерменнің де, режиссердің де көңілінен шықты. Осыдан кейін «Қазақша 
күрес», «Ең әдемі келіншек», «Біз де ғашық болғанбыз», «Сағыныш пен 
елес», «Өтірік айтпайтын адам», «Мико, Жымбала және қасқыр», «Менің 
әжем сиқыршы», «Тойдан қайтқан қазақтар», т.б. пьесалары жазылды 
және сахналанды. Драмалық шығармалары 2006 жылы «Ең әдемі келін-
шек», ал 2008 жылы «Біз де ғашық болғанбыз» деген атаумен жарық 
көрді. 
Жазушының талғампаздығы сол – ол өзінің пьесаларын нақты бір ак-
тердің шеберлігін ескеріп жазуы көңіл аудартады. «Тойдан қайтқан қа-
зақтар» пьесасы Қазақстанның халық артисі Жұмабай Медетбаевқа, ал 
«Ғашықсыз ғасыр» КСРО халық артисі Фарида Шәріповаға арналып жа-
зылған. 


216


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет