227
САУДАГЕР ӘЙЕЛ. Не айтатыны белгілі емес пе...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә...
ҚОШҚАРБАЙ. Мәке!.. Мәке, өте жақсы!.. Керемет айттыңыз!
(әндетіп).
Жасасын біздің қазақтар!
Асыл ағайлар жасасын!..
Жолсерік келіншек шығады.
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Бұл не шу? Жұрт ұйықтап жатқанда, неге
шулайсыңдар?
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. О, келдіңіз бе? Біз сіздерге қонақ болып... апыр-
май, өзіңіз бір әдемі бала екенсіз!..
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә-иә, сондай... Үріп ауызға салғандай...
ҚОШҚАРБАЙ
(әндетіп)
.
Жасасын сұлу әйелдер!
Әсем әйелдер жасасын!
Жасасын жақсы әйелдер!
Қыз-келіншектер жасасын!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Бұл – пойыз! Үкіметтің пойызы! Қане, табан-
дарыңды жалтыратыңдар!.. Шагом марш!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Қарындас!.. Азаматша проводник, сіз байқап сөй-
леңіз!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә-иә, сөйтіңіз! Беті жылтырап, әдемі сияқтанған-
мен, тілі жаман ғой мынаның!
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Мен сіздерге кетіңіздер деп тұрмын!.. Өз ва-
гондарыңызға барыңыздар!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Кешіріңіз!.. Кешіріңіз, қарындас!.. Егер вагоны-
мыз осы болса, сонда қайда кетуіміз керек!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Иә-иә. Осы вагон... мынау – купе.
Достарыңызбен бөлісу: