Р. Әлмұханова, Е. Раушанов, Е. Омарханов Қазақ Әдебиеті



Pdf көрінісі
бет65/76
Дата15.11.2023
өлшемі7,03 Mb.
#122809
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76
Байланысты:
Kazak adabietijar

(бірдеңе түсінгендей).
Тоқтаңыз!!! Тоқтай тұ-
рыңыз!.. Депутат болғанда... бұл сонда... 
(Мэлис Әлібаевичке).
Кешіріңіз, 
сіздің документтеріңізді көруге бола ма?
Мэлис Әлібаевич қалтасынан куәлігін суырып беріп, сөзін қайта жал-
ғайды.
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Бұлар сендердің қандарыңды сорып... Қандарың-
ды сорып... Ал сендер болсаңдар... Ай, халқым-ай!.. Қайран, менің хал-
қым-ай!.. Сендер үшін қабырғам қайысты-ау менің!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ 
(куәлікке шұқшия қарап, сосын шошып 
кетіп). 
А-а!. Апырмау, ұят болған екен... Масқара болған екенбіз...
 (Жол-
серік келіншекке). 
Ай, бұл не? Не сұмдық мынау? Сен өзі қандай адам-
сың? Көзіңді неге ашып қарамайсың? Сенімен енді сөз басқаша болады... 
(Қайтадан Мэлис Әлібаевичке қарап) 
Мәке, Мэлис Әлібаевич! Біз сізді 
білеміз... Сыртыңыздан өте жақсы білеміз... Біз байқамай, қателесіп... Қа-
не-қане, кіріңізші!... Бәріңіз де кіріңіздер!...
Бәрін купеге кіргізіп жібереді. Сыртта Пойыздың бастығы мен Жол-
серік келіншек қалады. 


230
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ 
(әлгіндегідей емес, мүлдем басқа үнмен).
Ай-
налайын-ау!.. Қарағым-ау!.. Бұл кісі деген... бүкіл Алматы білетін... Қа-
зақстан білетін, үлкен, жауапты қызметтегі кісі емес пе? Ойбай-ау... бай-
қамайсың ба?! 
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Байқағанда... өзіңіз де көріп тұрсыз ғой...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Енді...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ 
(купеден басын шығарып).
Сіз, жолдас Пойыздың 
бастығы, бұл үшін дұрыстап жауап бересіз әлі!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жақсы-жақсы, Мэлис Әлібаевич!.. 
(Жолсерік 
келіншекке)
Әлгі...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ 
(купеден басын шығарып).
Мыналар неғып сыбыр-
ласып кетті!.. Мэлис Әлібаевич дейім, құдайақы, осылар бір пәле ойласты-
рып жатыр!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Бұл қарындасымыз біздің теміржолдағы ең 
үздік... ең әдемі прәбәдник!
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ 
(тамсанып). 
Шынында да, солай екен!.. Ғажап!..
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК 
(майысып). 
Кешіріңіз... Кешіріңіз, Мэлис Әлі-
баевич ағай... біз байқамай... Ат-шапан айыбымызды төлеуге әрқашан да 
дайынбыз...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ 
(Мэлис Әлібаевичтің құлағына сыбырлап).
Сен-
беңіз... Бір сөзіне де сенбеңіз... Өтірік айтады, залым!..
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Тоқтай тұрыңызшы!.. 
(Жолсерік келіншекке). 
Ат-шапан айып төлеймін дейсіз бе? Өте жақсы... Мен әрқашан дайынмын! 
Жайнаңдаған көзіңнен сол!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Мэлис Әлібаевич, жаңа айттым ғой, біз сізді 
сыртыңыздан өте жақсы білеміз...
ҚОШҚАРБАЙ. Жалғыз сіз емес, бүкіл Қазақстан біледі. 
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Иә-иә, бүкіл Қазақстан... Сіз деген бүкіл ха-
лықтың... бүкіл қазақтың ең айтулы... ең белгілі...
ҚОШҚАРБАЙ. Ау, ең ұлы десейші... Ең ұлы!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Иә-иә, ең ұлы азаматтарының бірісіз...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Дұрыс айтасыз... Баяғының хандары... батырлары 
тап осы Мэлис Әлібаевичтай-ақ болған шығар!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Әрине, әрине 
(Асай Мүсеевичке қарап, бірақ 
танымайтынын жасыруға тырысып) 
Ал сізді де... сізді де сыртыңыздан, 
былай...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Бұл кісі – Асай Мүсеевич!.. Қазақтың ең үлкен 
ғалымдарының бірі...


231
ҚОШҚАРБАЙ. Сұмдық!.. Ұлы ғалым... Бұл кісінің ашқан жаңалықта-
ры!.. Әсіресе, біздің батыр бабамыздың бес жасында шешен, он жасында 
қол бастаған көсем болған дейтін жаңалығы сұмдық!.. Ұлы ғалым!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Міне, осындай кісілермен... өстіп... жол 
үстінде кездесеміз деген мүлдем күтпеген жағдай...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Өмір деген сол – тура пойыз сияқты...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Дұрыс айтасыз... Бірақ оны жұрттың бәрі 
біле бермейді... Тек сіздер сияқты... Мэлис Әлібаевич, өзіңіз сияқты терең 
ойлы басшылар!.. Жасыратыны жоқ, Мэлис Әлібаевич министр болады де-
ген сөз бізге де жетіп жатады...
ҚОШҚАРБАЙ. Әй, министрің не айтып тұрған?! Одан да үлкен... одан 
да жоғары...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Жақсы... жақсы, одан да жоғары!.. Біз сон-
дай қуаныштымыз сіз үшін, Мэлис Әлібаевич!..
ҚОШҚАРБАЙ 
(әндете бастайды).
Жасасын біздің қазақтар!
Ұлы қазақтар жасасын!
Дана қазақтар жасасын!
Барлық қазақтар жасасын!..
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Мәке, Мэлис Әлібаевич, ал енді тынығам, де-
малам десеңіздер... түннің де біраз уағы болып қалды...
МЭЛИС ӘЛІБАЕВИЧ. Иә-иә, дұрыс... Сөйткеніміз дұрыс!.. 
(Жолсерік 
келіншекке) 
Жайнаңдаған көзіңнен сол! Ат-шапан айып төлеймін деген 
сөзіңнен сол! 
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Мэлис аға, жақсы!.. Жақсы жатып, жайлы 
тұрыңыз! Айыбымызды төлейміз сосын!..
Мэлис Әлібаевич бастаған топ купеге кіріп кетеді. 
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. ...Бостан-босқа шу шығарып...
ЖОЛСЕРІК КЕЛІНШЕК. Қайдан білейін... Аяқ астынан... Күтпеген 
жерден! 
(Есіне бірдеңе түскендей)
Айтпақшы, бұл купедегі бір кісіні бас-
қа жерге ауыстыру керек екен ғой... 
(купенің есігінен сығалап) 
Ақсақал, 
сіз мында шығып кетіңізші. 
(Билетсіз жолаушы шығады).
Сіз қазір басқа 
орынға ауысасыз...
ПОЙЫЗДЫҢ БАСТЫҒЫ. Иә-иә, сізге қазір басқа орын тауып береді. 
Пойыздың бастығы мен Жолсерік келіншек кетеді. 
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Ой, Алла-ай! Біреу депутатпын деп, билетіңді 
тартып әкетеді. Біреу әкіммін деп, жатқан орныңнан қуып шығады. Қайтіп 
күн көруге болады-ей?


232
Купеден Асай Мүсеевичтің басы қылтияды. 
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ 
(өзіне).
Айттым ғой... айттым, бұлардың түрі жа-
ман!.. Мафия!.. Қарашы, әлгі екеуі сайрап сөйлеп тұрды да, бірден тілсіз 
қалды... Өлді ғой деймін... 
(Билетсіз жолаушыға қарап). 
Әне, есіктің ал-
дына күзетші қойып қойыпты! Енді қайттім?.. Әлде айқайласам ба екен?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ 
(өзіне). 
Сөйте тұра, демократия дейді... Қайда-
ғы демократия?! 
(Асай Мүсеевичке қарап). 
Айтыңызшы, солай емес пе?
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. А-а, сіз сонда әлгі мафияның мүшесі емессіз бе?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Ха-ха! Мафия болсам, тұрам ба өстіп...
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. А, солай ма? Онда бар ғой, біз бұл мафияны түп-
тамырымен жоюымыз керек! Білесіз ғой, қазір сыбайлас жемқорлыққа 
қарсы заң шыққан!..
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Шығуын шықты ғой.. бірақ ол заңды орында-
лады деп, сізге кім айтып жүр?
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. А?! Неге орындалмайды?! Мен... мен ертең Алматы-
ға барысымен баяндамада бұл туралы айтып... сөйтіп... Жо-жоқ, ең дұры-
сы, бірден полицияға... тура сіздің көзіңізше... сізді куә ғып тұрып, бәрін 
полицияға тапсырамын... Көреміз сонда заңның қалай орындалмайтынын!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Рақмет сенім білдіргеніңізге!.. Бірақ мен Ал-
матыға бара алмаймын ғой!!! Менің ауылым басқа жақта!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Не?
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Менің ауылым Алматы жақта емес, менің 
ауылым Мәскеу жақта! Мен сол ауылыма бара жатқан адаммын!
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ 
(сәл ойланып).
Ақсақал, сіз осы не айтып тұрсыз? 
Алматыға бармасаңыз, бұл пойызға неге мінесіз?!
БИЛЕТСІЗ ЖОЛАУШЫ. Ойбай-ау, неге мінбейім?! Мысалы, міне, өзіңіз 
қараңызшы, Алматы деген мына жақта! 
(көрсетеді).
Ал менің ауылым
міне, мына жақта! 
(көрсетеді).
Ал сонда мен бұл пойызға мінбегенде, қай 
пойызға мінуім керек?! Сенбесеңіз, әне, терезеге қараңызшы!..
Асай Мүсеевич сенбегендей, Билетсіз жолаушыға қарайды. 
Сосын терезеге қарайды. Сосын біреу өлтірейін деп жатқандай, жан 
дауысы шыға айқайллап жібереді.
АСАЙ МҮСЕЕВИЧ. Ойбай, біз басқа пойызға мініп кетіппіз... Масқара 
болып басқа пойызға мініп кетіппіз... Тоқтатыңдар... Тоқтатыңдар дейім 
пойызды! 
(Жын қаққан адамдай жан-жаққа жүгіре береді).
(Бірінші бөлімнің соңы. Жалғасы бар)


233
Әдебиет теориясы 
Комедия
(
лат. comoedia – сауық-сайран, әуезді әуен
) – өмір құбы-
лыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету 
мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарма. Коме-
дия іштей юморлық, лирикалық, музыкалық, т.б. түрлерге жіктеледі. 
Артық болмас білгенің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет